283
Температура. Кӛліктерді дезинфекциялау тәжірибесінде ыстық су,
ауа, бу, ӛрт жатады. Ыстық суды 96
0
С сүт тұрба ӛткізгіштер, пышақ
мускат және т.б. құралдарды залалсыздандыру үшін пайдаланады.
А.А.Поляков,
Ф.А.Терентьев
бойынша,
сібір
жарасының
қоздырғышы қайнаған суда 5-15 минуттан кейін ӛледі. 60-70
0
С
дейін
қыздырылған суда патогенді микроорганизмдердің кӛбісі 30 минуттан
кейін ӛледі, ал қайнап тұрған суда бірнеше минутта жойылады.
Қаныққан сулы буды 100
0
С, булы залалсыздандырғыштарда құрал-
жабдықтарды, шұжық ӛндейтін қондырғыларды, сүт тұрба ӛткізгіштерін
және басқа нысандарды дезинфекциялау үшін қолданады.
Ысытылған буды 109-130
0
С
автоклавтарда құралдарды, орталарды
дезинфекциялау үшін қолданады.
Ыстық құрғақ ауамен 160
0
С кептіргіш шкафтарда,
зертханалық
ыдыстарды, киімдерді залалсыздандыру үшін қолданады.
Ультрадыбыс - микроорганизмдердің құрамын бұзады (кавитация
арқылы). Оны ет май цехтарында қолданады. Ол үшін ультрадыбыс
генератор және 5% кальцинирленген сода ерітіндісі арқылы қолданылады.
Ультракүлгін сәулелер- күн сәулесі кӛптеген жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарына әсерін тигізеді. Бірақ ластанған жердегі немесе күн
сәулесі
жетпейтін, тасадағы микроорганизмдер ультракүлгін сәуленің
әсерінен жойылмайды. Сондықтан нысандардың беткейлерін немесе
тӛбесі
ашық қашарларды, қораларды, жақсылап ластанымдардан
механикалық тазарту және жуу керек.
Жасанды УФЛ-ол ультрокӛгілдір лампалар (БУВ-15,30,60 Вт) .
БУВ –бактерицидтті увиол шам. Оны ет ӛңдейтін комбинаттарда
ауаны, суыту бӛлмелерін, етті бӛлшектеу, етті сүйектен
ажырату
цехтарын залалсыздандыру үшін қолданады және пастерленген
консервілерді ӛндіру кәсіпорындарында жиі қолданады. Сондай-ақ
ашытқы дайындағанда бактериологиялық
зертханаларда және ауа
тартқыш желдеткіш жүйелерін залалсыздандыру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: