Алюминийдің қосылыстары мен қасиеттер.
Алюминийді 1825 жылы металды түрде Эредет деген ғылым алған. AI табиғатта кеңінен таралған элемент,жер қыртысы массасының 8%-ке жуық алюминийдің үлесіне келеді.Ол актив металл болғандықтан тек қосылыстар түрінде кездеседі. AI2O3 (корунд,рубин,санфир) ортоклаз KAISi3O10 және т.б.
Таза AI күміс сияқты ақ түсті, жеңіл өте созылғыш металл. Балқу температурасы 6000С. Алюминий атомының электрондық құрылысы 3s23p1
.
Химиялық қасиеттері
Алюминий күшті тотықсыздандырғыш. Ол оттекпен оңай тотығады.
4AI + 3O2→ 2AI2O3
Ауада алюминий бірден тотығып AI2O3 оксид қабыршағымен қапталып коррозиядан қорғалады. Егер алюминийдің үстінен оксид қабыршағын алып тастаса, онда алюминий сумен тез әрекеттесіп сутегін бөліп шығарады.
2AI + 6HOH →2AI|OH|3 + 3H2
Қалыпты жағдайда алюминий галогендермен әрекеттесіп тұздар түзеді.
2AI +3CI2 →2AICI3
Алюминий қосылыстары.
Алюминий оксиді Алюминий көп металдарды оксидтерінен тотықсыз-дандырады.
3Fe3O4+ 8AI →4AI2O3 +9Fe
Алюминий оксиді амфотерлі қосылыс болғандықтан қышқылдармен де сілтілермен де әрекеттеседі.
AI2O3 +6HNO3 →2AI(NO3)3+3H2O
AI2O3 +2KOH→2KAIO2+H2O
Калий алюминаты
Алюминий гидроксиді AI(OH)3 полимерлі зат. Лабораторияда AI(OH)3 алюминий тұздарының сілтілермен реакцияласуында түзіледі, ол клейленген коллоидтық күйде болатын зат.
AI2(SO4)3 + 6KOH → 2AI(OH)3↓ + 2K2SO4
Aалюминий гидроксиді амфотерлі қосылыс, сондықтан қышқылдармен де негіздермен де әрекеттеседі.
AI(OH)3 + 3HCI→AICI3 + 3H2O
AI(OH)3 + NaOH→Na|AI(OH)4|
Натрий алюминаты.
Алюминий тұздарының ішінде маңыздылары:
1. AICI3 - бұл тұз алюминий хлормен тікелей әрекеттескенде түзіледі. Органикалық синтезде катализатор ретінде тұтынылады.
2. Алюминий сульфат AI2(SO4)3 18H2O күкірт қышқылымен (таза саз) арасындағы реакциядан түзіледі.Су тазалауда,қағаз өндірісінде қолданылады.
Алюминий ашудасы KAI2(SO4)2 12H2O көп мөлшерде тері илеуде мата бояуда қолданылады және медицинада қан тоқтатушы зат ретінде қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1. Көміртектің қосылыстары.
2. Алюминий.Қосылыстары. Қасиеттері
3. Көмір қышқылының тұздарын тұз алудың жалпы әдістерімен алуға боладыма?
4. Алюминий тұздарының ішінде маңыздылары
Достарыңызбен бөлісу: |