Бейорганикалық химия практикумы


Бор қышқылының ерігіштігі



бет128/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Бор қышқылының ерігіштігі.
а) 5 г бор қышқылына 20 мл су құйып, жақсылап араластырып, қыздырыңдар. Бор қышқылының суық және қыздырған кездегі ерігіштігі қандай?
б) Бор қышқылының алынған ерітіндісін метилоранжбен, одан кейін лакмуспен тексеріңдер. Берілген тәжірибенің негізінде бор қышқылының күші туралы қорытынды жасаңдар.


2. Борметилді эфир алу. Оның жалынының түсі.
1-нұсқа. Кәрлен табақшаға 1-2 г бор қышқылын алып, оған 10-20 мл метил спиртін қосып, тартқыш шкафтың астына әкеліп, жағып көріңдер. Жалынның түсін жазып алыңдар. Борметил эфирінің түзілу және жану реакцияларын жазыңдар.
1-ші ескерту: метил спиртінің орнына этил спиртін, ал бор қышқылының орнына концентрлі күкірт қышқылының бурамен қоспасын алуға болады.
2-нұсқа. Кәрлен табақшаға бураның 3-4 кристалын салып, оған 2-3 тамшы тығыздығы 1,84 г/см3 концентрлі күкірт қышқылын және 5-6 тамшы метил спиртін тамызыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып, бөлінген борметил эфирін жағып көріңдер. Метил спиртінің бор қышқылымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін бор қышқылы және борметил эфирінің реакция теңдеулерін жазыңдар. Осы реакциядағы концентрлі күкірт қышқылының ролін көрсетіңдер.
3-нұсқа. Бұл реакцияны метил спиртін үшатомды спирт-глицеринмен алмастырып орындауға болады. Платина сымының құлақшасымен бор қышқылының бірнеше кристалдарын алып, оларды концентрлі күкірт қышқылының және глицериннің бір тамшысымен ылғалдап, жалынға жанастырыңдар. Жалынның түсінің жасыл болғанын көресіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Бура қанатшаларын алу.
Кейбір металдардың борқышқылды тұздарына бураның балқыған ерітіндісін бояу қасиеті тән. Оларда суытқаннан кейін қанатша (перла) деп аталатын түсті шынылар түзіледі.
Шыны түтікшеге бекітілген платина сымының ұшын жалында қызарғанша қыздырып, зат шынысындағы бураға шылап алып, мөлдір қанатшалар (мөлдір шыны) түзілгенше қайта қыздырыңдар. Тұздың өте аз мөлшерін алу үшін, суық тамшыны абайлап кобальт нитратының ұнтағына жанастырыңдар. Содан кейін сымды тағы да біркелкі шыны тәрізді масса алынғанға дейін қыздырыңдар. Қанатшаны суытып, оның түсіне көңіл аударыңдар. Бураның сусыздану және метаборат пен бор ангидридіне дейін ыдырау реакцияларын, бор ангидридінің кобальт метаборатын және азот ангидридін түзе кобальт нитратымен әрекеттесуін және азот ангидридінің ыдырау реакцияларын жазыңдар.
Бураның кобальт нитратымен әрекеттесу реакциясының жалпы теңдеуін жазыңдар.
Ескерту: Тәжірибеден соң платина сымын мұқият тазарту керек. Ол үшін қанатшаларды ақырындап соққылап, тұз қышқылымен шайып, от жалынында қыздырыңдар.
Сымды тазартқаннан кейін, кобальт тұзының орнына басқа металдың тұзын алып тәжірибені қайталаңдар. Бура қанатшаларының түсі металл иондарын анықтауға сапалық реакция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет