4. Хром пероксокомплексі. Сынауыққа 2 н күкірт қышқылын, 2-3 мл сутек пероксидін, 1-2 мл этил эфирін және бірнеше тамшы калий (VІ) хроматын немесе дихроматын құйыңдар. Түсінің өзгергенін байқап, хром пероксидін алу реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 107 жұмыс. Молибден (VІ) қосылыстары
Қажетті құралдар және реактивтер: қақпағы бар отбақыраш, аммоний молибдатының кристалдары, газ жанарғысы, (немесе электр плитасы, муфель пеші), 10% сілті және қышқыл ерітінділері, 2% аммоний молибдатының ерітіндісі, 10% азот қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, 20% натрий гидроксиді, мырыш.
|
1. Молибден ангидридін алу және оның қасиеттері. Аммоний молибдатының (NH4)6[Mo7О24](4Н2О бірнеше кристалын отбақыраш қақпағына салып, бастапқыда жаймен, одан соң 5000С-да қатты қыздырыңдар. Молибден (VІ) оксидін алу теңдеуін жазыңдар. МоО3 суға, 10%-ті қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін зерттеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. "Молибден қышқылы" және молибдаттар.
а) 2-3 мл 2% аммоний молибдатының ерітіндісіне 2-3 мл 10% азот қышқылын құйыңдар. Молибден (VІ) оксидінің дигидраты және моногидраты тұнбаларының немесе молибден қышқылдарының түзілуін байқаңдар. Алынған тұнбаны декантация әдісімен сумен шайып, екіге бөліңдер. Тұнбаның бір бөлігіне концентрлі тұз қышқылының артық мөлшерін құйыңдар. Тұнба МоО2С12, немесе Н2[МоО2С16] түзе ериді. Тұнбаның екінші бөлігіне 20% натрий гидроксидінің артық мөлшерін құйыңдар. Тұнба натрий молибдатын Nа2МоО4 түзе ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Стаканға 5-10 мл концентрлі НС1 құйып, оған бірнеше тамшы аммоний молибдатын қосып, мырыш түйірін (жойылып кеткенше бір түйірден қосып отырыңдар) салыңдар. Сутек қарқынды түрде бөлініп, ерітіндінің түсі түссізден жасыл түске боялып, одан соң қызыл-қоңырға дейін өзгереді. Мо (VІ) негізгі түрі қышқылдық ортада Н2[МоО2С16] (түссіз), Мо(V) - Н[МоОС15] (жасыл) Мо (ІV)- Н2[МоС16] (қою-жасыл) және Мо(ІІІ)-Н3[МоС16] немесе Н2[МоС15(Н2О)](қызыл-қоңыр) деп есептеп, реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |