Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Екінші санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау



Pdf көрінісі
бет179/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205
index

Екінші санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау 
 
2-дәрежелі 
контейнерлерді механикалық ӛңдеу және жуу 
жоғарыдағыдай жасалынады.
Дезинфекция жабық алаңда ылғалды және аэрозольді әдістермен
техникалық дәрежесіне және жыл мезгіліне қарай жүргізіледі. 
Дезинфекцияның 
ылғалды әдісі
Ветеринарлық 
дәрігердің 
(фельдшер) басшылығымен арнайы дезинфекциялау үшін бригада 
әкелінеді. Контейнерлердің іші мен сыртын тазалағаннан кейін арнайы 
4% формальдегид ерітіндісімен немесе 3%-ды хлораминнің белсенді 
ерітіндісімен, немесе 6% қышқылды сүт қышқылымен, (0,2%-0,3%) 
сутегінің асқын тотығымен ӛңдейді. 
Ерітінділердің температурасы 25
0
С тӛмен болмауы керек.
Залалсыздандыру аймағына ерітінділерді 0,25 л/м мӛлшерінде 2 қайтара 
шашу керек. 2 рет қайтара ӛңдегеннен кейін 1 сағаттан соң 
контейнерлерді залалсызданған деп есептеуге болады. 
Егер контейнерлерді желдеткеннен кейін дезинфектанттың ӛткір иісі
кетпеген болса, олардың ішкі бӛлшектерін жуып, иісті кетіру үшін 1% 
бейтараптау ерітіндісін қолданылады (аммиак ерітіндісі, формальдегид 
және гипосульфит үшін құрамында хлор бар препараттар және сілтілер 
үшін қышқылдар).
Контейнерлерді аэрозольды әдіспен дезинфекциялау. Оны арнайы 
жылытылатын камераларда, ал жаз уақытында температурасы 12
0
С тӛмен 
емес, арнайы алаңдарда жүргізеді. 
Ашық алаңда дезинфекциялау үшін контейнерлердің сол жақ 
есігінен енгізіп, оны тура бағыттайды, ал оң жақ есік толығымен жабық, 
ал сол жақ есік шлангылары қысылып қалмауы үшін кішкене ашық 
болуы қажет.Контейнерлердің сыртын ылғалды дезинфекциялау үшін 
қолданылған ерітіндімен ӛңдейді. 


313 
Аэрозольді дезинфекция үшін 40мл/м
3
, 38-40% формальдегид 
ерітіндісін, 60мл-м
3
, 20% сутегінің асқын тотығын, құрамында 3,5% әсер 
етуші зат бар, 30 мл/м
3
нормасында экспозиция 1 сағат етіп пайдаланады.
Экспозицияның аяқталу барысында формальдегидті бейтараптау 
үшін контейнерлер ішіне жартылай мӛлшерде аммиак ерітіндісін 
енгізеді. 
Бейтараптаушы заттарды енгізгеннен кейін контейнерлер есіктерін 
тығыздап жауып, 30 минуттан кейін табиғи желдету үшін ашады. Сірке 
үсті қышқылының буын 20-30 минут табиғи желдету бойынша кетіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет