Бұдан ары – Келісім Осы Келісімде қолданылатын терминдер мен анықтамалар: Аутентификация – Идентификатордың Клиентке ұсынған заттарын және «Альфа-Мобайл»



Дата16.06.2016
өлшемі171.53 Kb.
АҚ ЕБ «АЛЬФА-БАНК» ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «АЛЬФА-МОБАЙЛ» ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

(бұдан ары – Келісім)
Осы Келісімде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

Аутентификация – Идентификатордың Клиентке ұсынған заттарын және «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінде операциялар орындау кезінде және Клиенттің оған кіру кезінде оң авторизациялауды (тексеруді) растау үрдісі.

Банк – АҚ ЕБ «Альфа-Банк».

Карточканың банктік шоты – АҚ ЕБ «Альфа-Банк» Visa халықаралық төлем карточкасымен қызмет көрсету және беру жөнінде қосылу туралы Келісімнің талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Карточканы қолданумен Клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау жөніндегі Клиент пен Банк арасындағы шартты қатынастардың көріну тәсілі.

Салым (Депозит) – Банктік салым шартында қарастырылған тәртіп пен мөлшерде сыйақыны қайтару және төлеу талаптарымен Банкке берілетен ақшалар.

Шот бойынша көшірме – нақты уақыт ішінде Клиенттің шоты бойынша орындалған операциялар бойынша есеп.

ББ – Банктің бас кеңсесі.

О күні – Клиенттерге қызмет көрсету үшін Банк белгілеген операциялық күн.

А күні ағымдағы жұмыс күні.

ЖКҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Клиенттің жеке басын куәландырушы құжат.

Өтініш«Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қосылуға берілген өтініш.

Айырбастауға берілген өтініш – Банк ішінде қолма-қол ақшасыз аударымдар және айырбастау операцияларын орындаған кезде шет ел валютасын сатып алуға/сатуға/айырбастауға берілген өтінім.

Жою туралы өтініш – «Альфа-Мобайл» Мобильді Банкін пайдалану мүмкіндігін жою туралы өтініш.

Телефон нөмірінің ауысқандығына берілген өтініш Клиенттің ұялы байланыс телефон Нөмірінің ауысқандығына берілген өтініш.

Идентификатор (ID) – «Альфа-Мобайл» Мобильді Банкіне қол жеткізуді қамтамасыз етуші, Клиентті Банктің басқа клиенттерінің арасынан бірегей айқындаушы (идентифициялаушы) сандар және/белгілердің сандық реттілігі.

Идентификация – Банктің Клиентке таққан немесе Клиенттің Мобильді Банктің пайдалану және операцияларды орындау кезінде тағайындаған, Идентификаторлар тізімімен, Клиент ұсынған Идентификаторды Банктің салыстыру үрдісі.

«Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану жөніндегі Клиенттің нұсқаулары - «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану және орнату тәртібін белгілеуші, Клиенттің нұсқаулары мен басшылығы бар, Банктің құжаты.

Клиент – Шоттарды ашу және қызмет көрсету бөліктерінде Банкпен келіскен қарым-қатынастары бар, Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті, жеке тұлға.

Банк бағамыоперация жүргізу кезінде Банк белгілеген, шет ел валютасын сатып алу/сату/айырбастау бағамы.

«Альфа-Мобайл» Мобильді банкі – электронды құрылғының көмегімен дистанциялы тұрғыда ақша аударуды жүзеге асырумен, сондай-ақ Келісімде қарастырылған тәртіппен Шоттар бойынша қаражаттардың қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет алумен байланысты оның мүмкін болатын Аутентификациясы мен Идентификациясының дерегі бойынша Клиентке берілетін, Банктің электронды қызметі.

Клиенттің ұялы байланыс телефон нөмірі – Клиенттің Өтініште көрсеткен, сондай-ақ Банктің деректер базасында тіркелген, ұялы байланыс телефон нөмірі.

Бір реттік пароль – «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіндегі нақты операцияларды растауға және бірегей орындауға мұрсат беретін, тек Клиентке ғана мәлім әріптік-сандық белгілік тәсілдер тізілімі. Бір реттік парольді Банк SMS-хабарлама құрамында Клиенттің ұялы байланыс телефонының Нөміріне жібереді.

Пароль – «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінде Клиенттің Аутентификациясын бір мағынада жүргізуге мұрсат беретін, Клиентке тағылған Логинмен байланысты, тек қана Клиентке мәлім сандық белгілер тізілімі.

Ақша аудару – төлемді немесе басқа мақсаттарды орындаумен байланысты, ақша беру туралы жіберушілердің нұсқауларын Банктің одан ары орындауы.

Төлем карточкасы (Карточка) – осындай Карточка ұстаушыға Банк анықтаған және оның талаптарымен, төлемдер жүргізуге, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және басқа операцияларды орындауға мұрсат беретін ақпаратты қамтитын, электронды терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы.

Лақап атИдентификация үшін Клиент сұраған және қолданған, қосымша Идентификатор. Лақап аттың әріптері де, сандары да болады.

Құпия код (Пароль) – «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін Қолдану кезінде Клиенттің Аутентификациясын бірегей орындауға мұрсат беретін, Клиентке логин (Лақап ат) берумен байланысты, тек қана Клиентке ғана мәлім, сандық белгілер тізілімі.

Шот – Банктік шот шартында/Банктік салым шартында/АҚ ЕБ «Альфа-Банк» Visa халықаралық төлем карточкасын беру және қызмет көрсету үшін қосылу туралы келісім және Қазақстан Ресупбликасының заңнамасында қарастырылған тәртіп пен талаптармен, банктік операциялар орындау үшін Банктің Клиентке ашқан, кез-келген банктік шоттары (жинақ және басқа банктік шоттар).

Тарифтер – көрсетілетін қызметтер бойынша Банк белгілеген комиссиялық сыйақы.

Ағымдағы шот – жеке тұлғаның банктік шоты Шартында және Қазақстан Ресупбликасының заңнамасында қарастырылған, Клиентке банктік қызметтер көрсетумен байланысты, Банктің операцияларды орындаумен және Банк пен Клиент арасындағы шартты қатынастарын көрсету үшін Банктің Клиентке ашқан, жеке тұлғаның банктік шоты.

Байланыстың электронды құралдары – Қазақстан Республикасы байланысының мемлекеттік қалыптарына сәйкес, GSM, CDMA және басқа ұялы байланыс қалыптары бойынша жұмыс істейтін мобильді телефондар, коммуникаторлар, смартфондар және басқа құрылғылар.

БФ – жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші Банк Филиалының бөлімшесі (Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Бөлімі/Операциялық бөлім).
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Келісім Банктің типтік формуляры болып табылады, оның мәтінін тарату осы Келісімнің талаптарымен қосылу шартын жасауға Банктің жария етіп берген ұсынысы (оферт) ретінде жеке тұлғалардың қарауына қажетті ашық арналар бойынша болуы керек.

1.2. Осы Келісімнің талаптарына қосылуды Клиент Банкке жазбаша Өтінім беру арқылы Қазақстан Республикасынң Азаматтық Кодексінің 389 бабына сәйкес орындайды.

1.3. Клиент Осы Келісімнің талаптарына Клиенттің ЖКҚ ұсыну кезінде, өзі жеке қол қойған, Банк белгілеген қалып бойынша, қағаз жүзінде Банктің Клиенттен жеке жазбаша Өтінішін алған күннен бастап қосылады. Клиент ұсынған құжаттар түпнұсқада және оны Банкке берген күні қолданыста болуы керек. Клиенттің сенімді тұлғаларының «Альфа-Мобайл» Мобильді банкті пайдалануына және қосылуына мүмкіндігі жоқ.

1.4. Өтініште Клиент «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіндегі операцияларды растауға Бір реттік парольдерді жеткізу үшін одан ары қолданылатын ұялы байланыс телефон Нөмірін көрсетуге міндетті.

1.5. Осы Келісім Клиенттің Шоттары бойынша операциялар мен аударымдар туралы ақпараттар ұсыну жөніндегі Тараптардың қатынастарын, сондай-ақ осы Келісімде белгіленген талаптармен «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін қолданумен байланысты қызметтік операцияларды реттейді.

1.6. Клиент «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін осы Келісімге сәйкес қолданады.

1.7. Банк Клиенттерге Келісімнің талаптарын таныстыру мақсатында Келісімді Банктің корпоративті сайтында ( www.alfabank.kz ), сондай-ақ оған қоса, төменде көрсетілген бір немесе бірнеше тәсілдермен ақпараттарды жариялау арқылы орындайды:

- Клиенттерге «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы хабарлау;

- Клиенттерге «Альфа-Клик» жүйесі арқылы хабарлау;

- филиалдардың, қосымша кеңселердің және Клиенттерге қызмет көрсетуші Банктің басқа құрылымдық бөлімшелерінде, қабырға тақталарында хабарландырулар ілу;

- Клиент көрсеткен мекен-жайларға/телефон нөмірлеріне пошта жіберілімдері, байланыстың электронды құралдары, SMS-хабарламалар арқылы, не басқа жолмен ақпараттық хабарламаларды жіберу.

1.8. Осы Келісімнің талаптарын Клиент басқаша емес, Келісімде баяндалған талаптармен бүтіндей қабылдай алады.

1.9. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі Клиентке келесі операцияларды жүргізуге мұрсат береді:

1.9.1. Ақпараттық қызмет көрсету:

- Шоттар бойынша ақпараттар алу;

- 3 күнтізбелік ай ішінде Шоттар бойынша орындалған операциялар туралы ақпараттарды қарап шығу;

- салымдар бойынша есептелген және төленген сыйақылар туралы және ресімделген салымдармен байланысты басқа ақпараттарды қарап шығу;

- несиелер бойынша берешектер туралы ақапараттарды, сондай-ақ берілген несиелермен байланысты басқа ақпараттарды қарап шығу;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамы туралы ақпараттар алу;

- АҚ ЕБ «Альфа-Банк» айырбастау орындарының валюта бағамдары туралы ақпараттар алу.

1.9.2. Шоттар бойынша операциялар:

- Банк филиалдарында ашылған Шоттармен операциялар жүргізу;

- Карточканың Банктік шотынан аударымдардан басқа, өзінің Ағымдағы шоттары арасында ақша Аудару;

- ағымдағы шоттан Карточканың Банктік шотына соған ұқсас валютамен толықтыру.

1.9.3. Салымдар бойынша операциялар:

- Салым шартының талаптарына сәйкес, «Альфа-Прогресс» Салымынан Ағымдағы шотқа соған ұқсас валютада салымдарды толықтыру және «Альфа-Прогресс» Салымынан Ағымдағы шотқа соған ұқсас валютада қаражаттарды алу.

1.9.4. Айырбастау/конверсия жөніндегі операциялар:

- өзінің Ағымдағы шоттарының арасында қолма-қол ақшасыз шет ел валютасын сатып алу/сату/айырбастау: АҚШ доллары (USD), евро (EUR) және ресей рубльдері (RUB).

Осы тармақта көрсетілген, операциялардың тізімі жеткілікті емес және «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін дамыту шарасы бойынша толықтырылуы мүмкін.

1.10. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі ұсынған операциялар тізімін толықтыру және өзгерту туралы хабарландыру осы Келісімнің 1.7.т. сәйкес орындалады.

1.11. Клиентті «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінен ажырату «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану мүмкіндігін жою туралы Өтініш негізінде жүзеге асырылады.

1.12. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінен ажырату үшін Клиент Банкке келуі қажет, ЖКҚ көрсеткен кезде, Банк белігілеген үлгі бойынша қағаз парақтағы жою туралы Өтінішке қол қоюы қажет.

1.13. Банк Клиентке «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі қызметінің тоқтауы туралы «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін ай сайын пайдаланғаны үшін төлеуге қажетті Клиенттің Ағымдағы шотында/Карточканың банктік шотында ұлттық валютада ақшасы болмауымен байланысты SMS- хабарлама түрінде хабарлайды.

1.14. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы орындалған банктік операцияларды жоюды (қайта шақыру) Банк Клиенттің ықыласымен, ЖКҚ ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің Банкке тиісті нұсқауын бергеннен кейін жүзеге асырады. Банктік операцияларды жою (қайта шақыру) тек белгілі операциялық күн ішінде орындалады. Егер нұсқама операциялық күн аяталған соң алынған болса, онда мұндай нұсқаманы Банктің келесі операциялық күннің басында алғандығы болып саналады. Бұл орайда жоюға (қайта шақыруға) оны Банк орындағанға дейінгі операция жатады.

2. « АЛЬФА-МОБАЙЛ» МОБИЛЬДІ БАНКІН ҚОЛДАНУ.

2.1. Клиенттердің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қол жеткізуді ұсыну және тіркеу.

2.1.1. Банк «Альфа-Мобайл» Мобильді банк қызметін Банкте ашылған Шоттары бар және техникалық мүмкіндіктері бар өз Клиенттеріне мобильді байланыс құралдары арқылы ұсынады.

2.1.2. Ғаламторға қосудың құпиялығы мен ақпаратты қауіпсіздігі HTTPS жабық деректерін беру хаттамасы үшін SSL Сертификатының болуымен, логиннің және Парольдің болуымен, сондай-ақ Айырбастау мен Аудармаларды растау үшін бір реттік парольдердің болуымен қамтамасыз етіледі.

2.1.3. Банк Клиентті «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне тіркеуді Клиенттен Өтініш алған күні Клиентке Идентификатор беру және тағу арқылы жүзеге асырады және Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қол жеткізуін тіркеу күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірмей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2.1.4. Бағдарламалық қамсыздандыруды орнатуды Клиент өз еркімен тікелей Клиенттің ұялы байланыс телефонына, банк сайтының http://www.mbank.alfabank.kz/. басқы бетінде орналасқан, «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін қолдану жөніндегі Клиенттің Нұсқауларына» сәйкес орындайды. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін қолдану жөніндегі Клиенттің Нұсқауларында» сондай-ақ келесі қызметтерді қолдайтын ұялы телефондардың тізімдері де бар.

Банк келесі телефондарды қолдауды таратады:



  • Symbian операциялық жүйесі базасындағы Samsung және Nokia;

  • Windows Mobile операциялық жүйесі базасындағы Смартфондар мен Коммуникаторлар;

  • IOS базасындағы Apple Iphone және Apple Ipad.

2.1.5. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне Клиенттің қол жеткізуі осы Келісімде бекітілген тәртіппен оның Идентификациясы және Аутентификациясынан кейін орындалады.

2.1.6. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалануды бастау күні ретінде Банктің Клиентке Идентификатор берген күні болып саналады.

2.1.7. Банк Клиент Идентификациясының келесі тәсілдерін орнатады:

2.1.7.1. Мобильді Банкке қосылу кезінде барлық Клиенттерге берілетін, сандық Идентификатор бойынша Идентификация.

2.1.7.2. Клиент қосымша Идентификатор ретінде өз еркімен Лақап ат беруге құқылы, тек беріліп жатқан Лақап атты басқа Клиенттер пайдаланбаған болғанда (Лақап ат берген кезде Банк тексереді).

2.1.7.3. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне бірінші келген кезде Клиент өзінің жеке Паролін құруға және оны одан ары оны «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінде Аутентификациялау кезінде пайдалануға міндетті. Клиент Мобильді банкте Лақап ат пен Парольді шектеуі жоқ сан рет өзгертуге құқылы. Идентификатор мен Парольді үш реттен аса бұрыс енгізуге әркеттенген кезінде Клиенттің Банкке өзі жеке келген кезіне дейін қызмет уақытша өшіріледі.

2.1.8. Сандық Идентификатор немесе қосымша Лақап ат бойынша Мобильді банктегі Клиенттің Идентификациясы мен Аутентификациясы Клиенттің осы Келісімнің 1.9.т. көрсетілген операцияларды орындауына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2.1.9. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінде операцияларды орындаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Идентификаторды, Лақап атты және/немесе Парольді үшінші тұлғаларға (телефон арқылы, электронды поштамен, басқа тәсілдермен) Банк жұмысшыларына қоса хабарлауға тыйым салынады.

2.1.10. Лақап атты және/немесе Парольді таңдап алу әрекеті, егер Клиент күнтізбелік тәулік ішінде бұрыс Лақап атты және/немесе Парольді үш рет енгізген болса, Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қол жеткізуінің тежелуіне алып келуі мүмкін. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қол жеткізуінің тежелуін алып тастау Клиенттің Банкке өзі жеке келу негізі бойынша жүзеге асырылады.

2.1.11. Клиенттің ұялы байланыс телефон Нөмірінің өзгеруі ЖКҚ көрсеткен кезде, Банк белгілеген үлгіде, қағаз парақта ұялы телефон Нөмірінің ауысқандығына берілген Өтініш негізінде, Банк бөлімішесіне Клиент келген кезде ғана орындалады.


2.2. Қол жеткізу арналары

2.2.1. Мобильді банкке қол жеткізу «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі қолдаған, Ғаламтор желісіне қол жеткізе алатын, электронды байланыс құралдарын пайдалану арқылы, қол жеткізу Арналары бойынша орындалады.

2.2.2. Банк қол жеткізу арналарына Клиенттің пайдалануына тұрғылықты немесе уақытша шектеулер енгізуге құқылы, оның ішінде қызмет түрлерінің тізімін шектеуге, оларды тіркеу мен беру Клиентке нақты қол жеткізу арнасы бойынша мүмкін болады.

2.2.3. Банк Клиентке хабарламай, бір немесе бірнеше қол жеткізу Арналары бойынша, осы арналар бойынша Клиенттің атынан санкцияланбаған қол жеткізу әрекеті бар деп санаған Банк негіздемелері болға кезде, Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қол жеткізуін кідіртуге немесе шектеуге құқылы.


2.3. Құпиялылық

2.3.1. Банк Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалануымен байланысты құпия ақпараттарға үшінші тұлғалардың санкцияланбаған қол жеткізуін болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Осы тектес кез-келген ақпарат үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша беріле алады.

2.3.2. Идентификаторлар және/немесе Парольдерді пайдалану қандай-болмасын құпия ақпаратты Клиентке беруін не Банктің сақтауын болжаған жағдайда, Банк Клиентке бергенге дейін, сондай-ақ сақтау кезінде үшінші тұлғалардың қол жеткізуін болдырмауы үшін ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.

2.3.3. Клиенттің үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты беруі, басқа тұлғалардың осындай ақпаратқа санкцияланбаған қол жеткізу тәуекелділігін тартатындығы туралы Клиентке мәлімделінген және толығымен оның зердесіне жеткен.


2.4. Қызмет көрсетуді шектеу

2.4.1. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Келісімде қарастырылған жағдайларда немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Клиентке қызмет көрсетуді бір жақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.

2.4.2. Банк «Альфа-Мобайл» Мобильді банкті, Клиенттің келісімінсіз, Банк Тарифтеріне сәйкес, қызметтерді ай сайын қолданғаны үшін комиссия төлеу үшін ұлттық валютада Ағымдағы шотта/Карточканың банктік шотында ақша болмаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы.

2.4.3. Банктің ықыласы бойынша тоқтаған қызмет көрсетуді жаңарту тек Банк шешімімен ғана және Клиент Банкке келгенде және ЖКҚ көрсету кезінде Банк белгілеген үлгі бойынша қағаз парақтағы Өтінішке қайта қол қойған кезде ғана мүмкін болады.

2.4.3.1. Банктің оң шешімі мен Клиенттің ағымдағы шотына/Карточканың банктік шотында ай сайын қызметтерді қолдану үшін комиссия төлеміне қажетті қолма-қол сома болу талабында, "Альфа-Мобайл" Мобильді банктің қызмет көрсетуін «Альфа-Клик» жүйесі арқылы жаңартуға болады.

2.4.4. Банк Клиенттің өкілдеріне (оның ішінде Сенімді тұлғаларға) «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қосылу және пайдалану мүмкіндігін бермейді.


3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰНЫ

3.1. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкті және «Альфа-Мобайл» Мобильді банк бойынша қосымша қызметтерді пайдаланған ақысының көлемі, операциялар жүргізу күні Банкте қолданылған Тарифтерге сәйкес бекітіледі, оны Банк анықтайды және оларды Банк осы Келісімнің 6 бөліміне сәйкес бір жақты тәртіппен өзгертуі мүмкін.

3.2. Клиент осы Келісімде қарастырылған комиссияларды төлеу үшін Шотта қажетті ақша сомасымен қамтамасыз етуге міндетті. Клиентке Идентификаторды тіркеген және берген күні Банк Өтініште оның көрсеткен ұлттық валютада Клиенттің Ағымдағы шотынан/Карточканың банктік шотынан бір күнтізбелік ай үшін «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін ай сайын пайдаланғаны үшін комиссияны даусыз шегереді.

Тарифтерде қарастырылған мөлшерде комиссияларды шегеру үшін ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Банк Клиентті Мобильді банкке тіркемейді және Клиентке Идентификатор бермейді.

3.3. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкіне қосылудың бірінші күні және содан кейін ай сайын қосылу күніне тең күні Банк акцептсіз және даусыз тәртіппен, «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін ай сайын пайдаланғаны үшін, Клиенттің Өтініште көрсеткен, оның Ағымдағы шотынан/Карточканың банктік шотынан ұлттық валютада комиссия алып отырады.

3.4. Клиент «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін орнату және пайдалану кезінде ұялы байланыс операторының деректерін беру қызметтері мен ұялы байланыс бойынша қосымша шығындарды көтереді.


4. НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ

4.1. Банктің осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындаумен байланысты, Банктің іс-әрекеттерімен Клиент келіспеген жағдайда, Клиент Банкке наразылықтардың түп-төркінін баяндай отырып, жазбаша өтініш жібереді.

4.2. Банк Клиенттің өтінішін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіп пен мерзімде қарайды, және Клиенттің наразылығын қанағаттандырады не Клиентке оның наразылығының дәлелсіз екендігі туралы жазбаша қорытынды береді.

4.3. Банк пен Клиент арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен наразылықтар келіссөздер арқылы шешіледі. Даулы сұрақтарды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына беріледі.


5. ЖАҚТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

5.1. Банк Клиент туралы мәліметтер және операциялар, Шоттар бойынша банктік құпияны сақтауға міндеттенеді. Клиент туралы мәліметтер және операциялар, Шоттар бойынша басқа тұлғаларға берілетін Анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімде қарастырылған жағдайларда берілуі мүмкін.

5.2. Клиент Банк Тарифтеріне сәйкес, бір күнтізбелік ай үшін, «Альфа-Мобайл» Мобильді банк қызметтерін ай сайын пайдаланғаны үшін комиссия алуға жеткілікті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. Ақша болмаған/жеткіліксіз болған жағдайда, Клиент өзінің Ағымдағы шотына ұлттық валютада ақша салады. Кері жағдайда, Банк «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін ұсынуда бас тартуға құқылы.

5.2.1. «Альфа-Мобайл» Мобильді банк қызметтерін ай сайын пайдаланғаны үшін комиссия алуға клиенттің шотында қаражат болмаған кезде немесе жеткіліксіз болғанда, Банк ай сайын мерзімі өткен сыйақы шотына комиссия есептейді және жатқызады. Клиент өзінің Ағымдағы/Карточкалық шотына ақша салған кезде Банк есептелген комиссияны акцептсіз тәртіппен шегереді.

5.3. Клиенттен «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы Шот бойынша операция орындауға тапсырма алған кезде, Банк Клиенттен тапсырма алған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Клиенттің тапсырмасын орындайды.

5.4. «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы шет ел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бойынша операция орындауға Клиенттен тапсырма алған кезде, операция Клиенттен тапсырма алған кезде қолданылған бағам бойынша сол жұмыс күні жүргізіледі. Операцияларды жүргізу сомасы мен комиссиялар Клиенттің тапсырмасын орындаған кезде Шоттан алынады. Айырбастау комиссиясы ақша Аударылған Шоттан алынады.

5.5. Өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті жолмен орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Келісімде қарастырылғандай жауап береді.

5.6. Осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті жолмен орындамаған жағдайда, Банк кінәсі болған кезде ғана жауап береді. Банк осы Келісім мен Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын Банк сақтамағанда ғана туындаған, «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану кезіндегі қателердің нәтижесінде пайда болған шығындар үшін Клиент алдында жауап береді.

5.7. Банк Клиентті қолдау құралдарын үшінші тұлғалар санкцияламай қолданудың нәтижесінде туындаған залалдарға, егер мұндай қолданушылық Банктің кінәсінен мүмкін болса, оған жауап бермейді.

5.8. Банк Клиент алдында өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді, егер міндеттемелерді орындау үшінші тараптың нақты іс-әрекеттеріне байланысты болса, сондай-ақ орындамау немесе уақытында орындамау қажетті іс-әрекеттерді орындай алмайтын болса, не бас тартқан жағдайда, не оларды белгілі тәртіпті бұзумен орындаса немесе Банк үшін рұқсат етілмеген болса, олар үшін жауап бермейді.

5.9. Банк Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін қолдануымен байланысты ақпарат Банктің аймағынан тыс жерде орналасқан, байланыс арналары бойынша немесе электронды байланыс операторларының кінәсінен беру кезінде ақпараттарға олардың қол жеткізе алу нәтижесінде Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану уақытында үшінші тұлғаларға мәлім болса, оған жауап бермейді.

5.10. Банк байланыстың сапасына және байланыс операторының немесе үшінші тұлғалардың кінәсінен ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, жауап бермейді.

5.11. SIM-картаны жоғалтқан, ұрлатқан, жоқ болған және басқа жағдайларда, сондай-ақ SIM-картаны ауыстыру немесе оны үшінші тұлғаларға қандай болмасын негіздемелер бойынша берген жағдайда, Клиент тез арада Банкке келуі қажет, телефон Нөмірін ауыстыруға белгілі үлгіде өтініш жазуға міндетті, Клиент «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінде, Клиенттің хабарымен немесе оның хабарынсыз басқа тұлғалар орындаған барлық операциялар үшін жауап береді.

5.12. Клиент «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы операциялар орындауға қол жеткізуді тежеу мақсатында, «Альфа-Мобайл» Мобильді банкі арқылы Клиенттің банктік шоттарына санкцияламай қол жеткізуге шүбәсі болғанда, не санкцияламай қол жеткізгені мәлім болғанда, Банкке тез арада хабарлауға міндетті.

5.13. Тараптар осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді тиісті жолмен орындауға төтенше және еңсерілмейтін жағдайлар (өрт, төтенше апаттар, басқару органдарының актілері мен шешімдері және т.б.) әсер еткен болса, онда жауапкершіліктен босатылады.
6. КЕЛІСІМДЕР МЕН ТАРИФТЕРДІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

6.1. Банк осы Келісім мен Тарифтерге, оның ішінде Келісімнің және/немесе Тарифтердің жаңа редакцияларын бекіту арқылы бір жақты тәртіппен өзгертулер енгізуге құқылы. Банк Клиентке осындай өзгертулер туралы Клиенттің электронды поштасына ақпаратты хабарландыру жіберу арқылы, не Келісімнің 1.7. т. қарастырылған тәсілдердің біреуімен, олар күшіне енген кезге дейін 10 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде хабарлайды.

6.2. Жаңа Тарифтік мөлшерлемелермен және/немесе осы Келісімінің өзгертулерімен келіспеген жағдайда, Клиент жаңа Тарифтік мөлшерлемелер және/немесе осы Келісімге өзгертулер енгізген күнге дейін Келісімді бұзуға құқылы.

6.3. Клиент бір 30 (Отыз) күнтізбелік күннен жиі емес мерзімде осы Келісімнің 6.1.т. сәйкес Банк жариялаған ақпаратпен танысуға міндетті.

6.4. Банк Келісімнің және/немесе Тарифтердің өзгеруі туралы, осы Келісімде белгіленген тәртіп пен мерзімде жарияланған ақпарат Клиент тарапынан алынбаған және/немесе оқылмаған және/немесе дұрыс түсінілмеген болса, оған жауап бермейді.
7. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН БҰЗЫЛУЫ

7.1. Келісім күшіне Клиент Өтініш берген күні және оны Банк қабылдаған күннен бастап енеді.

7.2. Осы Келісімнің қолданылуы мерзіммен шектелмеген.

7.3. Банк Келісімді орындаудан және Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану мүмкіндігін жоюдан бас тартуға құқылы:

- осы Келісімге сәйкес Клиент ақша алу үшін ұлттық валютада басқа Ағымдағы шотты/Карточканың банктік шотын көрсетпеген болса, оның Өтініште көрсеткен Ағымдағы шотын/Карточканың банктік шотын жабу туралы Клиент өтініш берген кезде;

- Келісімді орындаудан бас тартудың болжамды мерзіміне дейін 30 күнтізбелік күн ішінде 1.7.т. сәйкес Клиентке бір жақты тәртіппен хабарлама жіберу арқылы.

7.3.1. Банк Келісімді орындаудан және Клиенттің «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану мүмкіндігін жоюдан бас тартуға құқылы:

- егер «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін бір күнтізбелік ай пайдаланғаны үшін, осы Келісімнің 3.2.т. және 3.3.т. сәйкес Клиенттің Өтініште көрсеткен Ағымдағы шотында/Карточканың банктік шотында ақша қаражаттары ақша алуға жеткіліксіз болған жағдайда;



7.4. Клиент Келісімді орындауда бас тартқан жағдайда, Клиент Банкке жою туралы Өтініш береді. Келісім Клиенттің ықыласымен бұзылған болып саналады, ал Банк «Альфа-Мобайл» Мобильді банкінің құралдары бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады. Келісімді бұзу және «Альфа-Мобайл» Мобильді банкін пайдалану мүмкіндігін жою Банктің Клиенттен жою туралы жазбаша Өтінішін алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.

7.5. Осы Келісімнің 7.3. және 7.4.т.т. көрсетілген жағдайларда, Банк Клиентке жойылған қызметтерді көрсету ақысын қайтармайды.
Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет