Бейорганикалық химия практикумы


Тапсырма: Көмір қышқыл газын тазалау



бет36/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Тапсырма: Көмір қышқыл газын тазалау. Кипп аппаратының құрылысымен танысыңдар (12-сурет) және оны көмір қышқыл газын алуға дайындаңдар. Кипп аппаратына дистилденген суы бар шынысауытты қосып 10-15 минут бойы әлсіз газ ағынын жіберіңдер. Құрамындағы НСІ анықтаңдар. Шынысауытты алып тастап Кипп аппаратына мыс сульфатымен хлоркальцийлі түтікті қосыңдар. Ол арқылы көмір қышқыл газының ағынын жіберіп, болып жатқан көріністі байқаңдар. Таза көмір қышқыл газын қалай алуға болады?


3.АТОМДЫҚ МАССА, МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАССА ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКВИВАЛЕНТТІ АНЫҚТАУ


3.1. Теориялық кіріспе
Молекулалық масса-жеке заттың сипаттамасының бірі. Молекулалардың массасы өте кіші шама болатындықтан практикада әдетте салыстырмалы молекулалық масса қолданылады.
Салыстырмалы молекулалық масса (Mr) зат молекуласының орташа массасының көміртек изотопы 12С массасының 1/12 бөлігінің қатынасына тең шексіз шама, яғни салыстырмалы молекулалық масса берілген заттың молекуласының массасы көміртек атомы изотопының 12С массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсетеді.
Mr(Х) ( m (Х) (1/12) m(12C)/1,66(10-24 г., мұндағы Mr (Х) – Х заттының салыстырмалы молекулалық массасы; m (Х) – Х затының бір молекуласының массасы; m(12С)- грамм бойынша бір көміртек атомы изотопының массасы. Мысалы,
Mr(H2SO4)(m(H2SO4)/(1/12)m(12C)=163(10-24г/1,66(10-24г=98
Реакцияға қатысатын заттарға сапалық есептеулер жүргізу үшін зат мөлшерін (n немесе () өлшеу бірлігі ретінде моль қабылданған.
Моль - бұл 0,012 кг көміртек (12С) изотопында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері. Массасы 0,012 кг көміртекте 6,02 ( 1023 атомдар болатыны анықталған. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады.
Заттың молярлық массасы (М) - 1 моль заттың массасы. Ол салыстырмалы молекулалық массаға тең. Мысалы, M (H2SO4) ( 98 г/моль.
Газтәрізді заттардың молекулалық массасын тәжірибе жүзінде анықтау Авогадро заңы мен одан шығатын салдарды қолдануға негізделген. Мұнда газдың салыстырмалы молекулалық массасы зерттелетін қосылыстың құрамы белгісіз болғанның өзінде де анықталуы мүмкін. Салыстырмалы молекулалық массаны немесе молярлық массаны есептеу үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін:
1.Газдың молярлық көлемі арқылы;
2.Газдың салыстырмалы тығыздығы арқылы.
3.Клапейрон-Менделеев теңдеуі бойынша.
Осы барлық көрсетілген тәсілдердің негізі Авогадро заңы болатынын әрқашан есте ұстау керек. Тәсілдердің бір-бірінен тәжірибе әдістемесі бойынша ғана айырмашылығы бар.
Авогадро заңы бойынша әртүрлі газдардың тең көлемінде температура мен қысымның бірдей жағдайында молекулалардың саны бірдей болады. Авогадро заңынан газтәрізді жағдайдағы кез-келген заттың 1 молі (молярлық көлем деп аталатын) бірдей көлем алатындығы шығады. Қалыпты жағдайда (Р(101342 Па, Т(273 К) газдың молярлық көлемі 22,4 л-ге тең.
Есептеудің әрбір тәсілінің логикасын қысқаша қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет