Бейорганикалық химия практикумы


Магнезиялы цемент(Сорель цементі) алу



бет144/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3.Магнезиялы цемент(Сорель цементі) алу.
Тітіркендіргіш әсері бар.

Қажетті жабдықтар және реактивтер: кәрлен табақша, MgCІ2L6H2O кристалдары, шыны таяқша, магний оксиді, шыны немесе отбақыраш қақпағы.

Кәрлен табақшада 1 г MgCІ2 суға ерітіңдер. Осы ерітіндіге сусыз магний хлоридінің бір массалық бөлігіне MgО екі массалық бөлігі сәйкес келетіндей магний оксидінің қажетті мөлшерін қосыңдар. Түзілген қамыр тәрізді массаны отбақыраш қақпағына салып, келесі сабаққа дейін қалдырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қосылыстың құрамы қандай? Магнезиялы цемент қайда қолданылады?



  1. КАЛЬЦИЙ, СТРОНЦИЙ, БАРИЙ



Сілтілік жер металдардың оксидтері және гидроксидтері
Абайлаңдар! Барий қосылыстары улы. Олармен жұмысты тартқыш шкафта және қорғағыш көзілдірікпен жасаңдар!


ғ 86 жұмыс. Кальций оксидін алу және оның қасиеттерін зерттеу

Қажетті жабдықтар және реактивтер: мәрмәр, алдын-ала қыздырылған отбақыраш, муфель пеші, ылғалсорғыш, технохимиялық таразы, шыны шақша, сынауықтар, шыны таяқша, лакмус қағазы, көмір қышқыл газын алуға дайындалған Кипп аппараты.



1. Кальций оксидін алу. Жақсылап қыздырылған отбақырашта 5 г-ға жуық мәрмәр өлшеп алыңдар. Отбақырашты мәрмәрмен муфель пешіне қойып, оны екі сағат 800-9000С қыздырыңдар. Отбақырашты ылғалсорғышта суытып, өлшеп, ішіндегі затты шыны шақшаға ауыстырыңдар. Қыздырылған заттағы кальций оксидінің мөлшерін (%) есептеңдер. Оның физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
2. Кальций оксидінің қасиеттерін зерттеу. Кальций оксидінің аздаған мөлшерін сынауыққа салып, оған 2-3 мл су құйып, не байқалатынын түсіндіріңдер. Тағы да су қосып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Ерітіндіні біраз қойып қойғаннан кейін, басқа сынауыққа құйып алып лакмус қағазымен сынаңдар. Осы ерітіндіге көміртек диоксидін жіберіп, не болатынын қадағалаңдар. Көміртек диоксидін жіберуді жалғастырыңдар. Не байқалады? Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет