222
ерiтiлген май, тиеу кезiнде температурасы 4°С-тан
жоғары болмауы
керек.
Тұздақтар. Сиыр, қой тұздақтары және тұздалған тілдерді
тасымалдау үшін тұздықтар құйылған бӛшкелер қолданылады. Тұздау
мерзімі 10 тәулікке толмаған тұздақтар тасымалдауға жіберілмейді.
Тұздау мерзімі сапа туралы куәлікте кӛрсетілуі керек.
Кәсіптік өңдеуге жіберілген ет. Ет және ет ӛнімдерінің тасымалдау
мерзімінің тағайындалғаны жайлы станса бастығы кӛліктегі
мемветбақылау орындарын вагондарды тасымалдауға тартардың 1
тәулік бұрын хабардар етуі керек. Ет және ет ӛнімдерін ветеринарлық
сертификатта меңзелген тасымалдауға және мекен жайындағы жүк
қабылдаушы стансаларына жеткізілуі тиіс.
Жеткізілу стансасының және жүк қабылдаушы ӛзгеруі тек кӛліктегі
мемветқадағалау келісімімен және егер жол жүру барысында, мекен-
жай ӛзгеруі орын алса кӛлік мемветқадағалау орындарына хабар етілуі
керек. Ет пен ет ӛнімдерінің сапалығы туралы кӛзқарастар сәйкеспеуі
және тасымалдауға тыйым салу туралы туындалатын барлық жағдайда,
ветеринарлық инспектор тиісті түрде акт ресімдеу керек.
Жол жүру барысында ет пен ет ӛнімдері сапасын сақтау үшін
оларды дұрыс артудың үлкен мәні бар, оны кӛліктегі мемветқадағалау
мамандары қатаң бақылаулары керек.
Тыс-қорапсыз
тасымалданатын, мұздатылған етті тығыз қабаттап
алдын ала едендегі торлы тӛсенімдер салып, іргеге картондар салып
артады, суық ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін торлар мен ірге
арасында саңылаулар қалдырылады. Мұздатылған етті, субӛнімдерімен
қоса тасымалдау кезінде мұзға арналған үңгілі қабырғалары бар мұздақ
вагондарда оларды оған жақын орналастырады. Суытылған және
суыған етті вагондарға ілмектерге бір-біріне жанаспайтындай етіп іледі.
Сиыр жартыұшаларын оң бӛліктері вагон есігінен бір жаққа, сол
бӛліктері бір жаққа қарайтындай етіп іледі, ал ішкі жақтары вагонның
ені
бойына қарайтындай болуы керек, сиыр еті тӛрттіктері мен қой
ұшаларын 2 қабаттап іледі, екіншісін біріншісіне жіппен іледі. Жарты
ұша мен кӛлемді тӛрттіктерді шахмат тәртібінде іледі.
Суыған етті жазды күндері жеке нұсқамалар бойынша, қысты
күндері сыртқы температурасы 0
0
С тӛмен жағдайда тасымалдайды.
Қазіргі уақытта суытылған етті тасымалдау тәжірибесі қалыптасқан ол
үшін рефрижератор вагондарды ұша мен жартыұша араларына ағаш
жұқатақтайлары мен арнайы қатпар қабаты салынады, осы кезде келесі
талаптар ұстануы тиіс: суытылған
бұлшық ет қабаттарындағы
температура 0
0
С жоғары және -2
0
С тӛмен болмауы керек.
Рефрижератор іші температурасы -2-3
0
С, осы әдіспен 9-10 тонна
суытылған ет тасымалдау мүмкін (ал ілмектерге ілгенде әрі кеткенде 6-
223
7 тонна). Бір вагонда мұздатылған және суытылған ет ӛнімдерін
тасымалдауға тыйым салынады.
Пайымдай келгенде, ет пен ет ӛнімдерін темір жол арқылы
тасымалдаған кездегі негізгі мақсат арту кезіндегі температурасы,
түсіру кезіндегідей болуы керек. Жету орнына келген соң вагондар
жылдамырақ босатылуы тиіс. Мемветқадағалау вагондар келерден 1
тәулік бұрын хабар алуы керек. Түсіру кезінде ветмамандары жүк
жағдайының, ветсертификаттағы деректерге сәйкестігін анықтайды.
Егер жүктер бүліну белгілерімен немесе сапасы тӛмендеп жетсе, темір
жол коммерциялық акт толтырады да, темір жол немесе жүк жӛнелтуші
күшімен сараптау жасайды. Бұл үшін тауарлы сараптамашылар,
ветеринарлық-санитарлық қадағалау сарапшылары және қызығушылық
тудырмайтын бӛгде ұйым ӛкілдері шақырылады.
Сараптау 24 сағат ішінде ӛткізіледі,
коммерциялық акт негізінде
толтырылған сараптама актіне мұздақ вагонда ӛнімдерді тасымалдау
туралы деректер, ал рефрижераторлы вагондарда тасымалданғанда,
температура журналы кӛшірмесі тіркеледі. Сараптау коммисиясы
актіде бүлінудің нақты себебі мен дәрежесін, бұзылған жүк салмағын,
шығын кӛлемін кӛрсетуі керек. Егер бүліну жүк жӛнелту
стансасындағы ветсан ережелер бұзылуына орай туындалса, вет
дәрігері ветсан ереже бұзылғаны туралы акт толтырады да, кӛліктегі
вет қызмет бастығына тапсырады.
Тауарлы балық пен балық өнімдерін тасымалдау. Тауарлы балық
пен балық ӛнімдеріне ветеринарлық куәлік жазылмайды, ал сапа
туралы куәлік толтырылады, онда стандарттық талаптарға сәйкестігі,
қораптау, тыстау мерзімі кӛрсетіледі.
Темір жол арқылы балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, суық
түрде қақталған,
кептірілген, салқындатылған және тірі тауарлы
түрінде тасымалданады.
Мұздатылған балықты -6
0
С -8
0
С тасымалдайды. Мұздатылған
балықты тек қораптарда тасымалдайды, ал ыстық ысталған балықты
тасымалдауға болмайды.
224
Сурет-18. Мұздатылған балықты тасымалдау
Суытылған балықты ағаш жәшіктерінде немесе құрғақ бӛшкелерде
тасымалдайды, олардың түбіне таза ұсақ етіп үгітілген мұз тӛселінеді.
Жәшік пен бӛшке түбіне еріген мұз ағуы үшін тесіктер жасалады.
Суытылған балықтың омыртқа тұсына дейінгі бұлшық ет
қатпаршығы,температурасы -1 ден 5
0
С дейінгі шамада болуы керек,
сапа туралы куәлікте белгілер қойылады.
Балықтардың трихонидиаз, хилоденеллез, дактилогироз А,Б және
гидродактилозбен зақымдалғаны анықталса, балықтарды вагонға артар
алдында паразиттерге қарсы ӛндеуден, тұздаудан, аммиакпен ӛндеу
ӛткізіледі. Егер ӛндеуден
соң балықтар артылмаса, тасымалдауға
тыйым салынады.
Сурет-19. Суытылған балықты тасымалдау