Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Бақылаудағы тауарларды кедендік одақтың аумағынан



Pdf көрінісі
бет31/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205
index

Бақылаудағы тауарларды кедендік одақтың аумағынан 
транзиттік тасымалдау барысында ветеринарлық 
бақылаудың ӛту тәртібі 
Жануарларды, жануартекті ӛнімдер мен шикізаттарды кеден 
аумағы арқылы транзиттік тасымалдауда транзитке рұқсат керек, онда 
жүру маршруты кӛрсетiледi. Бақылаулы тауарлардың басқа түрлерiн 
тасымалдауға рұқсатсыз iске асады. тасымалданатын жүкке міндетті 
түрде ветеринарлық сертификаттары керек. 
Құжаттық бақылаудың аяқтағаннан соң малдардың ветеринарлық 
тексеруi iске асады: малдардың сәйкестендіру нӛмірлері тексеріледі 
(татуировка, чип, құлақтың сырғасы, таңба және т.б)
Ветеринарлық сертификат кӛрcетiлген нӛмiрлермен тасымал 
шарттар салыстырылады, жануарлардың жай-күйі тексеріледі. 
Басқа бақылаулы тауарлардың түрлері тексерусiз iске асады. 
ШВБП-ның лауазымды тұлғасы бақылаудың нәтижелерi бойынша және 
жолдама құжаттарда, ветеринарлық сертификатта, тауарда, шарттарда 
«Транзит рҧқсат етiлген» немесе «Транзитке тыйым салынған»
кеден одағының кеден аумағынан шақыру нүктесiнде –«Транзит 
аяқталды» штампы қойылады, мӛрi және қол қойылады. Барлық 
қажеттi 
мәлiметтер 
транзиттiк 
тасымалдарды 
есепке 
алуды 
журналдарға және электрондық есепке алу жүйесіне енгiзiледi. 
Бақылаулы тауарлардың кеден одағының кеден аумағы бойынша 
бақылаулы тауарлардың иесi, алған транзитқа рұқсат, кеден одағының 
ветеринарлық заңының талабын сақтауға мiндеттi.
 
Біртҧтас ветеринарлық талаптарға сәйкес келмеуіне 
байланысты, шекара арқылы ӛтуі уақытша тоқтатылған 
бақылаудағы тауарлардың ветеринарлық бақылауының ӛту 
тәртібі 
Бір Жақтың ӛкілетті органының тауарды тоқтатқан лауазымды 
тұлғасы тауарды ары қарай ӛткізу (қайтару) жӛнінде шешім 
қабылдамаған жағдайда, Жақтардың заңнамасына сәйкес ветеринария 
саласындағы лауазымды тұлға, 24 сағат ішінде,бақыдаудағы тауардың 
иесін, 
анықтау 
бӛлімін, 
экспорттаушы-елді, 
ветеринарлық 
сертификаттың номерін (немесе тауардың қауыпсіздігін дәлелдейтін 
басқа құжаттар), кӛліктің түрі мен тіркеу нӛмірін, оның тоқтатылу 
себебін кӛрсетіп Жақтың ӛкілетті органының электрондық поштасына 
электрондық түрде жіберіп, хабардар етуі керек.


58 
Сонымен қатар бақылаудағы тауарды тасымалдау барысында 
ветеринарлық-санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты акт 
құралады да тауардың иесіне беріледі (экспедиторге).Тасмалдануы 
тоқтатылған бақылаудағы тауарлар жайындағы ақпарат тіркеу 
жорналына еңгізіледі. 
Уақытша тоқтатылған тауарды ары қара тасымалдау жайындағы 
шешім, Жақтардың заңнамасына сәйкесветеринария саласында ӛкілетті 
лауазымды тұлғамен, 72 сағат ішінде қабылданады. 
Жақтардың ұлттық заңнамасына сәйкес ветеринария 
саласындағы ӛкілетті лауазымды тұлғаның уақытша тоқтатылған
бақылаудағы тауарларды ары қарай ӛткізуге рұқсатын алғаннан кейін, 
ондай тауарларға қатысты барлық істер Жақтың ӛкілетті органының 
лауазымды тұлғаларының қатысымен жүргізілуі керек. 
Иесі бақылаудағы тауардың ветеринариялық- санитариялық жағынан 
қауіпсіздігін екендігін құжаттар арқылы дәлелдей алмаса, бақылаудағы 
тауар сол тауардың иесі арқылы экспертиза жүргізілмей-ақ жойылады 
немесе экспорттаушыға қайтарылады. 
Кіруге рұқсат берілмеген бақылаудағы тауарлар, Жақтардың 
заңнамасына сәйкес белгіленген уақытта шығарылуы тиіс.
Бақылаудағы тауар, тауар иесінің қаражатына және кедендік одақтың 
кедендік заңнамасына сәйкес, тауардың иесі арқылы шығарылады. 
Біртұтас ветеринарлық талаптарға сәйкес келмейтін, кедендік 
одақтың кедендік аумағынан белгіленген күні оның ӛткізу пунктінен 
шығарылуы 
мүмкін 
болмаған 
бақылаудағы 
таурлар 
залалсыздандырылады немесе Жақтардың заңнамасына сәйкес 
жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет