Бейорганикалық химия практикумы


Ванадий қышқылы (үстел бойынша жасалатын жұмыс)



бет162/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Ванадий қышқылы (үстел бойынша жасалатын жұмыс).
Сутектік формадағы КУ-2 катионитімен толтырылған мұнара арқылы 5-7 мл натрий ванадаты ерітіндісін өткізіңдер. Ерітіндінің түсіне көңіл аудара отырып, бастапқы және ағатын ертіндінің рН анықтаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Мұнара арқылы өткен ерітіндіні кәрлен табақшаға құйып, қыздырыңдар да, біраз уақыттан кейін ванадий (V) оксидінің түзілгенін бақылаңдар.
3. Метаванадий қышқылдарының тұздары.
Екі сынауыққа 2-3 мл натрий метаванадатын құйыңдар да, біреуіне AgNO3, екіншісіне NH4CІ қосыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Изополиванаттар. Екі сынауыққа натрий ванадатының ерітіндісін құйып, бірінші сынауыққа 1 н күкірт қышқылын, екіншісіне 1 н натрий гидроксидін қосыңдар. Не байқалады? Ерітіндінің түсінің өзгеруі неге байланысты? Бейтарап, қышқыл және сілтілік ортада жүретін реакциялардың теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
5. Ванадийдің пероксидті қосылыстары. Натрий ванадатының ерітіндісіне күкірт қышқылын және бірнеше тамшы 3% сутек пероксидін қосыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгергенін бақылаңдар. Қышқылды ортада катионды және анионды пероксидті

О

О




(V | )2 (SO4)3;

Н3[V | O3]




О

О




қосылыстарының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.


ғ 103 жұмыс. Ванадий (ІV), (ІІІ), (ІІ) қосылыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет