Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Жануарларды ӛсіретін, карантин жҥргізетін бақылау



Pdf көрінісі
бет34/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205
index

Жануарларды ӛсіретін, карантин жҥргізетін бақылау 
объектілерін тексеру (инспекциялау) 
 Инспектор жануарларды ӛсіруді, карантиндеуді жүзеге асыратын 
бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: тараптардың карантинді 
және аса қауіпті аурулар тізбесіне енгізілген ауралар бойынша,ал 
үшінші 
елдердің 
бақылау 
объектілерінде- 
Бірыңғай 
ветеринарлықталаптарда кӛрсетілген аурулар бойынша жануарлар 
дертіне қарсы міндетті іс-шаралардың орындалуы; азық және азық 
қоспаларының сапасымен қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру 
тәртібін; жануарлар денсаулығының мониторингімен бақылауын 


63 
қамтамасыз ететін журналдармен ӛзге құжаттардың жүргізілуін; 
қайтадан 
келген 
жануарларды 
Тараптардың 
заңнамаларында 
кӛрсетілген жағдайларда 
карантинге 
қою 
тәртібін; 
бақылау 
объектіндегі жануарлардың орындарына дезинфекция, дәрілеу, 
дератизация жүргізудіңұйымдастырылуын; жануарларды ұстау, азық 
беру 
және 
кӛбейту 
бойынша 
ветеринарлық 
зоотехникалық 
нормалардың сақталуын; ветеринарияда қолдану үшін дәрілік 
құралдарды пайдалануды бақылау. 
Жануарларды дайындауды (союды) жҥзеге асыратын 
бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) 
Инспектор жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын 
бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: шығарылатын бақылауға 
алынған тауарлардың бақылау объектінің жобалық параметрлеріне 
қатысты кӛлемімен ассортименті; жануарларды кіргізуді және тиеуді 
жүзеге асыратын дезинфекциялық барьерлер мен ӛткізетін жерлердің 
ветеринарлық санитарлық жағдайы (соның ішінде қысқы кезде 
жылытудың болуы); союға түсетін жануарлар және бақылау 
объектілерінде 
шығатын 
бақылауға 
алынған 
тауарлар 
үшін 
ветеринарлық ілеспе құжаттардың болуы; биологиялық қалдықтарды 
кәдеге жарату және жоюды жүзеге асыру жағдайлары; сойылатын 
малдарды қабылдау және тиеуді жүзеге асыру жағдайлары; сою 
алдында ұстайтын жерлердің ветеринарлық-санитарлық жағдайы, 
союға келіп түскен малды тексеруді және союға немесе санитарлық 
қасапханаға 
жіберу 
тәртібі; 
бақылау 
объектінің 
аумағына, 
ғимаратқа,жабдыққа, арнайы кӛлік құралдарына дезинфекция, дәрілеу, 
дератизация жүргізуді ұйымдастыру; ветеринарлық мақсаттағы 
объектілердің, технологиялық және тоңазытқыш жабдығының
ӛндірістік және қойма ғимараттарының, тоңазытқыш және мұздатқыш 
камераларының, 
мүліктің, 
сондай 
ақ 
бақылау 
объектісінің 
ветеринарлық-санитарлық жағдайы; бақылауға алынған тауарларды 
тоңазытқыш және мұздатқыш камераларға қабылдау және сақтау 
жағдайлары; 
сойылатын 
ӛнімдерге 
(бас, 
дене 
және 
органдар)ветеринарлық-санитарлық сараптама ӛткізу тәртібі; қажет 
жағдайда бақылауға алынған тауарларды зерттеу үшін сынамаларды 
(үлгілі)іріктеуді жүргізуді ұйымдастыру; ветеринарлық-санитарлық 
сараптаманың нәтижелері бойынша таңбаланған ет; мемлекеттік және 
ӛндірістік лабораториялық бақылауды жүргізу тәртібі; егер болса, 
ӛнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмыс жасауы 
(НАССР, ISO, CMP) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет