281
концентрациясын 24 сағат қолданады. Сулы ерітінділерін 0,3-0,4%
концентрациясында қолданады.
Парасод – кальцинирленген сода және параформ (ТУ 6-05-930-73)
негізінде дайындалған қоспа, сілтілігі 26% кем емес.
Оны мал
шаруашылығында және құс шаруашылығында дезинфекциялау үшін
қолданады. Парасод 30 кг резеңке дорбада шығарылады, оны қойманың
құрғақ бӛлмелерінде сақтайды. 1 жылға дейін жарамды болады.
Фоспар – техникалық параформ (ТУ 6-05-930-73)
және техникалық
үшнатрийфосфат қоспасы, қатынасы 50:50. Параформға қарағанда бұл
препарат күшті дезинфекциялық қасиеттерге ие.
Фоспар ақ түсті ұнтақ, әлсіз формальдегид иісі сезіледі. Құрамында
формальдегид 45,0±3,0% және сілтілер 15% кем емес. Парасод препараты
сияқты фоспар шаруашылықтарда дезинфекция үшін пайдаланады.
ГАН
–
ветеринарлық
нысандарды
дезинфекциялау
үшін
қолданылатын препарат. Препараттың құрамына 5% глутар альдегиді, 5%
глиоксаль, 10% катаПАВ (септаПАВ), индикатор-бояу (метилен
сарғыш-
қызыл), дистилденген су және активатор (дезинфекциялаушы заттың
белсенділігін арттыру үшін қосылатын зат –натрий карбонат және
гидрокарбонат натрий 1:9). Ган препаратын
ветеринарлық нысандарды
(жануарлар, құс, аңшылық фермаларын және ғимараттарын, құрал-
жабдықтарды,
мал
сою
цехтарын,
бекеттерін,
ветеринарлық
зертханаларды, жұмыртқа сақтайтын қоймаларды, тара, арнайы киімдерді
т.б) дезинфекциялау үшін, алдын
ала дезинфекцияға және ауру
қоздырғыштарының кӛзі пайда болған кезде қолданады.
Фенолдар
Фенолдар – хош иісті кӛмірсутектің гидроксилді туындылары. Фенол
–қатты кристалды зат, түссіз немесе әлсіз қызғылт түсті, ӛзіне тән иісі
бар. Сақтағанда фенол кӛміртегімен әрекеттесіп қызыл түске боялады.
Тӛменгі
температурада суда аз ериді, қыздырғанда тез еріп кетеді, улы
болып табылады, теріге түссе, күйікке әкеледі. Балқу температурасы 40-
43
0
С, 10%
ылғылдықта болса, ол сұйық фенолға айналады, оны кӛбінесе
тәжірибеде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: