7.ЕРІТІНДІЛЕР
7.1. Теориялық кіріспе
Ерітінді дегеніміз бір немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді жүйе. Әдетте еріткіш дегеніміз ерітінді үшін агрегаттық күйі сәйкес келетін затты айтады. Егер ерітіндідегі барлық компоненттердің агрегаттық күйі бірдей болса, онда қайсысының мөлшері көп сол еріткіш болады.
Еру процесі көбіне жылу эффектісімен, көлем өзгерісімен және ерітіндінің боялуымен жүреді. Бұл құбылыстар және кейбір басқа құбылыстар еріген зат молекуласы мен еріткіштің химиялық әрекеттесуін көрсетеді. Олар Д.И. Менделеев негізін қалаған ерітінділердің химиялық теориясына қатысты болды.
Еру кезінде еріген зат бөлшектері еріткіш молекулаларымен салыстырмалы тұрақсыз, құрамы жиі ауыспалы қосылыс түзеді, олар сольваттар деп аталады. Егер еріткіш су болса гидраттар деп аталады. Кейде су молекулалары еріген зат молекулаларымен тығыз байланысса, онда су кристалл түрінде оның құрамына кіреді. Құрамында суы бар кристалдар - кристаллогидраттар деп аталады.
100 г судағы ерігіштігі
|
|
Зат еруі кезінде мынадай процестер жүреді: еритін затта және еріткіште бөлшектер (молекулалар, атомдар, иондар) арасындағы жылу сіңірілуге байланысты байланыс бұзылады; бір уақытта жылу бөлінумен бірге сольват түзілу болады, содан соң жылу сіңірілуіне байланысты ерітіндіде заттың сольваттанған бөлшектерінің бөлінуі жүреді. Ерудің жалпы жылу эффектісі бөлшектің сольваттануының жылу эффектісі немесе бөлшектер арасындағы байланыстың диффузиясы мен
|
33-сурет. Ерігіштік қисықтары
|
бұзылуының жылу эффектілерінің қосындысына тәуелді болады.
|
Сусыз тұздың және оның кристаллогидратының еру жылуын біле отырып гидратациялану жылуын (су молекуласының қосылуы) есептеуге болады.
Қатты заттардың ерігіштігі санды түрде ерігіштік коэффициенті түрінде өрнектеледі, ол берілген температурада 100 грам ерітіндіні қанықтыратын зат массасы (граммен). Көптеген қатты заттар ерігенде жылу сіңірілетіндіктен олардың ерігіштігі температура артқан сайын артады (33-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |