Бейнеу ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасын бекіту туралы



жүктеу 293.9 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі293.9 Kb.


жоба

5 САЙЛАНҒАН БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫ

Ш Е Ш І М

20 тамыз 2013 жыл. №17/ Бейнеу селосы



«Бейнеу ауданындағы әлеуметтік

көмек көрсету, оның мөлшерін

белгілеу және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізімін

анықтау Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету,оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына» сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Бейнеу ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасы бекітілсін.

2. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 24 шілдедегі №6/42 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-139 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы №35(2058) аудандық «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етілсін.

4.Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке (келісімі бойынша) жүктелсін.

5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы Аудандық мәслихат

хатшысы м.а.
Л.Әжібаева Ө.Шығанбайұлы

«Келісілді»

«Бейнеу аудандық қаржы және

экономика бөлімі» мемлекеттік

мекесі

_____________________М.Нысанбаев



20 тамыз 2013 жыл.
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

_______________________Б.Өмірбеков

20 тамыз 2013 жыл.
Бейнеу аудандық маслихатының

2013 жылғы ___ тамыздағы

№ /___ шешіміне қосымша
Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау

Қағидасы
Осы Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және Бейнеу ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау қағидасы (бұдан әрі-Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасындағы Бюджеттік кодекс туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілеттік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №2018 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтаудың үлгілік қағидасына» сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдар мен ұғымдар:

1) атауулы күндер – Қазақстан Республикасының тарихына ықпал ететін және жалпы халыққа бірдей тарихи, рухани және мәдени мәні бар оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдай болғанда әлеуметтік көмек көрсетуге ұмтылатын, тұлғалардың (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша статистика органы есептеп шығаратын, шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай табыс;

4) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелік күндері;

5) отбасының (азаматтың) орташа жан басына шаққандағы табысы – айына отбасының әр мүшесіне түсетін, отбасының жиынтық табысының үлесі;

6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тіршілік әрекетін объективті бұзатын, өздігінен жеңіп шығуға мүмкіндігі жоқ жағдай;

7) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын өкілетті орган – «Бейнеу аудундық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім);

8) өкілетті ұйым – «Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» (бұдан әрі-Орталық) Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалы;

9) әлеуметтік көмекті төлейтін өкілетті ұйым- қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қажетті банк операцияларын реттейтін және қадағалайтын уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар.

10) участкелік комиссия – әлеуметтік көмек сұраған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу және қорытындысын дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктерге сәйкес әкімдердің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең төменгі мөлшері.

Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

2. Осы Қағида әкімшіліктік-аумақтық бірліктерге сәйкес аумақта тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.

3. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай-ақ айтулы күндер мен мерекелік күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі - алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай немесе табиғи түрде көрсетіледі.

4. 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидада қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек бір жолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) түрде ұсынылады.

6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндермен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша жергілікті өкілді орган белгілейді.

7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.

Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.


2. Әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу және әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізімін анықтау тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу туралы және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелері Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленген.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу туралы қорытынды шығарғанда ны және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелері осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленген.

9. Айтулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттар үшін әлеуметтік көмек мөлшері осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес белгіленеді.

10. Әрбір жеке жағдайларда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Айтулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек Орталық ұсынған азаматтардың жекелеген санаттарының тізімінің электрондық нұсқасы негізінде, осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

Айтулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға уәкілетті орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім жасайды.

12. Өмірлік қиын жағдай туындағанда әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан өкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкіміне келесі құжаттардың қосымшасымен өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерін растайтын құжат;

3) осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәлімет;

4) азаматтың (отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәлімет;

5)алушының санатын растайтын құжаттар;

6) өмірдің қиын жағдайы туындағанын растайтын құжат және/немесе акт;

7) әлеуметтік көмек төлейтін өкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат.

Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа алады:

1) отбасының ересек мүшесі;

2) қамқоршы ( сенімгер);

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.

14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

15. Әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде өкілетті орган немесе кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін участкелік комиссияға жолдайды.

16. Участкелік комиссия екі жұмыс күні ішінде құжатты алған күннен бастап өтініш берушінің тексерісін жүргізеді, нәтижесі бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, осы Қағиданың 4,5 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша, әлеуметтік көмекке тұлғалардың (отбасылардың) мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны өкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкіміне жолдайды.

Кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкімі екі жұмыс күні ішінде акт және участкелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап оларды құжаттардың қосымшасымен өкілетті органға жібереді

17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттардың жеткіліксіз болған жағдайда өкілетті орган сәйкес органдардан әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратады.

18. Өтініш беруші қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, өкілетті орган сәйкес мәліметтер бар, басқа да өкілді органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

19. Өкілетті орган бір жұмыс күні ішінде участкелік комиссиядан немесе кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкімінен құжаттар түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) орташа жан басына шаққандағы кірісінің есебін жүргізеді және арнайы комиссияның қарауына құжаттардың толық пакетін ұсынады.

20. Арнайы комиссия екі жұмыс күні ішінде құжаттардың түскен күнінен бастап әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды шыққан кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

21. Өкілетті орган сегіз жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжатын тіркеу күнінен бастап әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы арнайы комиссияның қорытындысы мен қабылданған құжаттарының негізінде әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағиданың 17 және 18 тармағында көрсетілген жағдайда, өкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауыл округтың әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

22. Өкілетті орган жазбаша түрде өтініш берушіге қабылдаған шешімі туралы (бас тартқан жағдайда – негіздеме көрсетіледі) үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдаған күннен бастап хабарлайды.

23. Осы Қағиданың 2 қосымшасының 3 тармағында көрсетілген санаттағы студенттер үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылданғаннан кейін осы Қағиданың 6 қосымшасына сәйкес арнаулы шарт рәсімделеді.

24. Бір-бірден белгіленген негіздемесі бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жылдың ішінде екінші қайтара тағайындалмайды.

25. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбекжәне әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.

26. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:

1) өтініш берушімен ұсынылған дұрыс емес мәліметтер анықталғанда;

2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш беруші бас тартса, жалтарса;

3) әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұлғаның (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысының мөлшері белгіленген шектен асып кетуі, осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес;

27. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылда Бейнеу ауданының бюджетімен қарастырылған құралдар шегінде жүзеге асады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті

тоқтату және қайтару үшін негіздер
28. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:

1) алушының қайтыс болуы;

2) алушының әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес шегінде тұрақты тұруға кетуі;

3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;

4) өтініш берушімен ұсынылған дұрыс емес мәліметтердің анықталуы.

Әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген жағдайлардың туындаған айынан бастап тоқтатылады.

29. Артық төленген сома ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

5. Қорытынды ережелер
30. Әлеуметтік көмек көрсетудің мониторингін және есебін «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайданалану арқылы өкілетті орган жүргізеді.

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 1 қосымша


Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері, сондай-ақ азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелері



п/п

Санаттар тізбесі


Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме


Шекті мөлшерлер

Өтініш білдіру мерзімдері

Төлеу мерзімділігі



Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек




1

Табысы есептелмей мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

(негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуімен байланысты)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы

Айына 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес

Жыл сайын, өтініш берген айдан бастап

Тоқсан сайын

2

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар

Сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру


50 айлық есептік көрсеткіштен кем емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей


Жылына бір рет

Мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде келесі әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, ВИЧ жұқпалы аурулар, туберкулездің түрлі формаларымен ауыратын аурулар


25 айлық есептік көрсеткіштен кем емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей


Жылына бір рет

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

3

  1. мүгедек студенттер;

2) тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиешілері;

3) келесі отбасыдан шыққан студенттер, егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата- анасының біреуі қайтыс болуы;



4) көп балалы отбасыдан шыққан студенттер, төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғарғы оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар



Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасының жан басына шаққандағы табысының болуы және келісімшарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын, білім беру қызметін төлеу



1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;

2) Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды жарым-жартылай өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер



Жыл сайын, оқу мерзімінде

Оқуға бір жолғы төлеу, тамақтануға және тұруға кететін шығындарды жарым-жартылай өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының он айында жүргізіледі


4

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);

Емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)

Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 0,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, орташа жан басына шаққандағы табыстың болуы


40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес

Өтініш берген күннен бастап

Жылына бір рет

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 2 қосымша


Жеке алынған санаттар тізбесі, айтулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері



п/п

Айтулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек еселігі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1

22 наурыз мерекесі


«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар

2 АЕК




2

1986 жыл 26 сәуір Чернобыльдағы АЭС апат күні



Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектер

60 000 теңге




1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

50 000 теңге




1988–1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

20 000 теңге




3

9 (тоғыз) мамыр Жеңіс күні


Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 000 теңге




Жеңілдіктер пен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектерден басқа)

60 000 теңге




Жеңілдіктер пен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар (1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 000 теңге







9 (тоғыз) мамыр Жеңіс күні


Ұлы Отан соғыс жылдарында еңбек майданындағы жан қиярлық еңбегі үшін Бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған (қызмет еткен) тұлғалар және Ұлы Отан соғыс жылдарында еңбек майданындағы жан қиярлық еңбегі үшін Бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталмаған тұлғалар

10 000 теңге




Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері

40 000 теңге




Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 4 бабының 3,4 тармағында көрсетілген тұлғалар

10 000 теңге




4

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні


Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш




Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш




5

6 қазан Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтың 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектері мен мүгедек балалар, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш




Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

6

1 қазан Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғары зейнеткерлер

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш




7

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар


36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш



Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 3 қосымша




Отбасының тіркеу нөмірі



Өтініш иесінің отбасының құрамы туралы мәліметтер

(өтініш иесінің Т. А. Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)


р/с/




Отбасы мүшелерінің Т. А. Ә.


Өтініш иесіне

туыстық қатынасы

Туған күні мен

жылы





































































Өтініш иесінің қолы ________________________________ Күні ____________________


Отбасының құрамын туралы

мәліметтерді растауға уәкілетті

органның лауазымды

адамның Т. А. Ә. _________________________

(қолы) (тегі)


Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 4 қосымша



Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру

АКТІСІ
20__ ж. «____»___________________

_______________________________

(елді мекен)


  1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._______________________________________________________

  2. Тұратын мекен-жайы _________________________________________________________

  3. Өтініш берушіні әлеуметтік көмек көрсету үшін хабарласуға себеп болған өмірлік қиын жағдай _______________________________________________________________

  4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)_______ адам, оның ішінде:



.№


Т.А.Ә.

Туған күні



Өтініш берушіге туыстық қатысы



Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)



Жұмыспен қамтыл-мауының себебі


Қоғамдық жұмыстарға қатысуы кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілгін арттыру) туралы мәліметтер



Өмірлік қиын жағдай
































































































Барлық еңбекке қабілеттілері_________ адам.

Жұмысппен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз адам саны ____

Балалардың саны________адам, оның ішінде:

жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар_________адам, жылына оқу құны_______________ теңге.

Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, қарт адамдардың, 80 жастан асқандардың, әлеуметтік маңзды аурулармен ауыратындардың (қатерлі ісік, туберкулез, иммундық тапшылық вирусы) мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (санаттарды көрсету немесе басқа санатты қосу)______________________________________________________



  1. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге де-көрсету керек) _______

______________________________________________________________________________________

Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар____________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

Отбасының табысы:



Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

бір айда

бір тоқсанда























































  1. Мыналардың:

автокөлігінің болуы маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін табыс)_________________________________________________________________________

қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түсетін табыс)_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________


  1. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________



  1. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі).

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________


  1. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _______

______________________________________________________________________________________

  1. Тұратын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы________________________________________

______________________________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: ___________________ _______________________

Комиссия мүшелері: ___________________ _______________________

___________________ _______________________

___________________ _______________________

___________________ _______________________

(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:

______________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)

Тексеру жүргізуден бас тартамын ____________________________________ Т.А.Ә. және өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) қолы, күні

______________________________________________________________________________________

(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)


Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 5 қосымша


Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы

20 __ ж. «____»_______________


Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына сәйкес өмірлік қиын жағдай тууына байланысты әлеуметтік көмек көрестуге хабарласқан отбасының ( өтініш берушінің)

__________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және ұсынылған құжаттары және (немесе) өтініш берушінің

материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде отбасына (тұлғаға) өмірлік қиын жағдай тууына байланысты әлеуметтік көмек көресту

____________________________________________________________туралы

(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

қорытынды шығарды

Комиссия төрағасы: ___________________ ___________________________

Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________________

___________________ ___________________________

___________________ ___________________________

___________________ ___________________________

(қолдары) (Т.А.Ә.)


_____дана қоса берілген құжаттармен қорытынды

20 __ ж. «____» ___________________қабылданды

Құжаттарды қабылдаған кент., ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы:

_______________________________________________________________

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасына 6 қосымша

АРНАЙЫ ШАРТ
Бейнеу сеслосы «___» _________201__жыл
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының атынан____________________________________________

________________________________________, әрі қарай – Орындаушы деп аталатын, және

(басшының Т.А.Ә.)

_______________________________________________________________________________

(студенттің, ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдің Т.А.Ә.)
білім беру қызметін төлеу үшін әлеуметтік көмек алушыларға, Қазақстан Республикасының оқу орындарында академиялық бакалавр деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге (студентке, ата-анасына немесе заңды өкіліне) (әрі қарай - әлеуметтік көмек), әрі қарай – Студент деп аталатын, «Бейнеу аудандық әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасының» ____тармағы ____тармақшасына сәйкес келесілер туралы осы арнайы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні


  1. Орындаушы оқу орнымен берілетін бакалавриатта оқудың күндізгі бөлімі бойынша білім беру қызметін көрсету шартының, оған қосымша келісімшарт немесе ағымдағы жылға білім беру грант бағасының негізінде оқуға төлеу мөлшері туралы анықтаманың негізінде білім беру қызметінің бағасын төлейді;

  2. Орындаушы ең төменгі бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде тамақтану мен күн көріс шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетеді.

  3. Төлеу «Жергілікті өкілеттік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» бюджеттік бағдарламаның 007 коды, «Жеке тұлғаларға трансферттер» 322 ерекшелігі бойынша жүргізілетін болады.

  4. Студент мемлекеттік жалпылай білім беру стандартының толық көлемді біліміне ие.

  5. Студент алынған төлемді тағайындау бойынша қолданады.


2. Жақтардың міндеттері


  1. Студент міндетті:

1) 10 жұмыс күннің ішінде әлеуметтік көмек алған күннен бастап оқуға төлеу туралы түбіртекті Өкілетті органға ұсыну;

2) 10 жұмыс күннің ішінде төленетін әлеуметтік көмектің өзгерістеріне қатысты барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты орны өзгергені туралы, соның қатарында Қазақстан Республикасынан тыс кету, анкеталық мәліметтер, банк деректемелері туралы хабарлау;

3) ерікті тәртіпте артық төленген соманы қайтару.


  1. Орындаушы міндетті:

1) белгіленген мерзімде Студентке әлеуметтік көмек төлеу;

2) белгіленген мерзімде студенттің тұруына, тамақтануына ең төменгі 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтану мен күн көріс шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер төлеу.


4.Жақтардың құқықтары


  1. Студент құқылы:

1) Орындаушының іс-әрекетіне шағым беруге.

  1. Орындаушы құқылы:

1) Студенттен Келісімнің шарттарын уақытылы орындауын талап етуге;

2) Студентке Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға;


5. Арнайы шарттың тоқтатылуы

  1. Әлеуметтік көмектің тоқтатылуы келесі жағдайда:

1) Алушының қайтыс болуы;

2) Алушының Әкімшілік-территориялық бірлігіне сәйкес тұрақты тұрғылықты орнынан шегінен, сонымен қатар Қазақстан Республика шекарасынан шығуы;

3) Өтініш берушінің дерексіз ақпарат ұсынғаны туралы анықтиалуы;

4) Оқуының тоқтатылуы.



Әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген жайттардың басталу айынан тоқтатылады.

  1. Артық төленген сома өз еркімен немесе Қазақстан Республикасының заңнама тәртібімен қайтарылуы тиіс.

Осы шарт заңдық күші бар, мемлекеттік тілде екі данадан әзірленген.
6. Шарт мерзімі

  1. Осы Шарт екі жақтың қол қою күнінен бастап заңды күшіне енеді және ____________201__ жылдан бастап ____________201__ жылға дейін қолданыста.

  2. Келісімнің мерзімінен бұрынан бұзылуы тек іс-әрекеттегі заңнамада қарастырылған негіз бойынша жүргізіледі.

  3. Жақтас – бастамашы Шарты мерзімінен бұрын бұзуы туралы Шарттың шамамен бұзылуы күніне дейін он жұмыс күннен кешіктірмей, келесі жаққа жазбаша түрде хабарлауы керек.



  1. Тараптардың заңды мекен жайы, реквезиттері және қойған қолдары.

Орындаушы: Студент


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет