Bbp 1301 Бастауыш білім беру педагогикасы пәні бойынша



Дата02.01.2022
өлшемі23.06 Kb.
#453632
Нурбаева Айганым


BBP 1301 Бастауыш білім беру педагогикасы пәні бойынша

1 екрс 3 жыл Нурбаева Айғанымның 2 аралық тапсырмасы
Тапсырма:1. Білім беру педагогика пәні және жалпы мәселелері (қысқаша баяндама жазу).
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. 

Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды.

Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.

Педагогика пәні, салалары 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:


  • жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),

  • сәбилер мен мектепалды педагогикасы,

  • мектеп педагогикасы,

  • сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),

  • жеке пән әдістері,

  • Педагогика тарихы.

Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:

  • мектептану,

  • отбасы тәрбиесінің педагогикасы,

  • басқару педагогикасы,

  • ішкі істер педагогикасы.

Дербес педагогикалық пән ретінде:

  • әскери педагогика,

  • жоғары мектеп педагогикасы,

  • кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.

Мақсаты.

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырад

Педагогикалық такт

Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс.

Вальдорфтік педагогика Вальдорфтік педагогика - антропософия, адам туралы, оның Әлемнің рухани негізімен бірлігі туралы мистикалық оқу негізінде Р. Штейнер әзірлеген (1861-1925) оқудағы және тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық бағыт. Вальдорфтік педагогканың мақсаты - тәрбиелеу арқылы медитацияны, музыканы, эвритмияны (Р. Штейнермен және оның сөйлеу және музыкаға қатысты дене қозғалысы өнерінің ізбасарларымен өнделген) және т.б. балаға өзіндік өмір жолын таңдауға, өзіндік қабілет, қасиеттерін ашуға көмектеседі. Қазіргі кезде элемде 500-ге жуық вальдорфстік мектептер (олар біздің елде де ашылды) және 1000-ға жақын бала бақша бар.

Гуманистік педагогикаГуманистік педагогика - XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының педагогикалық қайта жаңғыртуы сиякты қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі бағыт. Батыстагы ең бір көзге түсер өкілдері - К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т.б. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы - білімге тұлғалық- болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді игеру, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың эмоционапды реңктерте іске асыру.



Белгілі педагогтар (дүниежүзіндегі)

Конфуций (551 д.н.э - 479 д.н.э)

Квинтилиан (35 н.э.- 96 н.э.)

Роттердамдық Эразм (1465 - 1536)

Ян Амос Коменский (1592 - 1670)

Джон Локк (1632 - 1704)

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765)

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827)

Фридрих Фрёбель (1782 - 1852)

Адольф Дистервег (1790 - 1866)

Николай Иванович Пирогов (1810 - 1881)

Герберт Спенсер (1820 - 1903)

Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871)

Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910)

Георг Кершенштейнер (1854 - 1932)

Джон Дьюи (1859 - 1952)

Мария Монтессори (1870-1952)

Станислав Теофилович Шацкий (1878 - 1934)

Януш Корчак (1878-1942)

Павел Петрович Блонский (1884 - 1941)

Антон Семёнович Макаренко (1888 - 1939)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет