КҮШӘН, СҮРМЕ, ВИСМУТ
ғ 63 жұмыс. Күшән топшасы элементтерін алу және олардың қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц құтысы, Кипп аппараты, құйғы, химиялық стакан, сынауықтар, висмут нитратының қышқылданған ертіндісі, сүзгіге арналған қондырғы, тұз, күкірт және азот қышқылдары.
|
1. Висмут алу. Висмут нитратының қышқылданған (неліктен қышқылданған?) ерітіндісін мырышпен тотықсыздандыру арқылы висмут алыңдар да, оны сүзіп, сумен шайыңдар. Одан соң үш бөлікке бөліп, қышқылдарға (тұз, күкірт, азот) қатынасын зерттеңдер. Кернеу қатарында висмут қандай орын алады? Жүретін реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Күшән мен сүрмені қалай алуға болады? Олар қандай қышқылдарда және қандай жағдайларда ериді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Кернеу қатарында олар қандай орын алады?
Күшән топшасы элементтерінің сутекті қосылыстары.
Ескерту: Күшәннің қосылыстары тіпті өте аз мөлшерде де өте улы. Ерітінді қалдықтарын арнайы ыдыстарға құйып, лаборантқа тапсырыңдар. Жұмысты жасап болғаннан кейін қолдарыңды және қолданған ыдыстарыңды мұқият жуыңдар.
ғ 64 жұмыс. Арсин алу және оның термиялық диссоциациясы (Марш реакциясы бойынша күшәнді ашу)
(Тәжірибе топ болып, тартқыш шкафта жүргізіледі).
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц құтысы, мырыш түйіршіктері, 20% тұз қышқылы, отбақыраштың қақпағы, күшән қосылыстары, натрий гипохлориты немесе хлорлы әк ерітіндісі.
|
56-суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Вюрц құтысына мырыштың бірнеше (20-25) түйіршіктерін салып, 50-60 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар. Құрылғыдан ауа сутекпен түгел ығыстырылып шығарылғаннан кейін (сутектің тазалығын сынауықта тексеріңдер), бөлінген сутекті қиын балқитын 2-ші түтіктің саңылауынан жағып көріп, отбақыраштың қақпағын сутек жалынына ұстаңдар. Не байқалады? Жалынның түсі қандай? Қыздырғанда 2-ші түтіктің ортасындағы шыныда жұқа қабат пайда бола ма? Осындай алдын-ала зерттеулер қандай мақсатпен жүргізіледі? Жанып жатқан сутекті өшіріп, құрылғы суығаннан кейін
|
құтыға (1) құйғы (3) арқылы бір немесе екі мл күшәннің бір қосылысын құйыңдар. Бөлінген сутектің тазалығын қайтадан тексеріп, сонан соң оны жағып көріңдер
|
56-сурет. Марш реакциясын жүргізуге арналған қондырғы.
|
де, түтіктің ортаңғы бөлігін қыздырыңдар. Не байқалады?
|
Жалынның түсіне көңіл бөліңдер? Жалынға отбақыраштың қақпағын ұстаңдар. Сонда не байқалады? Отбақыраштың қақпағында түзілген затты натрий гипохлориті немесе хлор әгінің ертіндісімен өңдеңдер. Не байқалады? Осындай жағдайда сүрме гидриді қандай өзгеріске ұшырар еді? Осы тәжрибеде өтетін барлық реакциялардың теңдеулерін жазып, оларды түсіндіріңдер.
AsH3-ке қандай қасиет тән? AsH3, SbH3, BіH3, PH3, NH3 термиялық тұрақтылықтарын, тотықсыздандырғыш және басқа да қасиеттерін салыстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |