Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды



Pdf көрінісі
бет12/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   205
index

 
Ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды 
жҥзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық 
инспекторлардың қҧқықтары 
Қазақстан 
Республикасында 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-
санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық 
инспекторлардың 
құқықтарына жатады: ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасы 
нормаларының 
орындалуын 
тексеру, 
сондай-ақ 
ветеринария 
саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу 
мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау объектiлерiне (қызметтiк куәлiгiн кӛрсете отырып) кедергiсiз 
кiруге; 
объектiлерiнiң 
диагностикасы 
немесе 
ветеринариялық-
санитарлық сараптама үшiн оларға зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы 
мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп 
алуды 
жүргiзуге; 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық 
бақылауды және қадағалауды жүргiзуге; ветеринариялық құжаттар 
беруге; актiлер шығаруға; ветеринариялық-санитариялық қолайлы 
аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен 
адам денсаулығы үшiн қауiп тӛндiретiн орны ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде алып қоюға және жоюға, 
оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта ӛңдеудi 
ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ кӛрсетiлген фактiлер туралы 
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға 
хабарлауға; жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының 
пайда болу және таралу әрi ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан 
қауiптi жануарлардан алынатын ӛнiмдер мен шикiзаттардың шығу 


23 
себептерiн, жағдайларын белгiлеуге;ӛзiне жүктелген құқықтар мен 
мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар мен ӛзге де 
ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; жануарлар мен 
адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауiптi 
және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi 
тӛнген 
жағдайларда 
ветеринария 
саласындағы 
заңнамасында 
белгiленген тәртiппен сот шешiмiнсiз жеке немесе заңды тұлғаның 
шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға; 
ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза 
қолдануға және сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және 
қадағалауды 
жүзеге 
асыратын 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-
санитариялық инспекторлар міндетті: ветеринария, тамақ ӛнімдерінің 
қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға; 
ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, тиiстi әкiмшiлiк-
аумақтық 
бiрлiктiң 
аумағында 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-
санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға және 
жүзеге асыруға; бұзушылықтардың дер кезiнде алдын алу, анықтау, 
жолын кесу және жою; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық 
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде қызметтiк және ӛзге 
де сипаттағы мәлiметтердi жария етпеуге; белгiленген тәртiппен 
ветеринариялық есепке алу мен есеп берудi жүргiзуге және оларды 
белгiленген тәртiппен уақтылы табыс етуге тиiс; ветеринариялық-
санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде 
жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп тӛндiретiн 
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған 
белгiленген 
тәртiппен 
алып 
қоюға 
және 
жоюға, 
оларды 
залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта ӛңдеудi 
ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ кӛрсетiлген фактiлер туралы 
ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет