Бейорганикалық химия практикумы



бет66/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Жұмыстың орындалуы: Өлшеуірді алдын-ала дайындалған "титрленген" сілті ерітіндісімен шайыңдар да, осы ерітіндімен оны толтырыңдар. Өлшеуірдің тұмсығында ауа қалып қалмауы керек. Өлшеуірдегі ерітіндінің деңгейін 0-ге келтіріңдер. Ерітіндінің деңгейін есептеуді менискінің төменгі бөлігімен анықтайды. Ерітіндінің көлемін есептеген кезде көз менискі деңгейінде болу керек. 10-20 мл тамшуыр алып, сумен біраз қолдарыңды жатықтырыңдар, кейіннен ол тамшуырды алдын ала дайындалған ерітіндімен шайыңдар. Екінші рет тамшуырды осы ерітіндімен артық мөлшерде толтырыңдар да, ерітіндінің артық мөлшерін құтыға құйыңдар, оған 2-3 мл индикатор тамшысын қосыңдар. Осыдан кейін құтыдағы ерітіндіні араластыра отырып оған өлшеуірден индикатор түсі өзгергенге дейін сілті ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Бірінші титрлеуді шамамен жүргізіңдер, одан соң 2-3 рет титрлеңдер. Титрлеген ерітіндінің мөлшерін 3 рет есептеп арифметикалық ортасын табыңдар.
Қышқыл ерітіндісінің концентрациясын мына формула арқылы анықтаңдар:
V2C2 = V1C1
V2 – сілтінің көлемі (мл),
V1- қышқыл көлемі (мл),
C1-қышқылдың эквивалентінің молярлық концентрациясы,
C2-сілтінің эквивалентінің молярлық концентрациясы.
Еріген заттың эквивалентінің молярлық концентрациясын (нормальдық концентрация) және шынышақшадағы ерітіндінің салмағын біле отыра қымыздық қышқылының ерігіштігін мына формуламен есептеңдер:
% H2C2O4 = Mэкв (H2C2O4) ҺC2V2 Һ Vр Һ100/VaҺaҺ100
Va – титрлеуге алынған ерітінді көлемі, Vр – алдынғы тәжірибеден сұйылту көлемі, а – алдынғы тәжірибеден ерітінді массасы, Mэкв – эквиваленттің молярлық массасы.
3. Калий дихроматының ерігіштігін көлемдік әдіспен анықтау.
Жұмыстың орындалуы: Алдын ала алынған калий дихроматының 1 мл ерітіндісін 100 мл өлшеуіш құтыға құйыңдар. Белгіге дейін құтыны толтырыңдар да, оны араластырыңдар. Алынған ерітіндінің 5 мл көлемін 50 мл конус тәрізді құтыға құйып, 2 н 2-3 мл күкірт қышқылының және 1-2 мл 5% калий йодиді ерітіндісін қосыңдар. Бөлінген йодты 0,001 н натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлеңдер. Ерітіндінің түсі бозғылт түске ауысқанда, титрлеу соңында крахмал ерітіндісін қосыңдар, ерітіндінің түсі өзгергенге дейін титрлеуді жалғастырыңдар. Титрлеу мәліметтері негізінде калий бихроматының ерігіштігін мына формула арқылы анықтауға болады:
% K2Cr2O7= Мэкв (K2Cr2O7) ( С ( V1 ( V2 ( 100/Va( а ( 1000.
Тұздың еру жылуының мәні үлкен еместігі белгілі. (10 ккал/моль шамасында). Теңдеуден температураны жоғарлатқанда көптеген тұздардың ерігіштігі не себепті артатындығын түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет