Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қызыл фосфор, көмірқышқыл газын алуға дайындалған Кипп аппараты, газ күйінде хлорды алуға арналған қондырғы, хлорды кептіретін шайғыш шынысауыт, қысқыштар, газ өткізгіш түтіктер, жалғайтын шлангілер.
55 сурет бойынша құрылғы жинаңдар (құрылғыны тартқыш шкафта екі студент жинауы керек). 1 және 2 сынауықтарға 1-2 г қызыл фосфор салыңдар. 3-ші газ шығатын түтігі бар 1 және 2 реакциялық сынауықтарға хлор келетін 3-ші газ өткізгіш түтіктердің төменгі ұштары фосфор қабатынан 2-3 см жоғары болуы қажет.
|
Сынауытардан ауаны кҰмҢр ышыл газымен ыыстырып шыарып, сонан со хлормен толтырыдар (хлорды кептҢретҢн шайыша андай ерҢтҢндҢ Ғю керек?). ЕкҢ сынауытаы
да фосфорды абайлап газ жанарысыны жалы-нында ыздырыдар.
|
55-сурет. Фосфор галогенидтерін синтездеуге арналған құрылғы.
|
Не байқалады? Қысқыштың көмегімен хлор жіберу жылдамдығын және қыздыруды реттей отырып, қабылдағыш-сынауықта фосфордың трихлоридін, екіншісінде-пентахлоридін алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тәжірибе біткеннен кейін құрылғыдан хлорды құрғақ көмір қышқыл газымен ығыстырып шығарып, алынған заттарды тығынмен жақсылап жабыңдар.
2. Фосфор трихлоридінің гидролизі.
1. Сынауыққа 3-5 мл дистилденген су құйып, оған абайлап фосфор трихлоридінің аздаған мөлшерін тамшылатып қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазып, гидролиз өнімдерінің құрамын анықтаңдар.
2.Түзілген фосфор пентахлоридінің аз мөлшерін дистилденген суға қосыңдар да, байқалатын құбылысты сипаттаңдар. Пентахлорид гидролизінің реакция теңдеуін жазыңдар және түзілген өнімдердің құрамын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |