Бейорганикалық химия практикумы


Ерітіндінің рН-ын әмбебап индикатор көмегімен анықтау



бет75/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Ерітіндінің рН-ын әмбебап индикатор көмегімен анықтау. рН-тың жуық мәнін анықтау үшін әмбебап индикаторларды қолдану қолайлы. Олар рН мәнінің кең интервалында ерітіндінің түсін өзгеретін бірнеше индикаторлар қоспасынан тұрады. Әмбебап индикаторы сіңірілген және кептірілген



Тексерілетін ерітінді

Әмбебап индикатордың түсі

рН

Тұз қышқылы







Сірке қышқылы







Натрий гидроксиді







Аммиак ерітіндісі







Су құбырының суы







қағаз әмбебап индикатор қағазы деп аталады. Әмбебап индикаторлар ерітінді түрінде де қолданылады.
Жұмыстың орындалуы: 0,1 н тұз қышқылы, сірке қышқылы, натрий гидроксиді, аммиак ерітінділерінің, сонымен бірге судың рН анықтаңдар. Нәтижелерді кестеге енгізіңдер.
Осы электролиттердің диссоциялану реакция теңдеуін жазыңдар.
Әмбебап индикаторлардың ортаның рН мәніне байланысты өзгеруінің түсі кестеде берілген.



рН

Түсі

рН

Түсі

1

Құлпынай түсті

6

Жасыл-сары

2

Күлгін-сары

7

Сары-жасыл

3

Қызыл-сары

8

Жасыл

4

Сарғыш-қызғылт

9

Көкшіл-жасыл

5

Сары

10

Сұрғылт-көк



ғ 32 жұмыс. Әмбебап иономердің көмегімен рН-ты электрометриялық анықтау

Сәйкес ионселективті электродтары бар әмбебап иономерлер жиынтығы, ерітінділердегі бір және екі валентті аниондардың және катиондардың активтілігін анықтау үшін (рХ мәндері), сонымен қатар тотығу-тотықсыздану потенциалдарын (Е мәндері) өлшеу үшін қажет. Қазіргі кезде әртүрлі елдердің атақты фирмалары түрлі маркалы иономерлер шығаруда. Қазақстанда рН-340; ЭВ-74; И-120; И-130 маркалы иономерлер және Ресейде, ТМД елдерінде шығарылатын иономерлер кеңінен таралған. Әмбебап иономерде рН мәнін өлшеу үшін сутекті шыны электродты





жүйе, (әрі қарай тек сутекті функциялы шыны электрод туралы айтылады) және 39-суретте сызбанұсқасы келтірілген көмекші (күміс хлорлы) электрод пайдаланылады. Шыны электрод түтіктен, оның ұшы өте жұқа шыны шариктен (1) жасалған. Шарикте рН мәні белгілі қышқыл

39-сурет.
Әмбебап иономер

ерітіндісі бар, ол хлоркүмісті электродқа батырылған (толық күміс хлоридімен қапталған күміс

сым). Күміс хлорлы электрод ішкі жанасу (3) рөлін атқарады және шыны электродтың (2) ішкі бөлігін толтыратын ерітіндімен электрлі байланыс жасайды. Электродты ерітіндіге батырғанда шарик бетімен (1) шыны электрод ерітінділердің арасында ион алмасу жүреді, нәтижесінде литий немесе натрий иондары шыны бетіндегі сутек иондарымен алмасады, шыны электрод сутекті электрод қасиетін көрсетеді. Шыны беті мен зерттейтін ерітінді арасында Ех потенциал айырымы пайда болады, оның мәні еріткіштегі сутек иондарымен және оның температурасымен анықталады. Бірақ шыны электрод бетінде пайда болатын Ех потенциалын өлшеу мүмкін емес. Сондықтан шыны электродты басқа белгілі және потенциал секірмесін жақсы көрсететін электродпен қосады. Мұндай электродтар көмекші электрод (4) немесе салыстыру электроды деп аталады. Әмбебап иономерде көмекші электрод ретінде күмісхлорлы электродтан (4), белгілі бір ыдыстан (8) және тесіктері бар электролиттік кілттен тұратын электрод қолданылады. Көмекші күмісхлорлы электродпен зерттейтін ерітіндінің арасындағы байланыс белгілі бір ыдыс (қаныққан KCl ерітіндісімен толтырылған) және шыны талшықты тығынмен аяқталады. KCl ерітіндісі арқылы тығынның шыны талшығы үздіксіз өтіп, зерттейтін ерітіндіден электродты жүйеге басқа ионның өтуіне кедергі жасайды.
Шыны беті және зерттелетін ерітінді арасында потенциал айырымы туады. Оның мәні ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясымен және оның температурасымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет