Бейорганикалық химия практикумы


Аммоний нитратының ыдырауы



бет111/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

6. Аммоний нитратының ыдырауы. Отбақыраштың қақпағына аммоний нитратын салып, жаймен қыздырыңдар (тартқыш шкафта). Реакция теңдеуін жазыңдар.
7. Аммоний фосфатының ыдырауы. Отбақыраштың қақпағына фосфор қышқылының аммоний тұзының біреуінің кристалын салып, қыздырыңдар. Қандай зат отбақыраштың қақпағында қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарын қыздырған кезде әртүрлі ыдырайтындығы неліктен?
Гидразин мен гидроксиламиннің қасиеттері
8. Гидразиннің қасиеттері. Екі сынауыққа да 5 мл су құйып, оларға күкірт қышқылды гидразиннің бірнеше кристалын салыңдар. Сынауықтың біреуіне бірнеше тамшы йод суын қосып, не байқалатынын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар? Екінші сынауыққа хлорлы мыстың ертіндісін қосып, не байқалатынын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот атомы гидразинде қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
9. Гидроксиламиннің қасиеттері. Тұз қышқылды гидроксиламиннің бірнеше кристалын 4-5 мл суда ерітіңдер. Оған бірнеше тамшы йод суын құйғанда не болады? Осы реакция гидроксиламиннің қандай қасиетін көрсетеді? Гидроксиламинде азоттың тотығу дәрежесі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.


ғ 58 жұмыс. Азот оксидтері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, Вюрц құтысы, тамшылағыш құйғы, Тищенко шыны сауыты, кристаллизатор, сынауықтар, қорғасын нитраты, құм, калий нитраты, көмір, күміс нитраты, 1 М темір (ІІ) сульфаты мен натрий нитритінің ерітіндісі, күкірт қышқылы (конц.), натрий гидроксидінің ертіндісі (1:5).



1. Азот (ІІ) оксидін алу және оның қасиеттері. 51-суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Вюрц құтысына 10 мл 1М темір (ІІ) сульфатының ертіндісін, 3 мл 6 н күкірт қышқылын, ал тамшылағыш құйғыға 10 мл 1 М натрий нитратын құйыңдар. Тищенко шынысауытын натрий гидроксидінің концентрлі ертіндісімен (1:5) толтырыңдар. Құрылғының герметикалығын тексергенен кейін құтыға баяу



ғана натрий нитритінің ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Бөлінетін газды судың үстінде үш сынауыққа жинаңдар. Тартқыш шкафта бір сынауықты ақ түсті фонда ашып, азот (ІV) оксидінің қоңыр буының түзілгенін байқаңдар.

51-сурет. Азот (ІІ) оксидін алуға арналған құрылғы

Қалған газы бар екі сынауықты азот (ІІ) оксидінің жануды

қолдау қабілетін анықтау үшін қолданыңдар (шырпының, күкірттің жануы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет