Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Тірі шаяндарды темір жол кӛлігімен тасымалдау ережелері



Pdf көрінісі
бет100/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205
index

 
Тірі шаяндарды темір жол кӛлігімен тасымалдау ережелері 
 
Тірі шаяндарды тасымалдағанда, ветеринарлық қызметі қарау 
кезінде қысқыштары бүтіндігіне, сыртқы тысында механикалық 
зақымданулар болмауына, құрғақтығына назар аударады, егер шаянды 
алақанға салса, ол қозғалатын болуы керек. Шаяндарды арнайы 
ыдыстарда тасымалдайды (талдан ӛрілген кәрзеңке) орта кӛлемді 
шаяндар саңылауы 1 ден 15 см дейін, сыйымдылығы 100 ден 150-ге 
дейінгі. Түбіне бүктелген материал салады, бір-біріне тығыз етіп, 
арқасын үстіне қаратып салады, бұл олар қозғалмасы үшін жасалады. 
Әр шаяндар қатарын материалмен бӛлектейді, бұл үшін құрғақ, батпақ 
мүгі, таза құрғақ балдыр, шӛп пайдаланылады. Аулау мен арту аралығы 
36 сағаттан аспауы тиіс. Тірі шаяндарды мұздақ вагондарда жазғы
ауыспалы мерзімдерде тасымалдайды. 
 
 
 
 
 


180 
ӘУЕ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҤРІН 
ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ 
Жүктердің жіктелуі Сауда жағдайына байланысты әуе 
кӛліктеріндегі жүктер келесі түрлерге бӛлінеді: тез бұзылатын және 
арнайы. 
Тез бұзылатын жүктерге азық және басқа ӛнім жүктері жатады. Бұл 
жүктер оптималды температура және ауа ылғалдылығына байланысты 
тез бұзылатындықтан, оларды сақтағанда және жабдықтағанда ерекше 
жағдайлар жасап, тез арада белгіленген орынға жеткізу керек.
Тез бұзылатын жануартекті жүктерге келесі топтар жатады: 
жануартекті ӛнімдер - әр түрлі мал еті, құс, салқындатылған және 
ысталған балық, уылдырық, және сиыр майы, әр түрлі майшабақ,
консервілер, шұжық ӛнімдері, ірімшік және т.б; тірі балық ӛнімдеріне –
тірі уылдырық, азықтық ағзалар, мольки; биологиялық препараттар, 
қағанақ (плацентарная) сары суы, консервіленген қан, медициналық 
сүлік. Бұл ӛнімдерді сақтаған, тасымалдаған кезде арнайы жағдайлар 
жасалынады.
Сақтау барысында жағдай жасалып және тез арада 
жеткізілетін жүктер «Арнайы жүк түрлері» деген атаумен 
ерекшеленеді. Жеткізу уақыты шектелген және ұзақ қашықтыққа 
тасымалданатын жүктер тек қана әуе кӛлігімен жеткізіледі. Арнайы 
жануартекті жүктерге ауылшаруашылық және жабайы жануарлар, 
құс (сонымен қатар тәуліктік балапандар) және түбітті аңдар, ара, ауыл 
шаруашылық малдарының ұрықтары, бауырмен жорғалаушылар, асыл 
тұқымды жұмыртқалар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет