Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) нәтижелерін



Pdf көрінісі
бет37/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   205
index

 
Бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) нәтижелерін 
бағалау және рәсімдеу 
 
Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау 
объектілеріне бірлесіп тексеру (инспекциялау) нәтижелері бойынша 
тексеру акті жасалады. 
Тексеру акті кем дегенде үш данада рәсімделеді және тексеруге 
(инспекциялауға) қатысушы Тараптардың инспекторларымен және 
тексерілетін бақылау объектісінің басшыларымен қол қойылады. 
Қол қойылған актінің бір данасы бақылау объектісінің 
басшысына және бір данасы тексеруге (инспекциялауға) қатысқан 
Тараптың инспекторына беріледі. Лабораториялық зерттеулер 
жүргізілген жағдайда, бақылау объектіне тексеру жүргізу барысында 
тексеру актіне жүргізілген лабораториялық зерттеулердің акті 
(хаттамасы, қорытындысы) қоса беріледі. 
Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау 
объектілерін бірлесіп тексеру нәтижелері бойынша инспекторлар келесі 
шешімдердің біреуін қабылдайды: 


66 
1) тексеру актінде кӛрсетілген бұзушылықтар жойылғанға дейін 
бақылауға алынған тауарларды айналымға шығаруды тоқтату 
туралы; 
2) бақылауға алынған тауарларды айналымға шығаруға рұқсат 
беру туралы; 
Үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген немесе 
енгізуге үмітті бақылау объектілеріне бірлескен тексеру нәтижелері 
бойынша инспекторлар келесі шешімдердің біреуін қабылдайды: 
1) ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша 
үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне бақылау объектін 
бірлескен тексеруді бастаушы Тараптың уәкілетті органымен енгізу 
үшін негіз болып табылатын оң қорытынды; 
2) мыналарға негіз болып табылатын теріс қорытынды: 

ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша 
үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне бақылау объектін 
бірлескен тексеруді бастаушы Тараптың уәкілетті органымен енгізуден 
бас тарту; 

ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша 
үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізілімінен бақылау объектін 
бірлескен тексеруді бастаушы Тараптың уәкілетті органымен алып 
тастау. 
Тексеру нәтижелері туралы есеп (қорытынды) аумағында бақылау 
объектісі орналасқан үшінші елдің құзыретті органына жіберіледі.
Теріс қорытынды болған жағдайда үшінші елдің құзыретті 
органы бірлескен тексеруді бастаушы Тараптың уәкілетті органына 
бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынады. Бірлескен тексеруді 
бастаушы Тараптың уәкілетті органымен ұсынылған есептің 
нәтижелері бойынша, ӛзге Тараптардың уәкілетті органдарының 
келісімі бойынша үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне енгізу 
немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.
Бірлескен тексеруді бастаушы Тараптың уәкілетті органы 
қабылданған шешімдер туралы ақпаратты Үйлестірілген ақпараттық 
жүйеге орналастыру үшін кедендік одақ Комиссиясына жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет