Бейорганикалық химия практикумы



бет39/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Есептеулер: Мына теңдеу бойынша қалыпты жағдайда газ көлемін V0 есептеңдер: V0 Р00= VP/T
00C және 101,3 kПа-да 1 л ауаның массасы 1,293 г-ға, ал 1л сутек массасы -0,089 г-ға тең екенін ескере отырып, құты көлеміндегі ауа массасын m3 немесе сутек массасын m4 есептеңдер.
Бос (ауасыз) құтының тығынмен массасын табыңдар: m5= m1- m3.
Құты көлеміндегі көміртек диоксидінің массасын табыңдар: m6= m2- m5.
Ауа бойынша көміртек диоксидінің Dауа(CO2) немесе сутек бойынша Dауа2)(CO2) салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар. Көміртек диоксидінің салыстырмалы молекулалық массасын мына теңдеу бойынша есептеңдер:
M (CO2) = 29 Dауа (CO2). M (CO2) = 2 D(H2)(CO2).
M (CO2) = m6( 22,4/V0 M(CO2) = m6(T/pV.
Жазуларды мына тәртіппен орналастырған ыңғайлы:

  1. Құтының тығынмен және ауамен массасы.

2. Құтының тығынмен және (CO2)- мен массасы.
3. Құты көлемі (белгіге дейін).
4. Тәжірибе кезіндегі абсолют температура (273+t).
5. Атмосфералық қысым (барометрді лаборанттан аласыңдар).

  1. 6. Қалыпты жағдайға келтірілген ауа көлемі.

  2. 7. Құты көлеміндегі ауа массасы.

8. Құты көлеміндегі (CO2) массасы.
9. Ауа бойынша (CO2) тығыздығы.

  1. CO2-нің молярлық массасы (салыстырмалы молекулалық масса). Тәжірибенің абсоютті және салыстырмалы қателігін анықтаңдар.



3.2. Эквивалент. Эквиваленттер заңы
Химиялық реакциялардағы әрекеттесетін заттардың эквиваленттігі туралы түсініктер химиядағы негізгі түсініктердің бірі болып қала береді. Зат мөлшері – физикалық шамасын енгізгеннен кейін “эквивалент” түсінігінің бұрынғы мазмұны өзгерді. Таза және қолданбалы химияда Халықаралық одақтың (JUPAC) ұсынысы бойынша "эквивалент" термині химиктер бұрын үйренген мағынада емес, қазір мүлдем басқа мағына береді. Жаңа негізгі бірліктердің енгізілуіне байланысты зат мөлшерінің өлшем бірлігі - моль, ол химиялық реакцияларға қатысатын кез-келген нақты (молекулалар, иондар, электрондар, протондар, радикалдар және т.б.) немесе шартты (1/5 KМnO4; 1/2Ca2+ ионы және т.б.) бөлшектерге қолданылады.
Эквивалент деп берілген қышқылдық-негіздік реакцияда сутектің бір ионына немесе тотығу-тотықсыздану реакциясында бір электронға эквивалент бола алатын сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтамыз. Осындай мағына "эквивалент" терминінде ион алмасу және электрохимия әдістерінде қолданылады. "Эквивалент" терминін қолданған кезде әрдайым оның қандай реакцияға жататындығын міндетті түрде көрсету керек. Жоғарыда берген анықтама бойынша эквивалент нақты және шартты бөлшек болғандықтан, оның өлшем бірлігі моль болады.
1 моль эквиваленттің массасы "эквиваленттің молярлық массасы" деп аталады, мысалы 1/5 KМnO4-тің 1 молінің массасы 31,6 граммды құрайды, яғни ол сандық мөлшері бойынша қышқыл ортада тотығу-тотықсыздану реакциясы кезіндегі KМnO4-тің грамм-эквиваленті мәніне сәйкес келеді.
СИ жүйесінің енгізілуіне байланысты массаның негізгі өлшем бірлігі - килограмм, зат мөлшерінің негізгі өлшем бірлігі - моль екенін есте сақтау керек, ал грамм-атом, грамм-моль, грамм-эквивалент, грамм-ион және олармен сәйкес концентрацияны өрнектейтін (мысалы, грамм-эквивалент/литр) өлшем бірліктері қазіргі кезде қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет