5.Ванадил хлориді
Қажетті жабдықтар және реактивтер: VOCІ2 ерітіндісі, аммоний ванадаты, тығыздығы 1,05 г/мл тұз қышқылы, электр плитасы, сынап, сүзуге арналған қондырғы.
|
Таза VOCІ2 ерітіндісін ванадий (V) оксидін тұз қышқылды ортада сынаппен тотықсыздандыру арқылы алуға болады.
V2O5 +2Hg+6HCІ=2VOCІ2+Hg2CІ2+3H2O
90 мл суда 5 г NН4VO3 еріген ыстық ерітіндіге 10 мл НСІ ((=1,05 г/см3) қосыңдар. Түзілген тұнбаны сүзіп, тұз қышқылымен қышқылданған ыстық сумен жуыңдар. 100 мл НСІ ((=1,02 г/см3) құйылған құтыға алынған ванадий (V) оксидін салып, 0,5 мл сынап қосыңдар. Барлық сынап толығымен ақ тұнбаға (Hg2CІ2) айналғанша сілкілеп, араластырыңдар да, тұнбаны сүзіп алыңдар. Түзілген VОСІ2 ертіндісінде басқа иондар болмауы керек.
28. ХРОМ, МОЛИБДЕН, ВОЛЬФРАМ
ғ 104 жұмыс. Хром (ІІ) қосылыстарын алу және оның қасиеттері
Қажетті құралдар және реактивтер: көлемі 200 мл құты, хром (ІІІ) хлориді, 10% хлорсутек қышқылы, бензин, мырыш, натрий ацетатының кристалдары, 10% натрий гидроксиді.
|
1. Хром (ІІІ) хлоридін сутек бөлінген кезде тотықтыру арқылы хром (ІІ) хлоридін алу.
Көлемі 100-200 мл құтыға 0,1-0,3 г хром (ІІІ) хлоридін салыңдар да, 10-15 мл 10% хлорсутек қышқылын, 0,5 мл бензин (бензинді неліктен құяды?) құйыңдар және оған мырыш түйірін салыңдар. Құтыны ұшы суға батырылған түтігі бар тығынмен жабыңдар. Құтыны шайқап тұрып көгілдір түс пайда болғанша реакцияны жүргізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Хром (ІІ) хлоридінің қасиеті.
а) Алынған хром (ІІ) хлоридінің бірнеше тамшысын сынауыққа құйып, ауада қалдырыңдар. Ауадағы оттекпен хром (ІІ)-нің хром (ІІІ)-ке тотығуының салдарынан ерітінді түсінің боялуын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Сынауыққа натрий ацетатының бірнеше кристалын салып, оған хром (ІІ) хлоридінің ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің қою-қызыл түске өзгеруін байқаңдар. Хром (ІІ) ацетатын алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
в) Хром (ІІ) хлориді ерітіндісіне бастапқыда бірнеше тамшы 10% натрий гидроксидін құйыңдар да, одан соң оның артық мөлшерін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |