2. Марганецтің қасиеттері. Марганецтің кішкене бөлігін келсаппен немесе балғамен болат келіде сындырып алыңдар да, металдың морттығына көңіл аударыңдар. Металл сынығының түсін анықтап, магнитпен магниттік қасиетін тексеріңдер. Металдың суға, сілті және сұйытылған, концентрлі тұз, күкірт, азот (суық және қыздырғанда) ерітінділеріне әсерін анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Металдардың кернеу қатарында марганецтің алатын орнын көрсетіңдер?
ғ 111 жұмыс. Марганец (ІІ) қосылыстары
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец (ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий гидроксиді, тұз және күкірт қышқылдары (сұйыт,конц.), аммоний сульфиді, сірке қышқылы (сұйыт.), аммиак, марганец (ІІ) сульфаты, күміс нитраты, натрий гидрокарбонаты (10%), аммоний тиоцианаты, калий перманганаты, аммоний персульфаты (крист.), шыны таяқша, марганец оксалаты, сутек ағыны, көмірқышқыл газы, марганец оксиді, спирт, қымыздық қышқылы, бром суы, кәрлен ыдыс, қыздырғыш аспап, сынауықтар, шыны таяқша, кәрлен қайықшасы, түтікті муфель пеші, конус тәрізді құты.
|
1. Марганец (ІІ) гидроксиді.
а) Марганец (ІІ) тұздарынан марганец гидроксидін алыңдар. Тұнбаның түсі қандай? Марганец гидроксидіне ауадағы оттектің, қышқыл және сілті ерітінділерінің әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теудеулерін жазыңдар.
б) Марганец гидроксиді тұнбасына бром суының әсерін зерттеңдер. Тұнбаның түсі өзгере ме? Қандай зат түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері.
а) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний немесе натрий сульфидтерінің ерітінділерінің бірдей мөлшерлерін құйыңдар. Түзілген тұнбаның түсін байқаңдар. Тұнбаның бір бөлігін шыны таяқшамен ашық ауада араластырыңдар. Тұнбада қандай өзгеріс болады? Неліктен? Тұнбаның ерігіштігін сұйытылған тұз және сірке қышқылдарымен зерттеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Екі сынауыққа бірдей мөлшерде аммиак ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы су, ал екіншісіне сондай мөлшерде аммоний хлоридін қосыңдар. Содан кейін екі сынауыққа да бірдей мөлшерде марганец (ІІ) тұздарын қосыңдар. Аммоний хлоридінің қатысында неліктен марганец гидроксидінің тұнбасы түзілмейтінін түсіндіріңдер. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Марганец (ІІ) сульфатының қышқылданған ерітіндісіне 1- 2 тамшы күміс нитратын және бірнеше түйір аммоний персульфатын қосыңдар да қоспаны қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі марганецтің қандай иондарының болуына байланысты өзгереді? Осы реакциядағы күміс нитратының атқаратын ролі қандай? Реакция теңдеуін жазып, марганец (ІІ) тұзының қасиетін сипаттаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |