ғ 31 жұмыс. Қышқылдық-негізік индикаторлардың көмегімен рН-ты анықтау
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығы (метилвиолет, метилоранж, паранитрофенол, фенолфталеин, сары ализарин, индигокармин), CH3COOH, CH3COONa, NH4OH 2 н ерітінділері, CH3COONH4 кристалдары, HCl, CH3COOH, NaOH, NH4OH 0,1 н ертінділері.
|
Кейбір заттар ортаның pН-на байланысты өз түсін өзгертеді, сондықтан олардың көмегімен ерітіндінің жуық мәнін анықтауға болады. Мұндай реагенттердің аты қышқылдық-негіздік индикаторлар деп аталады және олар әлсіз органикалық қышқылдар немесе негіздер болып келеді, олардың түсі диссоциацияланбаған күйдегі ионының түсінен өзгеше болады.
Ерітіндінің рН-ы өзгергенде әрбір индикатор өзінің түсін рН мәнінің сәйкес интервалында белгілі бір түске өзгертеді, бұл осы индикатордың ауысу ауданы деп аталады. Төменде берілген кестеде осы жұмыста қолданылатын индикаторлардың ауысу ауданы берілген. (Аналитикалық химияда қолданылатын индикаторлардың барлық типтері туралы толық мәліметтерді анықтамалық оқулықтан табуға болады. (Индикаторлар/Э.Бишоптың редакциялауымен 2 том-М:мир, 1976(.
Кесте
Индикаторды аталуы
|
рН-ты ауысу ауданы
|
Индикатордың түсі
|
Қышқылдық формада
|
Ауысу ауданында
|
Негіздік формада
|
Метилвиолет
|
1-3
|
көгілдір
|
күлгін
|
қызыл- күлгін
|
Метилоранж
|
3-4,4
|
алқызыл
|
қызыл-сары
|
сары
|
Паранитрофенол
|
5-7
|
түссіз
|
ашық-сары
|
сары
|
Фенолфталиен
|
8-10
|
түссіз
|
алқызыл
|
таңқурай
|
Сары ализарин
|
10-12
|
сары
|
қою сары
|
қызыл-сары
|
Индигокармин
|
12-14
|
көгілдір
|
жасыл
|
сары
|
Қышқылдық немесе негіздік ортада болғанына байланыссыз рН ауысу ауданынан төменгі шектегі ертінділердегі индикатор формасының ауысу ауданы оның қышқылдық формасы деп аталады, ал рН-мәні ауысу ауданынан жоғары шекте болса, онда сілтілік формасы деп аталады. Ауысу ауданының ішінде жатқан рН-мәндерінде ертіндінің түсі аралас болады, рН ортаға байланысты қышқылдық немесе сілтілік формаға жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |