Қондырғының көрсетулерін тексеру және ерітінділердің рН-ын анықтау
1. Калий тетраоксалатынан дайындалған стандартты буферлі ерітінді бойынша құралдың көрсеткішін тексеру қажет. 200 температурада 0,05 М калий тетраоксалаты ерітіндісінің рН мәні 0,68-ге тең. Электродтарды 0,05 М калий тетраоксалат ерітісіндісіне батырып, “Құралдарды қосу және ерітіндінің рН анықтау реті” тарауында берілген ережелерді басшылыққа ала отырып, оның рН-ын өлшеңдер. Құралдың бағдаршасы 1,68 рН бірлігін көрсету керек, егер басқаша болса мұғалімнен кеңес сұраңдар. 200С температурада рН=9,22 натрий тетраборатының 0,01 М ерітіндісі бойынша құралдың көрсетуін тексеріңдер.
2. Жаңадан дайындалған 0,1 н тұз қышқылы және натрий гидроксиді ерітінділерінің рН анықтау керек. Табылған рН мәндерді көрсетілген ерітіндінің есептелген рН мәндерімен салыстырыңдар.
3. 0,1 н сірке қышқыл ерітіндісінің рН мәнін анықтап оны 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісімен салыстырыңдар. Сірке қышқылы мен тұз қышықылы ерітіндісінің рН мәндерінің айырмашылығын түсіндіру қажет. 0,1 н ерітіндідегі рН мәні бойынша сірке қышқылы диссоциациясының К және (G0 константасын есептеңдер.
4. 0,1 н сірке қышқылының ерітіндісі бар стаканға сондай көлемде 0,1 н натрий ацетаты ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндіні жақсылап араластырып рН мәнін анықтаңдар. Анықталған рН мәнді 0,1 н сірке қышқылының рН-мен салыстырыңдар. Натрий ацетаты ерітіндісін қосқан кезде сірке қышқылы ерітіндісінің рН-мәнінің өзгеруін түсіндіріңдер.
рН мәнін электрометрлік анықтау теориясы мен практикасы толығымен берілген монография бар. Сонымен қатар онда ғылыми зерттеу жұмыстарында және өндірісте рН өлшеу үшін қажет шыны элетродтарының теориясы мен практикасы туралы толығымен айтылған.
ғ 33 жұмыс. Тұздар гидролизі
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: әмбебап иономер, электр плитасы, Бюхнер құйғысы, сынауықтар, 0,1 н NaCl, Na2SO4, MgSO4, AlCl3, CH3COONa ерітінділері; 0,5 н AlCl3, CH3COONa, MgCl2, ерітінділері; 0,5 н SbCl3, SnCl2 ерітінділері, 0,1 н Na2CO3, NaHCO3, NaH2PO4, Na2HPO4, Na3PO4 ерітінділері; 0,5 н ZnSO4, FeCl3 ерітінділері, 2 н HCl ерітіндісі; индикаторлар: әмбебап индикатор қағазы; бейтарап лакмус ерітіндісі немесе лакмус қағазы; фенолфталеин ерітіндісі; ерітінді араластыру үшін шыны таяқшалар.
|
“Тұз-су” жүйесінде еру процесі мен электролиттік диссоциациядан басқа, химиялық реакция болуы мүмкін. Бұл туралы газ бөлуінен, аз диссоциацияланатын немесе қиын еритін қосылыстар түзілуінен және рН ортаның өзгеруінен білуге болады. Тұз молекулаларының сумен химиялық әрекеттесу нәтижесінде түзілетін аз диссоциацияланатын қосылыстарды және судың ионды туындысының араласуын гидролиз деп аталады. Гидролиз процесінің болу жағдайы мен тереңдігі қышқыл мен негіздің күшімен анықталады немесе негізді тұздар түзіледі. Көп зарядты гидролизденетін иондары бар тұздар гидролизі сатыланып жүреді және нәтижесінде қышқыл және негіз тұздар түзіледі. Гидролиздің сандық мәні гидролиз дәрежесімен (Һ) және гидролиз тұрақтысымен (Kr) сипатталады. Гидролиз дәрежесі гидролизденген тұз молекулары санының жалпы тұз молекулалар санына қатынасымен анықталады. Егер ерітіндінің концентрациясы аз болса гидролиз дәрежесі соншалық көп болады және ерітіндіні қыздырғанда тез өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |