Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


ТАН-қондырғысы кӛмегімен вагондарға аэрозольді дезинфекция



Pdf көрінісі
бет170/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   205
index

ТАН-қондырғысы кӛмегімен вагондарға аэрозольді дезинфекция 
жҥргізу. Дезерітіндіні шашу үшін 6 атм тӛмен емес қысым жасайтын, 8 
атм кем емес қысымды кӛтеретін ерітіндіге арналған 10 л артық 
сыйымдылық және аэрозольді қоңдырғы, компрессор мен сыйымдылық 
қосатын оттегі шлангілері бар компрессор қажет. Қысылған ауаны алу 
үшін қолданылатын компрессорлардың (СО-7А және т.б.) ӛндіргіштігі 30-
60 м (куб) сағаттан кем болмау керек. Екі үш және одан да кӛп 
қондырғылардың бірдей жұмыс істеуін ӛндіргіштігі 60 м куб/сағ астам 
компрессорлар қамтамасыз етеді. Ол үшін қуатты стационарлық 
компрессорлық станциялар пайдаланылады, мысалы ПКС-5 (ішкі жану 
двигателімен) немесе ПКС-3,5 (элекродвигательмен). Аэрозольді 
дезинфекцияны екі әдіспен жүргізуге болады. 
1) Аппаратураны дайындағаннан кейін ыдысына дезинфицирлеуші 
ертінді құйып, вагонның есіктері мен люктерін тығыз жауып қояды. 
Қондырғыны орналастыру үшін платформа жағынан есік аралық 
кеңістікте кішкентай саңылау қалдырады, содан соң қондырғыны орнатып 
есікпен қысып, компрессорды қосады. Жұмыс ыдысында қысым 4-5 атм 
жеткенде аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықтық жүйесін ашады. 
2) Вагонға ТАН қондырғысы бекітілген ұстағыш-штатив қойылады
ол вагонның қарама-қарсы бүйірлік қабырғалар жағына аэрозольдің 
бірқалыпты таралу үшін ұстағыштың механикалық айналуын қамтамасыз 
етеді. Вагоннан есіктен сыртқа шығарылған ұстағыш тұтқасы кӛмегімен 
6-8 айналым жасап, аэрозольді аламыз. 
Изотермиялы вагон есігінің гермитизациясы вагон есігінің периметрі 
бойынша салынатын тығыздағыш арқылы жүзеге асырылады, (полимерлі 
қаптар, поролон, мақта, құрғақ шӛп т.б. Осыдан кейін вагон есігін қатты 
қысып, аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықты жүйесін қосады. 


301 
Екі жағдайда (қысымы 4-5 атм және) аэрозольді қондырғының 
қысымы 4-5 атм және ӛндіргіштігі 500 м/мин болған кезде аэрозольді 
бӛлшектерінің салмақтық медиальді диаметрі 35±15 мкм жетеді. 
Жабылған вагондарға екінші дәрежелі дезинфекция жүргізгенде 
мынадай аэрозольдер қолданылады: формальдегид ерітіндісінің 38-40% 
экспозициясы 1 сағат кемінде шығыны 40 мл/м

болатын немесе 
құрамында кемінде 5% белсенді хлоры бар шығыны 100 мл/м
3
пен
экспозициясы 6 гипохлорит пен ДТСГК ерітінділері. 
Изотермиялы вагондардың шығыны 50 мл/м
3
және экспозиясы 1 
сағат сірке үсті қышқылы (5%) кӛлемді аэрозолімен немесе шығыны 65 
мм/м
3
және экспозициясы 2 сағат глутар альдегидінің (25%) кӛлемді 
аэрозольдерімен дезинфекциялайды. 
Вагондардың үшінші дәрежелі дезинфекциясы үшін шығыны 60 
мл/м
3
және экспозициясы 3 сағат формальдегидтің 38-40% ерітіндісін 
аэрозольдерді пайдаланады. 
Екінші дәрежелі вагондардың сыртқы беткейін ылғалды әдіспен не 
болмаса бағытталатын аэрозольдер шығыны 60 мл/м
2
8% формальдегид 
ерітіндісімен немесе 150 мл/м
3
мӛлшерінде (4%) глутар альдегидімен 
және экспозициялары 1 сағат дезинфекциялайды, ал дәрежелі вагондарды 
8% формальдегид ерітіндісіне бағытталған аэрозоль мен арасына 1 сағат 
салып екі рет ӛңдейді, оның шығыны 60 мл/м
3

Вагонды формольдегидті бейтараптандыру үшін залалсыздырудың 
экспозициясы аяқталысымен шашылған формальдегид ерітіндісінің
жарты мӛлшеріндей болатын аммиактың 25% ерітіндісінің аэрозолін 
қосып 30 минут ұстайды, содан кейін жуып шаяды. 
Вагонның ӛзі дезинфекциядан кейін арту орнына дейін 12 сағат 
жолда болады, ол уақыт ішінде есіктер мен люктер арқылы табиғи 
желдетіліп немесе экспозициясы ӛткеннен соң сумен шайылып және 
желдетілу 
арқылы 
формальдегидтің 
иісі 
жоғалады. 
Басқа 
дезинфекциялаушы заттарды қолданған кезде экспозиция аяқталғаннан 
соң вагондарды ыстық сумен жуып кептіреді. Аэрозольді қоңдырғыларды 
аптасына кемінде 2-3 рет бӛлшектеп тазалайды, ал жұмыс біткенде жылы 
сумен шайып кептіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет