Бейорганикалық химия практикумы



бет177/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

6. Өздігінен тотығу. Асбест торына калий перманаганатының біраз кристалын салып, құрғақ шыны таяқшаның көмегімен перманганат кристалына концентрлі күкірт қышқылы тамшысын құйыңдар (таяқшаны қағазбен сүртіңіздер). Дәл осылайша күкірт қышқылымен ылғалданған кристалға таяқша немесе тамшуырмен спирт тамшысын тамызыңдар. Реакция бірнеше сатыда жүреді:
1) перманганат пен күкірт қышқылы арасында – алмасу реакциясы;
2) алынған марганец қышқылының ангидрид пен суға ыдырауы;
3) марганец ангидридінің марганец диоксиді мен оттекке ыдырауы.
7. Марганец диоксиді - катализатор. Сынауыққа сутек пероксидін құйып, оған марганец диоксидін салыңдар да, шоқтанған шырақпен тексеріп көріңдер. Өзгеріс байқала ма?


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР


1. Марганецті анодты тотықтыру арқылы калий перманганатын алу


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: калий карбонатының қаныққан ерітіндісі, натрий оксалатының кристалдары, сұйытылған күкірт қышқылы, электролизер, құрғақ конус тәрізді құтылар, қымыздық қышқылы.

Электролиз үшін аспап жинаңдар (66-сурет). Катод ретінде темір сымдарын қолданып, кеуекті сазды ыдысқа орналастырады, ал анод ретінде – алюмотермиялық жолмен алынған марганец түйірі қолданылады. Ол жіңішке платина сымымен бекітілген (анодтағы электролит).





Электролизерге 200 мл 00С температурада анытырылƒан калий карбонаты ерҢтҢндҢсҢн Ғйыœдар да, электродтарды реостат жқне амперметр арылы 36 В кернеудегҢ тҒраты ток кҰзҢне осыœдар. ЖҒмыс кезҢнде астауша температурасын 50-600 С аралыƒында Ғстап тҒру керек. ЭлектролиздҢ 1 ампер ток к‰шҢмен 30 минут уаыт аралыƒында ж‰ргҢзедҢ.

66-сурет. Электролизер

Анод кеңістігінде ерітінді бояуы өзгере ме? Неліктен? Электрохимиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Аналитикалық таразыда натрий оксалатын өлшеп алып екі құрғақ конус тәрізді құтыға (сыйымдылығы 250 мл) салып, сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар, оған тамшуырмен калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар да жақсылап араластырыңдар. Байқалған құбылыстарды сипаттаңдар. Қымыздық қышқылының артық мөлшерін белгілі концентрациядағы калий перманганаты ерітіндісімен титрлеңдер. Түзілген калий перманганатының мөлшерін және ток бойынша шығымын есептеңдер. Калий перманганатының қасиеттерін зерттеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет