Газометрді оттекпен толтыру. Газометрді оттекпен толтыру үшін қаншалықты KMnO4 керек екенін есептеңдер. Есептелген мөлшердегі KMnO4 өлшеп алып, оны сынауыққа (немесе ретортаға) салып, аузын ұзын газ шығаратын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Оны тұрғыға бекітіп, KMnO4 бар сынауықты қыздырыңдар да, оттек бөлінгеніне көз жеткізгеннен кейін (қалайша?) газометрдің төменгі тубусынан тығынды шығарып алып газометрге (1) тубус арқылы газ шығаратын түтіктің ұшын жалғаңдар. Газометрде жиналған оттекке сәйкес оның ашық (4) тубусынан ондағы су ығысып шығады. Газометрді оттекке толтырғаннан кейін тубустан газ шығаратын түтікшені суырып алып, оны тығынмен жауып, құйғыға (3) су құйыңдар. Газометрден оттекті алу үшін (1) және (2) шүмектерді ашу қажет. Құйғыдан бөтелкеге келетін су одан оттекті ығыстыра отырып (1) шүмектен ағып шығады. Оттекті алар кезде әрқашан құйғының суға толып тұруын қадағалау керек.
2. Оттектің молекулалық массасын анықтау.
Құрылғыны жинап (24-сурет) және оның герметикалығын тексеру керек.
|
Құрғақ сынауықты (1) 0,01 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшеп алыңдар. Осы сынауыққа аздап KClO3 (Бертолле тұзы) салып, оны да осындай дәлдікпен өлшеу керек. Бертолле тұзы 0,30,4 г-дай болуы керек. Осы сынауыққа катализатор ретінде аз ғана
|
24-сурет. Оттектің молекулалық массасын анықтау
|
(0,10,2 г) MnO2 қосып, тағы да өлшеңдер. Абайлап шайқап, сынауықтың ішін-дегілерін араластырыңдар.
|
(2) құтыны (3) тамшыуыр арқылы (тамшыуыр көлемі 100 мл) 2/3 көлемге дейін ас тұзының қаныққан ерітіндісімен толтырыңдар (неліктен оттекті ас тұзының қаныққан ерітіндісінің үстінде жинайды?).
Құтыға KСlO3 бар сынауықты жалғаңдар. Тамшуыр мен құтыдағы ерітінді деңгейі бірдей болуы керек, мұнда ерітінді тамшуырдың тек төменгі бөлігінде ғана болуы керек. Тамшуырдағы ерітіндінің қандай деңгейде тұрғанын жазып алу керек. Сынауықты абайлап қыздырып, тамшуыр мен құтыдағы ерітінділердің деңгейлері әрдайым бірдей болатындай етіп тамшуырды баяу түсіріңдер. Тамшуырдағы сұйық деңгейінің өзгеруі тоқтаған кезде, қыздыруды тоқтатып, қондырғыны бөлме температурасына дейін суытып, құты мен тамшуырдағы сұйықты бір деңгейге келтіріп, тамшуырдың көрсеткішін жазып алыңдар. Бөлінген оттектің көлемін тәжірибеге дейінгі және кейінгі тамшыуыр көрсеткішінің айырымы арқылы анықтаңдар. Сынауықты өлшеп, масса айырмашылықтары бойынша бөлінген оттек массасын табыңдар. Барометрлік қысым мен ас тұзы ерітіндісінің температурасын жазып алыңдар.
Оттектің молекулалық массасын Менделеев Клапейрон теңдеуі бойынша есептеңдер. Есептеу кезінде бөлінген оттектің қысымы тәжірибе температурасындағы барометрлік қысым мен қаныққан NaCl ерітіндісінің үстіндегі су буының тығыздығының айырымына тең екендігін ескерген жөн. Осы тәжірибенің салыстырмалы қателігін есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |