Бейорганикалық химия практикумы



бет109/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Магний нитридін алу. Отбақырашқа 0,5 г магний жоңқасын салыңдар да, оны талшықтас шеңберімен жабыңдар. Отбақырашты 2-3 сағатқа электр пешіне қойыңдар. Магний нитридінің түзілгендігін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


ғ 57 жұмыс. Аммиак алу және оның қасиеттері
Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин


Ескерту: аммиактың тітіркендіргіш әсері бар.

Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: ұстағышы бар тұрғы, газ өткізетін түтігі бар сынауық, газ жанарғысы немесе спирт шамы, шыны таяқша, шыны түтік, сынауықтар, кристаллизатор, фенолфталеин ертіндісі, тұз қышқылы (концентрлі), сілті ертіндісі (концентірлі), лакмус қағазы, аммоний хлориді, натрий хлориді және калий хлориді ертінділері, су жылытқышы, қақпағы бар кәрлен отбақыраш, кәрлен үшбұрыш, электр плитасы, Несслер реактиві, аммоний хлориді, аммоний нитраты, аммоний фосфаты, күкіртқышқылды гидразин, тұзқышқылды гидроксиламин, мыс (ІІ) хлоридінің ертіндісі, йод суы.



Аммиак алу және оның қасиеттері
1. Аммиак алу. Әрқайсысы 0,5 г аммоний хлоридін және кальций гидроксидін (сөндірілген әк) сынауыққа салып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Сынауықты газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар да, ұзына бойы газ жанарғысымен қыздырыңдар. Бөлінетін газдың иісін көріңдер (қалайша?) Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Аммиактың сумен әрекеттесуі. Бөлінген аммиакты (алдыңғы тәжрибені қараңдар) түбі төнкерілген құрғақ сынауыққа жинаңдар. Сынауықтың саңылауын саусақпен жауып, 2 тамшы фенолфталеин қосылған суы бар шыны ыдысқа салыңдар. Саусақты алып тастап, не байқалатынын көріңдер. Аммиактың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
3. Аммоний тұздарының түзілуі. Газ шығатын түтіктің ұшына (алдыңғы тәжірибені қараңдар) концентірлі тұз қышқылына батырылған шыны таяқшаны әкеліңдер де, оның шетінде ақ түсті жұқа қабаттың түзілгенін түсіндіріңдер. Ақ түсті жұқа қабатты шыны таяқшадан конус тәрізді құтыға жинап алып, оған 2-3 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің иісін анықтап, құтыға жақындатылған ылғалданған қызыл лакмус қағазының түсінің өзгергенін байқаңдар. Аммоний ионын қалай анықтауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет