Бейорганикалық химия практикумы


ғ 106 жұмыс. Хром (VІ) қосылыстарының қасиеттері жән



бет168/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 106 жұмыс. Хром (VІ) қосылыстарының қасиеттері және алынуы

Қажетті құралдар және реактивтер: стакан, сынауықтар, калий дихроматының қаныққан ерітіндісі, мұз, концентрлі Н24, құйғы, кәрлен табақша, этил спирті, калий йодидінің ерітіндісі, темір отбақыраш, калий карбонаты, калий гидроксиді, калий нитраты, газ жанарғысы, сүзуге арналған қондырғы, калий хроматы, калий дихроматының ерітіндісі, натрий немесе калий гидроксидінің сұйытылған ерітінділері, аммоний сульфидінің, натрий сульфитінің ерітіндісі, темір (ІІ) тұзының ерітіндісі, 2 н күкірт қышқылы, 3%-сутек пероксиді, этил эфирі, калий хроматы немесе бихроматы ерітінділері.

1. Хром (VІ) оксидін алу және оның қасиеттері.
а) Стаканға 3-5 мл калий дихроматының қаныққан ерітіндісін құйып, оны ішінде мұзы бар салқын суға салыңдар. Одан соң араластырып тұрып 5-6 мл концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Хром (VІ) оксидінің ашық-қызыл түсті кристалдары түзіледі. Ерітіндіні суытып, тұнбаны сүзіп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Алынған хром (VІ) оксидінің (тартқыш шкафта!) бірнеше кристалын кәрлен тостағанға салып, оған этил спиртін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в)Хром (VІ) оксиді кристалдарының бір бөлігін суда ерітіңдер. Алынған ерітіндіге калий йодидін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Калий хроматын алу.
Темір отбақырашқа 1 г калий карбонатын және 1 г калий гидроксидін, 1 г калий нитратын салыңдар да, қоспаны балқығанша қыздырыңдар. Балқыманы темір сыммен араластырып, оған 0,8 г хром (ІІІ) оксидін қосыңдар. Қоспаны 5-10 минут бойы жанарғыда қыздырыңдар. Суыған құйманы сумен өңдеп, сүзіп алып, ерітіндіні кристалл қабыршағы пайда болғанша суалтыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Хроматтардың қасиеттері.
а) Калий (VІ) хроматының аздаған мөлшерін суда ерітіп, ерітіндінің түсі өзгергенше сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар. Молекулалық және қысқартылған иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Калий (VІ) дихроматына ерітіндінің түсі өзгергенше натрий (немесе калий) гидроксидінің сұйытылған ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Үш сынауыққа 2 мл күкірт қышқылымен қышқылданған калий (VІ) дихроматының ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа аммоний сульфидін, екіншісіне натрий сульфитін, үшіншісіне темір (ІІ) тұзын құйыңдар. Сынауықтардағы ерітінділерді қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет