Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың



Pdf көрінісі
бет164/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   205
index

Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың 
сипаттамасы 
Жануарлар, ет, жануартекті шикізаттарды түсіргеннен кейін, 
босатылған вагондар тазалауға, жууға және дезинфекциялауға жіберіледі. 
Вагондарды санитарлық ӛңдеудің 3 категориясы берілген. Сонымен қоса,
жүк вагондарды ветеринарлық-санитарлық ӛңдеудің сипатына қарай тағы 
да үш категорияға бӛледі: бірінші, екінші, үшінші. 
Бірінші категориялы ӛңдеуге тасымалдаудан кейінгі мына вагондар 
жатқызылады, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау бекеттерден 
шығарылған клиникалық сау жануарлар, құстар басқа да жануарлар 
түрлері; сау жануарлардан алынған ет, ет ӛнімдері, жануартекті 
шикізаттар; сібір жарасына тексерілген тері шикізаты және де жұқпалы 
аурулардан сау бекеттерде ӛндірілген сойыс емес шикізаттары; отандық 
жүн жуғыштарында ыстықтай жуылған импортты жүндер, шұжықтық 
және асханалық, құрғақ сүйектер тасымалданған вагондар. 
Екінші категориялы ӛңдеуге тасымалдағаннан кейінгі мына вагондар 
жатқызылады: тасымалдау кезінде арасында жұқпалы аурулармен 
зақымданғанына күмәнді немесе ауруға күмәнді, ауру жануарлар, құстар 
(үшінші категориялы вагондарда кӛрсетілген аурулардан басқа); жӛнелту 
кезінде немесе түсіру кезінде жануарлардың арасында табылған 
ӛлекселер (үшінші категориялы); ет, тері немесе басқа жануартекті 
шикізаттар егер споратүзетуші микроорганзмдерден туындайтын 
аурулардан басқа, жұқпалы ауруларға сау еместігі анықталған жағдайда 
сойғаннан кейінгі түскен ірі импортты тері шикізаттары; жалпы негізінде 
қайта ӛңделетін экспорттаушы елде ӛңдеуден ӛткен импортты жүндер 
тасымалданған вагондар. 
Үшінші категориялы ӛңдеуге мына вагондар жатқызылады: жүру 
жолында және түсіру кезінде анықталған және келесі ауруларға күмәнді 
жануарлар: сібір жарасы, қарасан, маңқа, сіріспе, эпизоотиялық 
лимфангит, секіртпе, везикулярлы стоматит, шошқаның везикулярлы 
стоматиті, ІҚМ, ҰҚМ обасы, контагиозды плевропневмония, ІҚМ 
жұқпалы тұйінді дерматит, Рифт алқабының қызбасы, жылқы мен 
шошқаның африкандық обасы, шошқаның классикалық обасы, құстардың 
жоғарғы патогнендік құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, орнитоз, қойлардың 
брадзот ауруы не болмаса бұл аурулардан ӛлген жануарлар; сібір 


292 
жарасына тексерілмеген сойыс емес тері шикізаттары; құрама сүйектер, 
ӛңделмеген импортты жүндер тасымалданған вагондар, Орта Азия, 
Африка және Оңтүстік Америкадан келген барлық жануартекті 
шикізаттар жатады; дезинфекциялық ӛңдеуден ӛтпеген, жуылмаған жүн, 
мамық, қыл, қауырсын; ветеринарлық жолдамалық құжатсыз шикізаттар.
Дезинфекцияға жатпайды: жұқпалы аурулардан сау жануарлардан 
дайындалған, қатты орамада оралған тез бұзылатын ӛнімдер, қорытылған 
май және мұздатылған тұрде дайындалған ӛнімдер тасымалдаған 
вагондар. 
Вагондардың ветеринарлық-санитарлық ӛңдеуін дезинфекциялық-
жуғыш станциясы (ДЖС), дезинфекциялық-жуғыш пунктері (ДЖП) 
жүргізеді. Бӛлек жағдайларда вагондардың бірінші категориялы ветсан 
ӛңдеу ДЖС, ДЖП жоқ бекеттерде ветеринарлық-санитариялық 
қадағалаудың бақылауымен ӛткізіледі осы кездегі қойылатын шарт, егер 
оларды сол жерде бұл операцияларды орындауға қажетті жағдайлар, 
сонымен қоса қиды тӛгуге арналған оқшау жерлері болғанда ғана 
жүргізіледі. 
ДЖС санитарлық ӛңдеуге барлық үш категориясы бойынша вагондар 
жатқызылады, ал ДЖП тек бірінші және екінші категориялы ӛңдеу 
жүргізеді. 
Жануарларды, құстарды түсіргеннен кейін жүк алушы вагондардың 
есік аралық кеңістікте тӛсеніштің қалдықтары мен қидың тазалауын 
жүргізуге міндетті (үшінші категориялы ӛңдеуге жатқызылатын 
вагондардан басқа). Кӛліктегі мемлекеттік ветсан қадағалаудың 
нұсқауымен екінші категориялы ӛңдеуден ӛтетін вагондарда да 
ӛткізілмеуі мүмкін. 
Вагондарды санитарлық ӛңдеуге жіберу үшін түсіру кезінде болған 
кӛліктегі ветеринарлық-санитариялық қадағалаудың ӛкілі бекетке қолхат 
бойынша бекітілген формадағы бағытты тағайылымның екі данасын 
береді. Бір данасын теміржолдық құжаттарға салынады, ал екіншісі 
кӛліктен ветсан бӛлімінің іс қағаздарында қалдырылады. 
Кедендік одақ мүшелерінің мемлекеттік уәкіл етілген органы 
__________________________________________________________ 
Темір жол бекеті, елді-мекен, әуежай, айлақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет