Бейорганикалық химия практикумы


б) Сынап (ІІ) комплексті анионының түзілуі



бет85/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

б) Сынап (ІІ) комплексті анионының түзілуі. 1-2 мл Hg(NO3)2 ерітіндісіне тұнба пайда болғанша сұйытылған КІ ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның жартысын алып, оған тағы да КІ ерітіндісінің артық мөлшерін қосып, тұнбаның еруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Комплексті қосылыстардың өздері жақсы еритін болса да, комплекс түзу реакциясы неліктен ерімейтін заттарда (AgСІ, НgІ2) жүреді? Тұрақсыздық константасының формуласын жазып, олардың мәнін анықтамадан тауып, ЕТ(AgСІ) және ЕТ(НgІ2) салыстырыңдар.


3. Ерітінді концентрациясының комплекс түзуге әсері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, кобальт (ІІ) хлориді мен калий тиоцианатының қаныққан ерітінділері, дистилденген су.

Сынауықтағы СоСІ2 қаныққан ерітіндісінің бірнеше тамшысына KCNS қаныққан ерітіндісін қосыңдар да, комплексті тұз түзілуінің салдарынан ерітіндінің көгергендігін байқаңдар.
Ерітіндіні араластырып екі сынауыққа бөліп алыңдар. Біреуін салыстыруға қалдырып, екінші ерітіндіге түсі өзгергенше жаймен дистилденген су құйыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Тұрақтылық константасы немесе тұрақсыздық константасының теңдеуін жазып, олардың мәнін кестеден табыңдар. Осы қосылыста кобальттың координациялық саны нешеге тең? Бұл кешен түзілу барысында гибридтенудің қандай түрі жүзеге асады және ол кеңістіктегі қандай конфигурацияға сәйкес келеді?


4. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы
Никель сульфатының ерітіндісіне біртіндеп аммиак ерітіндісін құйыңдар да, су молекулаларының (Nі(H2O)6(+2 дейін, аммиактың артық мөлшерінде (Nі(NH3)6(+2 дейін сатылап ауысуының салдарынан ерітіндінің түсінің өзгеруіне көңіл аударыңдар. Алынған ерітіндіні екіге бөліңдер: біреуіне қаныққан калий бромидінің ерітіндісін құйып, тұнба түзілуін байқаңдар (NіSO4 және KBr ерітінділері әрекеттескенде тұнба түзіле ме, тексеріңдер). Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар. Егер 300С температурада (Н=-19 ккал/моль, ал (S=-22 ккал/мольLград болса, (Nі(H2O)6(+2 + 6NH3 ((Nі(NH3)6(+2 + 6H2O реакциясы өздігінен жүре ме? Қандай параметр (Н немесе Т(S, осы реакцияның (G белгісін анықтайды? (Nі(H2O)6(+2 ((=10800 см) және (Nі(NH3) 6(+2 (( =8700 см) ыдырау параметрін біле отырып, осы комплекстердің қайсысы тұрақтырақ екенін түсіндіріңдер.
Алынған ерітіндінің екінші бөлігіне этилендиамин (NH2-СН2-CH2-NH2) құйыңдар да, реакция теңдеуін жазыңдар.
Nі+6NH3 ((Nі(NH3)6(2+ (G=-11,1 ккал/моль
2+ +3En ( (Nі(En)6(2+ (G=-24,36 ккал/моль
реакциясы үшін 300С температурадағы изабаралық- изотермиялық потенциалдың өзгерісін біле отырып, комплекстердің тұрақтылық константасының мәндерін есептеңдер. Неліктен этилендиаминді Nі2+ комплексі аммиакты комплекске қарағанда тұрақтырақ? (Nі(NH3)6(2+ комплексінің есептелген тұрақтылық константасын ескере отырып, құрамында (Nі(NH3)6(2+ (ЕКNіS=3,2L10-19) бар ерітіндіге аммоний сульфидімен әсер еткенде никель сульфидінің тұнбасы түзіле ме? Тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Бұдан басқа (Nі(NH3)6(2+ + 3En ( (Nі(En)6(2+ + 6NH3 реакциясы үшін (G 300С-да 13,26 ккал/моль, а(Н=-6 ккал/моль біле отырып, энтропияның өзгеруін анықтаңдар. Энтальпиялық немесе энтропиялық фактордың қайсысы реакция бағытын анықтайды және ол неге байланысты? En(NH2-СН2-CH2-NH2) бидентантты лиганд екенін ескеріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет