Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті құралдар мен реактивтер



бет150/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті құралдар мен реактивтер: кристаллизатор, металдық натрий (дәннен кіші көлемде), фенолфталеин, дистилденген су.

Кристализаторды сумен толтырып, тартқыш шкафқа қойыңдар да, сүзгіш қағаздан кішкене қорап жасап, оған көлемі дәннен кішірек натрий металының кесегін салыңдар. Есігі жартылай түсірілген тартқыш шкафтың астындағы кристаллизаторға қағаздағы натрийді салыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Түзілген ерітіндінің фенолфталеинге әсерін анықтаңдар. Ұқсас тәжірибелерді басқа сілтілік металдармен жасаңдар. Реакция тееңдеулерін жазыңдар.
ғ 91 жұмыс. Натрий амальгамасын алу
(топ болып жасалатын тәжірибе)
Абайлаңдар! Қауіпті!
Жұмысты жартылай жабылған тартқыш шкафта жүргізу қажет. Сынаппен жүргізілетін барлық тәжірибелерді қабырғалары биік астаушада жасау керек.



Қажетті құралдар мен реактивтер: кәрлен келі, сынап, натрий металының кішкене кесегі, қысқыш, сүзгі қағазы, пышақ немесе басқа бір өткір зат, келсап, 100 мл стакан, дистилденген су, сынауықтар мен тұрғы, 2 М натрий хлоридінің ерітіндісі.

Құрғақ кәрлен келіге аздап сынап салыңдар да, қысқышпен (оқытушының қатысында) керосиннен натрий металының кесегін алып, оны сүзгіш қағазға орап, керосиннен құрғатыңдар. Пышақтың өткір ұшымен натрий сыртындағы оксид қабықшасынан тазартып, кішкене кесегін кесіп алыңдар да, құрғақ сынаппен бірге келіде ысқылап араластырыңдар. Сынап көптеген металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Осы тәжірибеде алынған амальгама қоймалжың болғанша ақырын келсаппен ысқылаңдар. Болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар. Амальгама қоюланғанша натрий кесектерін салып, көбірек үгітіңдер. Амальгаманың азғана мөлшерін стакандағы суға салып көріңдер де, байқалған өзгерістерді түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған амальгаманың бір бөлігін кең сынауыққа ауыстырып, үстіне 5 мл аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Бақылаған құбылысты сипаттаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған натрий амальгамасын келесі тәжірибелерді жасауға қолданыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет