Бейорганикалық химия практикумы


ғ 12 жұмыс. Металдың салыстырмалы атомдық массасын оның молярлық жылу сыйымдылығы бойынша анықтау



бет42/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 12 жұмыс. Металдың салыстырмалы атомдық массасын оның молярлық жылу сыйымдылығы бойынша анықтау


Теориялық кіріспе
Бір грамм затты бір градусқа қыздыруға қажетті энергия мөлшері меншікті жылу сыйымдылық (С) деп аталады. Осыған сәйкес 1 моль затты бір градусқа қыздыруға қажетті энергия мөлшері молярлық жылу сыйымдылық (СМ) деп аталады. Демек, молярлық жылу сыйымдылық меншікті жылу сыйымдылықтың молярлық массаға көбейтіндісіне тең:
СМ=СLМ (1)
Дюлонг және Пти ережесіне сәйкес көптеген қатты заттардың молялық жылу сыйымдылығы 26 Дж/градLмоль тең.
СМ=СLМ= 26 Дж/градLмоль (2)
Осылайша металдың меншікті жылу сыйымдылығын өлшегеннен кейін оның молярлық массасының жуық мәнін есептеуге болады:
М=26/С г/моль (3)
г/моль өрнектелген молярлық масса элементтің салыстырмалы атомдық массасына тең болады, яғни металдың салыстырмалы атомдық массасының жуық мәнін есептеуге болады. Жай заттың молярлық массасының жуық мәнін оның эквивалентінің табылған немесе белгілі мәніне бөле отырып аламыз:
М/М(fэкв(Ме)Ме)=n (4)
n - саны элементтің валенттігіне (В) тең болуы керек. Егер n бөлшек сан болса, онда нақты валенттілік жалпы n санына жуық бүтін сан болу керек. Эквиваленттің молярлық массасының мәнін валенттікке көбейтіп, металл атомының молярлық массасын табамыз.


Эксперименттік бөлім

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған 3 стакан, қыздырғыш аспап, (электр плитасы), ұзындығы 12-15 см ағаш немесе шыны таяқша, суға төзімді металл үлгісі, технохимиялық таразы, жіп, жылуды ұстап тұратын материал (мақта).

Металдың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау үшін калориметр мен қыздыратын аспап керек. Қарапайым калориметрді бір-біріне кигізілген әртүрлі көлемдегі стакандардан жасауға болады (23-сурет). Ішкі стаканға су құйылады, ал қалғандары жылу өткізбейтін қабат ретінде қолданылады. Стакандардың арасындағы жылу ұстап тұратын кеңістікті жақсарту үшін оған мақтаны нығыздап салып қояды.



Металл түйірін алып, оның бетін зімпара қағазымен тазартып, 0,01 г дәлдікке дейін өлшендер. Металды мықты жіп арқылы шыны таяқшаға байлап, металл су жылытқысының түбіне тимейтіндей оның үстіне орнату керек. Металды қайнап жатқан судың үстінде 20

23-сурет. Калориметр

минуттай ұстау керек. Су жылытқысында қайнап жатқан судың температурасын өлшеп жазып алыңдар.

Осы температураны металл қызатын температура деп есептеңдер. (t0Ме). Калориметрдің ішкі стаканына өте дәл өлшенген 100 мл су құйып, оның температурасын өлшеңдер (t0су). Калориметрді қайнап жатқан су жылытқысының қасына қойып, қызған металды мүмкіндігінше тез калориметрдің стаканына салып, металл суға толық батып тұратындай, бірақ стакан түбі мен қабырғаларына тимейтіндей орналастырыңдар. Калориметрді қайнап жатқан су жылытқысынан алып тастап суды термометрмен абайлап үздіксіз араластыра отырып, температураның өзгеруін бақылаңдар. Есептеуді температура максимумға жеткенше әрбір 30 секунд сайын жүргізіңдер, одан соң темература түсе бастайды. Тәжірибені бірнеше рет (кемінде 2 рет) жасаңдар.
Есептеу үшін орташа мәнді алыңдар. Металдың меншікті жылу сыйымдылығын теңдік бойынша есептеңдер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет