3. Сусыз литий пероксидін алу
Алдыңғы тәжірибеде алынған литий пероксидін сынауыққа салып, ыспа көмегімен вакуум жүйесіне қосыңдар. Сынауықты 100-120о С дейін қыздырыңдар да, оны вакуум астында 30-40 минут ұстаңдар. Литий пероксидін алдын-ала өлшенген шынышақшаға салыңдар. Затты өлшеп, шығымын пайыз есебімен есептеңдер. Алынған литий пероксидінің аздаған мөлшеріне дистилденген су қосыңдар. Алынған қоспаның күкірт қышқылды ортада калий перманганаты және калий йодиді ерітінділеріне әсерін анықтаңдар (калий йодидінің ерітіндісіне 2-3 тамшы крахмал қосыңдар). Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Натрий сульфатын және оның гидраттарын алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: Глаубер тұзы, (Na2SO4L10Н2О), металдық тұрғы, cынауықтар, құтылар, сүзгілер, сүзуге арналған қондырғы, микроскоп, су жылытқысы, суытқыш қоспа, сүзгі қағазы.
|
1.Сусыз натрий сульфаты. 320С-да 20 мл суды қанықтыру үшін Глаубер тұзының қандай мөлшері қажет екендігін есептеңдер. Осы температурада натрий сульфатының қаныққан ерітіндісін дайындаңдар да, оны 2 кішкене құтыға және басқа тәжірибелер үшін құрғақ сынауыққа сүзіп алыңдар.
2.Натрий сульфатының декагидраты. Глаубер тұзының кристалын алдыңғы тәжірибеде алынған құтының біреуіндегі натрий сульфатының қаныққан ерітіндісіне салыңдар. 250С төмен температурада түзілген ерітіндінің пішінін микроскоппен қараңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |