ғ 51 жұмыс. Галогенид иондардың тотықсыздану қасиетін қарастыру
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қорғасын диоксиді, жоса (Pb3O4), тұз қышқылы (конц.), калий бромиді, бензол, калий йодиді, күкірт қышқылы (конц.), темір хлориді (ІІІ), крахмал.
|
1.Сынауыққа қорғасын диоксидінің немесе жосаның аз мөлшерін салып, концентрлі тұз қышқылын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2.Калий бромидінің ерітіндісіне күкірт қышқылының, калий перманганатының және бензолдың бірнеше тамшысын қосыңдар. Сынауықты сілкілеп араластырып, байқағандарыңды түсіндіріңдер.
3. Калий йодиді ерітіндісінің бірнеше тамшысына абайлап концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын қосыңдар. Қандай зат бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне 2-3 тамшы крахмал және калий йодидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Галогенид-иондардың тотықсыздану қасиеттері F-, Cl-, Br-, І- қатары бойынша қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін аяқтаңдар.
NaF + H2SO4 конц. =
NaCl + H2SO4 конц. =
NaBr + H2SO4 конц. =
NaІ + H2SO4 конц. =
Галогенсутек қышқылының тұздарына концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде жүретін әртүрлі процестерді қалай түсіндіруге болады?
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
1.Хлорлы темір синтезі
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: темір үгінділері, бос хлор, көміртек (ІV) оксиді, Кипп аппараты, шайғыш, жанарғы, күйдіргіш натр ерітіндісі бар стақан, құйғы.
|
Ұнтақ, сым немесе үгінді түріндегі темірді төрт бөлікті түтіктің бірінші бөліміне салып, 300-4000С-та оның үстінен мүмкіндігінше құрамында оттек жоқ бос құрғақ хлорды жіберіңдер (45 сурет).
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
|
45-сурет. Жеңіл ұшқыш хлоридтерді алу:
1 күкірт қышқылы құйылған көпіршіктерді есептегіш, 2 хлорланатын зат, 3 хлорлауға арналған түтік, 4 - өнімнің бітелетін орны.
|
Реакцияның жылуымен темір қызады (хлордың ағыны үздіксіз болу қажет). Түзілген темір (ІІІ) хлориді FeCl3 күлгін
түсті қара жапырақ тәрізді түрде түтіктің 2-ші бөлігіне айдалады. Сонымен қатар түтіктің жіңішке бөлігін жаңарғымен қыздыру керек, онда темір (ІІІ) хлориді жиналып және тығындалып қалуы мүмкін. FeCl3 тазарту үшін оны хлор ағынында бітелетін түтіктің 3-ші бөліміне 2500С-да айдайды. Хлорды жою үшін бітеудің алдында түтік арқылы көміртек (ІV) оксидін жіберген дұрыс. Темір хлориді ылғалданғыш, сондықтан оны ұшы бітелген ыдыста сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |