1. Мырыштың күкірт қышқылымен әрекеттесуі. 31-суреттегідей құрылғы жинаңдар да, құтыны жартысына дейін күкірт қышқылының ерітіндісімен толтырыңдар. Массасы 0,1 г-ға жуық мырыш түйірін және осыншама мырыш ұнтағын (осындай тәжірибені темірмен де жасауға болады) алыңдар. Бірінші мырыш түйірлерімен тәжірибені жасап алып, сосын ұнтағымен қайталап жасаңдар. Мырышты құтыға салып, тез арада аспапқа қосыңдар да, бөлінген сутек көлемін әрбір 1 немесе 2 минут сайын есептеп отырыңдар. Тәжірибе нәтижелерін жұмыс дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Реагенттің беткі ауданы гетерогендік реакция жылдамдығына қалайша әсер етеді? Бірдей уақыт аралығы ішінде (2 минут, 4 минут және с.с. сайын) екінші тәжірибеде бөлінген сутек көлемі бірінші тәжірибеге қарағанда қанша есе көп? Осы берілгендер арқылы ұнтақтың беттік көлемі түйірдің беттік көлеміне қарағанда қанша есе көп екендігін айтуға бола ма? Осы реакция жылдамдығының математикалық өрнегін жазыңдар. Егер сутек иондарының концентрациясын азайтсақ, онда нені байқауға болады?
2. Мәрмәрдің тұз қышқылымен әрекеттесуі. Металдың орнына мәрмәр (түйіршік немесе ұнтақ), күкірт қышқылының орнына тұз қышқылын ала отырып, 1-ші тәжірибені қайталаңдар.
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
ғ 20 жұмыс. Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химиялық тепе-теңдікке әсері
(Студент өз таңдауы бойынша 2 тәжірибенің біреуін орындауы керек).
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 4 сынауық (стақандар), 0,005 М FeCl3 және NH4CNS (немесе KCNS) ерітінділері, шыны таяқша, NH4Cl, 10% K2Cr2O7 ерітінділері.
|
1. Хлор (ІІІ) хлоридінің аммоний (немесе калий) тиоцианатымен әрекеттесуі.
Әрекеттесуші заттардың концентрациясының реакцияның тепе-теңдігіне әсерін анықтау үшін темір (ІІІ) хлориді ерітіндісінің аммоний (калий) тиоцианатымен әрекеттесу реакциясын қарастырған ыңғайлы. Сұйытылған FeCl3 қызыл-қоңыр түсті, ал концентрлі ерітіндісі қою-қоңыр түсті болады. Аммоний хлориді мен аммоний тиоцианаттары түссіз ерітінділер. Бұл жүйедегі айқын түсті жалғыз аз диссоциацияланған қосылыс темір тиоцианаты (ІІІ) - қызыл қан түсті болып табылады. Оның түсінің өзгеруінен тепе-теңдіктің ығысуын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |