Ерітінділер концентрациясын өрнектеудің жолдары
Массалық үлес жүйенің құрамындағы берілген компоненттің жүйедегі құраушы үлесінің осы жүйенің жалпы массасына қатынасы болып табылады. Массалық үлестің өлшем бірліктері бірлік үлесте, пайыз (%), промилль және миллиондық үлестермен өрнектеледі. Берілген компоненттің пайызбен берілген массалық үлесі 100 г ерітіндіде осы компоненттің қанша грамы бар екенін көрсетеді.
Көлемдік үлес - жүйенің құрамындағы берілген компоненттің көлемінің осы жүйенің жалпы көлеміне қатынасы болып табылады. Көлемдік үлестің өлшем бірліктері бірлік үлесте, пайыз (%), промилль және миллиондық үлестермен өрнектеледі. Берілген компоненттің пайызбен берілген көлемдік үлесі 100 г ерітіндіде осы компоненттің қанша миллилитрі бар екенін көрсетеді.
Молярлық концентрация СМ жүйенің құрамындағы (мысалы, ерітіндідегі) зат мөлшерінің осы жүйенің көлеміне V қатынасы. СИ жүйесіндегі молярлық концентрациясының өлшем бірлігі моль/м3, ал практикада көбінесе туынды бірлік моль/л қолданылады, мысалы
СМ(H2SO4)=1 моль/л СМ(KOH)=0,1 моль/л
Концентрациясы 1 моль/л ерітіндіні молярлық ерітінді деп атайды және 1М ерітінді деп белгілейді. Концентрациялары 0,1 моль/л, 0,01 моль/л, 0,001 моль/л ерітінділер децимолярлы, сантимолярлы, миллимолярлы деп аталды және қысқаша 0,1М, 0,01М және 0,001М деп белгіленеді.
Эквиваленттің молярлық концентрациясы Сэкв (бұрын нормальды концентрация деп аталған) - бұл эквиваленттің зат мөлшерінің (моль) ерітінді көлеміне (л) қатынасы. Практикада эквиваленттің молярлық концентрациясының өлшем бірлігі де моль/л болады. Мысалы, Сэкв(КОН)=1 моль/л, Сэкв(1/2Н2SO4)=1 моль/л, Сэкв(1/3AlCl3)=1 моль/л.
Мольдік концентрация b - бұл еріген зат мөлшерінің (моль) ерітінді массасына (кг) қатынасы. Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі моль/кг. Мысалы, b(НCl/Н2О)=2 моль/кг.
Молярлық үлес - бұл жүйенің құрамындағы берілген компоненттің зат мөлшерінің (моль) жалпы зат мөлшеріне (моль) қатынасы. Молярлық үлес бірлік үлеспен, пайызбен (%), промиллмен (мыңдық үлес %), миллиондық үлеспен (млн-1) өрнектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |