6.Калий нитратын алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: 50 мл стақан, калий нитраты, калий хлориді, сағат шынысы, жанарғы, кәрлен табақша, сүзуге арналған құрылғы, микроскоп, дистилденген су, технохимиялық таразы.
|
Көлемі 50 мл стақанға 15 мл су құйыңдар да, қыздыра отырып 7 г калий нитратын ерітіңдер. Алынған ерітіндіге калий хлоридінің эквиваленттік мөлшерін құйыңдар да, сағат шынысымен жауып, кристалл түзілгенше жанарғымен қыздырыңдар. Ыстық сұйықтықты кәрлен табақшаға құйып, кристалл түзу үшін қойып қойыңдар. Стақанда және кәрлен табақшада қалған кристалдарды микроскоппен қараңдар. Түзілген кристалдарды сүзіп, кептіріңдер. Шығымды пайыз есебімен есептеңдер.
25. ЛАНТАНОИДТАР
ғ 98 жұмыс. Церий (ІІІ) және оның
қосылыстарының қасиеттері
1. Церийдің қышқылдармен әрекеттесуі. Церийдің (мишметалдың) аздаған мөлшерін сынауыққа салып, 3 мл тұз қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Лантаноидтар кернеу қатарында қалай орналасқан? Лантаноидтардың қайсысы қышқылдардан сутекті оңай ығыстырады?
2. Церий (ІІІ) гидроксидін алу. Екі сынауыққа 1 мл-ден церий (ІІІ) тұзын құйыңдар. Біреуіне 3 мл лимон қышқылын, екіншісіне 3 мл су құйыңдар. Әрқайсысына 1 мл КОН қосыңдар. Қай сынауықта тұнба түзілмейді? Неліктен? Екі процестің де реакция теңдеулерін жазыңдар. Тұнбаның түсі қандай? Лантаноид гидроксидтерінің түсі қандай? Тұнбаның жартысын басқа сынауыққа құйып, оған сутек пероксидін қосыңдар. Түсі өзгере ме? Неліктен тұнба сарғаяды? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауықта қалған тұнба да сарғайғанын байқаңдар. Церийден лютецийге өткенде гидроксидтердің негізгі қасиеттері қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |