3.Натрий сульфатының гептагидраты. Су жылытқысында екінші құтыдағы натрий сульфатының ерітіндісін 320С дейін қыздырыңдар. Сұйықтық мөлдір болып, кристалдардың бәрі еріп кеткенде құты саңылауын мақтамен жауып, араластырмай суытқыш қоспаға (мұз бен натрий хлоридінің қоспасы) қойыңдар. Натрий сульфаты ерітіндісі бар құтыны 10-15 минуттан кейін шығарып алыңдар. Түзілген кристалдардың пішінін суреттеңдер.
Ерітіндіге аздап Глаубер тұзын салыңдар да, байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Сусыз натрий сульфаты мен оның кристаллогидраттарының ерігіштік қисығын салыңдар. Натрий сульфаты-су жүйесінің күй диаграммасымен танысыңдар. Диаграмманың қай бөліктерінде жүйе инвариантты, моновариантты және дивариантты екенін анықтаңдар.
5.Сулы натрий сульфатының сусыз күйге ауысу температурасын анықтау
Қажетті құралдар мен реактивтер: ауысу температурасын анықтауға арналған құрылғы, сулы натрий сульфатының кристалдары, натрий сульфаты ерітіндісі.
|
62-а суреттегідей құрылғы жинаңдар да, бөлме температурасында қаныққан кристалдық натрий сульфатының декагидраты мен оның ерітіндісінен дайындалған қоспаны термометрмен қамтамасыз етілген ішкі сынауыққа (1) салыңдар. Сыртқы сынауық (6) ауа жылытқысының ролін атқарады. 4-ші стақанға сынауық неғұрлым терең салынып тұратындай мөлшерде су құйыңдар. Стақандағы судың температурасын 38-400С деңгейінде ұстап тұрыңдар. Кристалдар салынған ішкі сынауықты (1) стақандағы суға салыңдар да, кристалдардың жартысы еріп, реакциялық масса сұйықтыққа айналғанда сынауықты сыртынан сүртіп, оны қайтадан суы бар стақанға орналасқан үлкен сыртқы сынауыққа салыңдар. Сынауықты араластыра отырып әрбір 30 сек сайын термометрдің көрсетуін бақылап отырыңдар. Температураның тоқтауы неге байланысты?
|
Жұмыстың бұл бөлігін реакциялық қоспаның температурасы 34-350С-ға дейін көтерілгенде аяқтаңдар. Абсцисса осіне уақытты, ордината осіне температураны сала отырып, қыздыру қисығын салыңдар. Реакциялық қоспасы бар сынауықты (1) 35-400С-қа дейін қыздырыңдар. Оны температурасы 25-280С суы бар стақанға сыртқы сынауықпен (6) бірге орналастырыңдар.
|
62 а-сурет. Ауысу температурасын анықтауға арналған құрылғы
|
Әрбір 30 сек сайын термометрдің көрсетуін белгілеп отырыңдар. Егер реакциялық қоспаның температурасы 300С төмен түсіп кетіп, температураның тоқтағандығы байқалмаса, онда
|
сынауыққа Глаубер тұзын салыңдар.
Тсек
|
0
|
30
|
60
|
90
|
120
|
150
|
180
|
210
|
240
|
270
|
Т0С
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Абсцисса осіне уақытты, ордината осіне температураны сала отырып, алынған мәліметтерді график түрінде суреттеңдер. Суытқанда температураның тоқтауы неге байланысты? Әдеби мәліметтерді қолдана отырып, натрий сульфаты-су күй диаграммасын салыңдар. Фазалар ережесі негізінде диаграмманың қай бөліктерінде жүйе инвариантты, моновариантты және дивариантты екенін анықтаңдар. Ауысу нүктесі не екенін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |