Бейорганикалық химия практикумы


Барлық тәжірибелерге тапсырма



бет51/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Барлық тәжірибелерге тапсырма: ғ3 тәжірибеден кейін қараңдар.
Кесте

Тәжірибеғ

Ерітінді көлемі, мл

Шартты концентра-
ция
Na2S2O3

Реакцияның жүру уақы-ты, t, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы




H2SO4
а

Na2S2O3б



H2O в

С=б/(а+б +в)




((1/t

1

5

5

15










2

5

10

10










3

5

15

5










4

5

20

0










2. Күкірт қышқылды ортада калий иодатының натрий сульфитімен әрекеттесуі. Күкірт қышқылды ортада калий иодатының натрий сульфитімен реакциясында бос күйіндегі йод түзіледі және ол крахмалмен көк түс береді. Егер тәжірибенің температурасын тұрақты етіп алса, онда ерітіндіде көк түстің пайда болу жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелді.
Натрий сульфитінің калий йодатымен тотығу процесі жалпы теңдеумен өрнектеледі:
2KJO3+ 5Na2SO3+ H2SO4(J2+5Na2SO4+K2SO4+H2O (1(
Бұл реакция сатыланып жүреді:
KJO3+ 3Na2SO3(KJ+3Na2SO4 (2(
немесе иондық түрде: JO3-+ 3SO32-(J-+3SO42-
Натрий сульфиті толығымен тотығып болғаннан кейін түзілген калий йодиды реакцияға түспеген калий йодатымен әрекеттесе бастайды:
KJO3+ 5KJ +3H2SO4(3J2+3K2SO4+3H2O (3(
немесе иондық түрде: JO3-+5J-+6H+(3J2+3H2O
Бөлінетін молекулалық йод ерітіндідегі крахмалмен қосылыс түзеді де, ерітінді көк түске боялады. Көк түстің пайда болуы бірінші реакцияның аяқталып екінші реакцияның басталғанын көрсетеді. Na2SO3 қатысында бос йод түзілуі мүмкін бе? Сульфиттің иодатпен тотығу реакциясы баяу жүретіндіктен реакцияның жүру уақытын секундомермен өлшеуге болады, реакцияның басталуын натрий сульфитін калий иодаты ерітіндісіне құйғаннан бастап, ал аяқталғанын көк түстің пайда болуымен есептеу керек.
Жұмыстың орындалуы:
Нөмірленген бірдей 4 стаканның (немесе сынауыққа) әрқайсысына күкірт қышқылымен қышқылданған 0,5% Na2SO3 ерітіндісінен 10 мл-ден құйыңдар да, оған 3-4 тамшы крахмал ерітіндісін қосыңдар, ал басқа 4 стаканға мынандай ретпен ерітінділерді құйыңдар:
біріншісіне – 5 мл 0,5% KJO3 ерітіндісі + 15 мл H2O
екіншісіне – 10 мл 0,5% KJO3 ерітіндісі + 10 мл H2O,
үшіншісіне – 15 мл 0,5% KJO3 ерітіндісі + 5 мл H2O
төртіншісіне - тек 20 мл 0,5% KJO3 ерітіндісі.
Ерітінділердің көлемін өлшеуірмен тура өлшеп, оларды бір-біріне тез құйыңдар да, (Na2SO3 және KJO3 ерітінділерін) әрбір стаканда ерітінділерді бір-біріне қосқан уақытынан бастап көк түстің пайда болуына дейінгі уақытты секундомермен өлшеп алыңдар. Байқаулардың нәтижелерін Na2SO3 (a), KJO3 (б), H2O (в) деп алып кестеге жазыңдар:
Кесте

Тәжірибеғ

Ерітінді көлемі, мл

Шартты концентрация
KJO3

Реакцияның жүру уақыты t, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы




Na2SO3
а

KJO3
б

H2O
в

С=б/а+б +в)




((1/t

1

5

5

15










2

5

10

10










3

5

15

5










4

5

20

0










Тапсырма: 3-тәжірибеден кейін қараңдар.
3. Қышқылдық ортада калий иодидінің сутек пероксидімен әрекеттесуі. Иодид ионы қышқылдық ортада сутек пероксидімен бос иодқа дейін тотығады және крахмал көк түске боялады. Индикатор-крахмал түсінің әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі уақытпен өлшенуі мүмкін.
Жұмыстың орындалуы:
Төрт сынауыққа мынадай ретпен ерітінділерді құйыңдар:
біріншісіне – 2 мл KJ + 2 мл H2SO4 + 6 мл H2O,
екіншісіне - 4 мл KJ + 2 мл H2SO4 + 4 мл H2O,
үшіншісіне – 6 мл KJ + 2 мл H2SO4 + 2 мл H2O,
төртіншісіне - тек 8 мл KJ + 2 мл H2SO4.
Кесте

Тәжірибеғ

Ерітінді көлемі, мл

Шартты концентрация
KJ

Реакцияның жүру уақыты, t, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы




KJ
а

H2SO4
б



H2O в

С=а/а+б +в)




((1/t

1

2

2

6










2

4

2

4










3

6

2

2










4

8

2

0










Барлық сынауыққа 1 мл крахмал ерітіндісінен қосыңдар. Одан кейін барлық сынауыққа 3% H2O2 ерітіндісінен 2 мл-ден қосасыңдар. Көк түстің пайда болғанын бақылап, H2SO4 (a), KJ (б), H2O2 (в) деп белгілеп, кестені толтырыңдар.


Тапсырма (барлық тәжірибелерге): Реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Алынған нәтижелерді миллиметрлік қағазда (өлшемі 10(10 см) график түрінде бейнелеңдер, абцисса осіне компоненттердің бірінің шартты концентрациясын (б), ордината өсіне реакцияның шартты жылдамдығын (() орналастырыңдар. Масштабты ордината және абцисса остеріндегі ең үлкен мәндердің ара қашықтығы шамамен 6-8 см болатындай етіп алыңдар.
Әрекеттесуші заттардың концентациясына химиялық реакцияның жылдамдығы қалай тәуелді болады? Бұл тәуелділік қандай заңмен өрнектеледі? Осы реакцияның жылдамдығының математикалық өрнегін жазыңдар. Реакция жылдамдығының теңдеуімен алынған қисық координата остерінің басы арқылы өтуі керек пе екендігін анықтаңдар.


ғ 17 жұмыс. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі



Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: секундомер, 5-% Na2S2O3 ерітіндісін құю үшін нөмірленген 4 стакан (немесе сынауық), 2,5 % H2SO4 ерітіндісін құю үшін нөмірленген 4 стакан (немесе сынауық), термометр, көлемді дәл өлшеу үшін 0,01 мл бөліктері бар өлшеуір, араластыру үшін шыны таяқша, 0,5 % Na2SO3, 0,5 % KJO3, 0,5 % KМnO4, H2C2O4 ерітінділері.

Оқытушының тапсырмасы бойынша студент 4 тәжірибенің біреуін (тек бір вариантты ғана) 100, 200, 300, 400 температурада орындауы керек. Әрекеттесуші компоненттердің ерітінділері қажетті температурада термостатқа жеке-жеке орналастырылуы қажет. Ерітінділер араласқаннан кейін стакандар сол термостатта қалады. Ерітінділер түсінің өзгергенін немесе тұнба түскенін термостаттың қабырғалары арқылы бақылайды. Мұндай көп тәжірибелер үшін сыйымдылығы үлкен сулы термосаттарды (кристаллизатор, 2-3 литрлік стакандар және т.б.) пайдаланған жөн. Тәжірибеге қажет температура суық және ыстық суларды араластыру арқылы жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет