Бейорганикалық химия практикумы


Несслер реактиві (аммоний-ионына сапалық реакция)



бет199/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Несслер реактиві (аммоний-ионына сапалық реакция).



Ескерту: Жұмысты жан-жағы биік тұғырықта жүргізіңдер!



Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 50 мл химиялық стакан, спирт шамы, көлемі 10 мл цилиндр, жылытқыш аспап, технохимиялық таразы, қоңыр шыныдан жасалған шынысауыт, сынауықтар, тамшылатқыш, 0,1 н сынап нитраты, кристалдық калий йодиды, 0,1 н калий йодиді, ң 10% натрий гидроксиді, 1 н аммиак ерітіндісі.

Көлемі 50 мл стаканға 800 С дейін қыздырылған сынап (ІІ) нитратының 0,1 н ерітіндісінің 5 мл құйыңдар. Оған 5 мл калий йодидының 0,1 н ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны суытып, түзілген тұнбаны біраз уақытқа қалдырыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйықты төгіп тастап, декантация әдісімен 3 рет суық дистилденген сумен жуыңдар. Тұнбаға 5 мл суда ерітілген 0,2 г калий йодидын қосып, араластырыңдар. Тұнба ерігеннен кейін оған 3 мл натрий гидроксидінің 10% ерітіндісін қосып, қоспаны тығыны бар қоңыр шыныдан жасалған шынысауытқа ауыстырыңдар. Сынауыққа 2 мл алынған ерітіндіні құйып, тамшуырмен бірнеше тамшы 1 н аммиак ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.


4. Мырыш хлоридін алу


Ескерту: Фосфор (V) оксиді ылғалданғыш. Жаңа дайындалған үлгіні қолданып, онымен тез жұмыс істеу керек.



Қажетті жабдықтар және реактивтер: Вюрц құтысы, кәрлен табақша, тамшылап құйғы, шайғыш шынысауыттар, кварц түтігі, кәрлен қайықшасы, хлоркальцийлі түтік, шыны мақта, газ жанарғысы, Кипп аппараты, тығындар, түйіршікті мырыш, фосфор (V) оксиді, калий пермагантының кристалдары, концентрлі тұз қышқылы, талшықтас, мәрмәр.

68 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Кәрлен қайықшада 1-2 г таза мырыш түйірін өлшеп алып, қайықшаны қиын балқитын түтікке орналастырыңдар. Қабылдағыш ретінде Вюрц құтысын қолдануға болады.


Хлоркальцийлі түтікті шыны мақтаға салынған фосфор (V) оксидімен толтырыңдар. Құрылғы арқылы құрғақ хлор жібере отырып, реакциялық түтіктің мырышы бар қайықша тұрған жерін 650-7000С қыздырыңдар.



68-сурет. Мырыш хлоридін алуға арналған құрылғы

Барлық мырыш әрекеттесіп біткеннен кейін аспапты хлор ағынында суытыңдар. Кипп аппаратын пайдаланып хлорды құрғақ көміртек диоксидімен ығыстырып шығарыңдар. Қабылдағышты алып тастап, оның саңылауын тез тығынмен жабыңдар. Тұздың ауада не болатынын тексеріңдер. Алынған өнімнің аздаған мөлшерін суы бар кәрлен тостағанға салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет