Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


  Бақылауға алынған тауарларды қайта ӛңдеуді жҥзеге



Pdf көрінісі
бет35/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205
index

 


64 
Бақылауға алынған тауарларды қайта ӛңдеуді жҥзеге 
асыратын бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) 
Инспектор бақылауға алынған тауарларды қайта ӛңдеуді жүзеге 
асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: қайта ӛңдеуге 
түсетін шикізаттың ветеринарлық ілеспе құжаттарының болуын
шығарылатын бақылауға алынған тауарлардың бақылау объектінің 
жобалық параметрлеріне қатысты кӛлемі мен ассортиментін; 
ветеринарлық мақсаттағы объектілердің, технологиялық және 
тоңазытқыш жабдығының, ӛндірістік және қойма ғимараттарының
тоңазытқыш және мұздатқыш камераларының, мүліктің, сондай ақ 
бақылау объектісінің ветеринарлық-санитарлық жағдайын; ӛндірістік 
ғимаратқа, технологиялық жабдыққа, мүлікке, ыдыстарға дезинфекция, 
дәрілеу, дератизация жүргізудің ұйымдастырылуын; қайта ӛңдеуге 
келіп түсетін шикізат пен шығарылатын бақылауға алынған тауарларға 
мемлекеттік және ӛндірістік лабораториялық бақылауды жүргізу 
тәртібін; егер болса, ӛнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау 
жүйесінің жұмыс жасауын (НАССР, ISO, CMP) 
Бақылауға алынған тауарларды сақтауды жҥзеге асыратын 
бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) 
Инспектор бақылауға алынған тауарларды сақтаудыжүзеге 
асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: бақылауға 
алынған тауарларды, соның ішінде шикізатты сақтау және тасымалдау 
жағдайлары мен ережелерінің сақталуын; бақылау объектісінің 
бақылау-ӛлшеу құралдарымен жабдықталуын; бақылауға алынған 
тауарларды сақтау үшін бӛлек тоңазытқыш және мұздатқыш 
камераларының болуын; азық-түлік шикізатын, дайын ӛнімді, азық-
түлік емес ӛнімді, ыдыстарды сақтауды ұйымдастыруды; дезинфекция 
барьерлерінің болуын және жағдайын; тоңазытқыш бӛлмелер мен 
кӛліктерге 
дезинфекция, 
дәрілеу, 
дератизация 
жүргізудің 
ұйымдастырылуын; бақылауға алынған тауарларды уақытша сақтау 
және тиеу кезіндегі температуралық-ылғалды режимдер; бақылауға 
алынған тауарларды тиеу (түсіру) және тасымалдау барысында 
ветеринарлық ілеспе құжаттардың рәсімделуін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет