90
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың
ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Карантин кезінде
жануарларды клиникалық қарайды, күнделікті
дене температурасын ӛлшеп, блутанг, маңқа, су-ауру, туберкулезге,
бруцеллезге, паратуберкулезге, контагиозды плевропневмонияға,
жылқылардың африкандық обасына
диагностикалық зерттеулер
ӛткізіледі.
Маймылдарды кедендік одақтың аумағында және (немесе)
Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде
қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға
жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын
дені сау маймылдар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға
жататындары:
- Рифт алаңының қызбасы, туляремия
- шаруашылық аумағында
соңғы 3 ай бойы;
Маймылдарды экспорттайтын шаруашылықтар мен әкімшілік
аумағында адам мен жануарлар арасында ешқашанда келесі
аурулардың ошақтары кездеспеу керек: гемморагиялық қызба түрлері
(Ласса, Эбола, Марбург т.б), маймылдардың шешегі, адам обасы.
Кедендік одақтың аумағына жіберілетін іріктелген маймылдар
экспортер-елінде, арнайы базаларда 30 күндік каратинде тұрады.
Карантин кезінде әр басты клиникалық қараудан
және міндетті тұрде
термометриядан ӛткізеді. Сол уақытта диагностикалық зерттеулер
ӛткізіледі:
-гемморагиялық қызба тұрлері (Ласса, Эбола, Марбург, Денге,
сары қызбасы, ВИЧ, лимфатикалық хориоменингит), маймылдардың
шешегі, А,В,С гепатиті, В герпесінің қоздырғыштарына антиденелердің
барына тексереді;
- энтеробактерия топтарына: эшерихий,
сальмонелла, шигелл,
кампилобактерия,
лепра,
риккетсиоздар,
боррелиоздардың
қоздырғыштарына антиденелердің барына тексереді;
-туберкулезге.
Достарыңызбен бөлісу: