Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Бірлесіп тексерулер жҥргізудің тәртібі



Pdf көрінісі
бет33/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   205
index

Бірлесіп тексерулер жҥргізудің тәртібі. Үшінші елдердің 
аумағында орналасқан бақылау объектілеріне бірлескен тексерулер осы 
елдердің құзыретті органдарының жүгінуі бойынша мұндай 
объектілерді кедендік одақтың кедендік аумағына әкелінетін бақылауға 
алынған тауарларды ӛндіру, қайта ӛңдеу және сақтауды жүзеге 
асыратын ұйымдар мен тұлғалар Тізіліміне енгізу мақсатында жүзеге 
асырылады. 
Тараптардың уәкілетті органы үшінші елдердің аумағында 
орналасқан бақылау объектілеріне жоспарланып отырған бірлескен 
тексеруді жүргізгенге дейін 2 айдан кешіктірмей (егер Тараптармен 
мейлінше қысқа мерзімді қарастырылмаса) ӛзге инспекторлар тобын 
қалыптастыру және бірлескен тексерулерді жүргізу мерзімін келісу 
үшін бірлескен тексерулерді алда жүргізу туралы хабардар етеді.


60 
Ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша 
Тараптардың біреуінің инспекторымен бақылау объектілеріне тексеру 
жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл кезде тексеруші Тараптың уәкілетті 
органының тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шешімі соңғы 
болып табылады. 
Аумағына үшінші елдерден бақылауға алынған тауарлардың 
әкелінуі жорамалданып отырған Тараптың уәкілетті органы Тараптың 
заңнамасымен кӛзделген тәртіпте үшінші елдің кәсіпорындарының 
Тізілімінің жүргізілуін жүзеге асырады. Тараптардың уәкілетті 
органдары үшінші елдердің кәсіпорындар Тізіліміндегі ақпаратты 
кедендік одақ Комиссиясына оны кедендік одақтың ішкі және ӛзара 
саудасының Үйлестірілген ақпараттық жүйесіне орналастыру үшін 
жібереді. 
Үшінші елдердің аумағында орналасқан бақылау объектілері 
бірлескен тексерулер жүргізбей-ақ ӛзге Тараптардың уәкілетті 
органдарының келісімі бойынша, аумағына үшінші елдерден бақылауға 
алынған тауарлардың әкелінуі жорамалданып отырған Тараптың 
уәкілетті органының шешімі бойынша, ветеринария саласындағы 
үшінші елдің құзыретті органының кепілінің негізінде үшінші елдердің 
кәсіпорындарының Тізіліміне енгізіле алады. Бұл кезде мұндай шешім 
қабылдаған Тараптың уәкілетті органы соңынан аталған тексеру 
объектіне бірлескен тексеруді жүзеге асыруға құқылы. 
Үшінші елдердің бақылау объектілерінде ӛндірілген бақылауға 
алынған тауарлардың кедендік одақ аумағына әкелінетін тауарлардың 
Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі қайтадан анықталған 
жағдайда, сәйкессіздікті анықтаған Тараптың уәкілетті органы 
аумағында бақылау объекті орналасқан үшінші елдің құзыретті 
органын және ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарын анықталған 
сәйкессіздіктер туралы және бақылауға алынған тауарларды әкелуді 
уақытша тоқтату туралы хабардар етеді. Бақылауға алынған тауарларды 
әкелуді уақытша тоқтату туралы шешім оны қабылдаған күннен бастап 
екі жұмыс күнінен кешіктірмей ӛзге Тараптардың уәкілетті 
органдарымен келісуге жатады. Кӛрсетілген шешім мұндай шешім 
қабылдаған 
Тараптың 
уәкілетті 
органының 
ресми 
сайтына 
орналастырылады. 
Әр Тараптың уәкілетті органдары Тараптардың заңнамасымен 
кӛзделген тәртіпте бақылау объектілеріне оларды бір Тараптың 
аумағынан ӛзге Тараптың аумағына жеткізілетін бақылауға алынған 
тауарларды ӛндіруді, қайта ӛңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын 
ұйымдар мен тұлғалардың Тізіліміне енгізу мақсатында тексеру 
жүргізеді. Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміндегі ақпаратты 


61 
Тараптардың уәкілетті органдарыкедендік одақ Комиссиясына оны 
Үйлестірілген ақпараттық жүйеге орналастыру үшін жібереді. 
Тараптар кедендік одақ кәсіпорындарТізіліміне ӛздерінің 
аумақтарында орналасқан бақылау объектілерін енгізу туралы 
Тараптардың уәкілетті органдарының шешімдерін ӛзара мойындайды. 
Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау 
объектілеріне бірлескен тексерулер қажеттілігі және Тараптардың ӛзара 
келісімі бойынша келесі жағдайларда жүзеге асыруға болады: 
1)бақылау объектілерінде ӛндірілген бақылауға алынған 
тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі 
қайтадан анықталғанда; 
2)бақылау объектінде орналасқан аумақтан карантин алынып 
тасталғанда; 
3)бақылау объектінің карантин белгіленген аумаққа шекара 
аумақта орналасуы. 
Бақылауғаалынған 
тауарлардың 
Бірыңғай 
ветеринарлық 
талаптарға 
сәйкес 
еместігі 
қайтадан 
анықталғанда 
мұндай 
сәйкессіздікті анықтаған Тараптың уәкілетті органы бақылауға алынған 
тауарды ӛндірген Тараптың уәкілетті органын анықталған факті туралы 
хабардар етеді. Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес емес деп 
танылған бақылауға алынған тауарды ӛндірген Тараптың уәкілетті 
органы хабарлама фактісі бойынша ӛз бетінше бақылау объектіне 
тексеру жүргізеді. Мұндай тексерулердің нәтижелері бойынша акт 
жасалады, хабарлаушы Тарапқа жіберіледі. 
Бақылау объектіне тексеру жүргізу барысында бақылауға 
алынған тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес 
еместігінің себебі болмаған жағдайда хабарлаушы Тарап тексеру 
нәтижелерін мойындайды немесе тексеру нәтижелерімен келіспеген 
жағдайда аталған бақылау объектіне бірлескен тексеру жүргізуді 
бастауға құқылы. 
Тексеру нәтижелері бойынша Бірыңғай ветеринарлық талаптарға 
сәйкес емес бақылауға алынған тауарлардың шығуына себеп болған 
Бірыңғай ветеринарлық талаптарды бұзушылықтар анықталған 
жағдайда, аумағына бақылау объектісі орналасқан Тараптардың 
уәкілетті органы тексеру актінде кӛрсетілген бұзушылықтар 
жойылғанға дейін бақылауға алынған тауарларды айналымға шығаруды 
тоқтату туралы шешім қабылдайды. 


62 
Анықталған бұзушылықтар тексеру актінде кӛрсетілген мерзімде 
жойылмаған 
жағдайда 
аумағында 
бақылау 
объектісі 
орналасқанТараптың уәкілетті органы бақылау объектін кедендік одақ 
кәсіпорындарының 
Тізілімінен 
алып 
тастау 
туралы 
шешім 
қабылдайды.Бұл шешім Тараптың заңнамаларымен белгілеген тәртіпте 
шағымдануы мүмкін. Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне 
енгізілген бақылау объектілеріне бірлескен тексеру Тараптардың 
уәкілетті органдармен келісілген мерзімде жүзеге асырылады. 
Аумағында бақылау объектілері орналасқан бақылау объектілеріне 
қалған Тараптардың уәкілетті органдардың келісімі бойынша бірлескен 
тексеру жүргізуге рұқсат етіледі.Бұл кезде тексеруші Тараптың 
уәкілетті органымен тексеру нәтижесі бойынша қабылданған шешім 
соңғы болып танылады. 
Үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне және кедендік 
одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау объектілеріне 
бірлескен тексерулер жүргізу мерзімі бес жұмыс күнінен аспау қажет. 
Бірлескен тексерулер (инспекциялар) жүргізумен байланысты 
қаржылық шығындар әрбір нақты жағдайларда ӛзге тәртіп келісілмесе 
Тараптардың сәйкесті бюджеттерімен жүзеге асырылады. 
Инспекторлар бақылау объектіне келгеннен кейін мыналарды 
жүзеге асырады
1) құжаттармен танысу:бақылау объектісінің жоспар сызбасы, 
ӛндірістің технологиялық сызбалары,ӛндірістің және бақылауға 
алынған тауарлар шығарылымының кӛлемі,шығарылатын бақылауға 
алынған тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 
мемлекеттік және ӛндірістік бақылаулардың болуы және жүзеге 
асырылуы, бақылау объектінің орналасқан жеріндегі әкімшілік 
аумақтың жануарлар дертіне ыңғайлығы: 2) бақылау объектілерін 
тексеру; 3) бақылауға алынған тауарлардың сынамаларын (үлгілері) 
іріктеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет