«Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» пәнінен дәрістер жинағы Әдістемелік нұСҚау шымкент, 2015 ж


Лекция-7. Тотығу –тотықсыздану реакциялары.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері.Молекула ішіндегі ТТР-ры



бет9/20
Дата28.05.2022
өлшемі1.65 Mb.
#458753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
бейорг

Лекция-7. Тотығу –тотықсыздану реакциялары.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері.Молекула ішіндегі ТТР-ры.
Өзіндік тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Жоспар:


          1. Тотығу –тотықсыздану реакциялары.

          2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері.

          3. Молекула ішіндегі ТТР-ры.

          4. Өзіндік тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тотығу-тотықсыздану процестері табиғатта кеңінен таралған және тірі организм тіршілігінің негізін құрайды, себебі онымен зат алмасу, дем алу, ашу, шіру, өсімдіктегі фотосинтез процестері байланысты. Техникалық тотығу-тотықсыздану процестеріне отынның жануы, металдардың алынуы және т.б. жатады.Мұнымен қатар, тотығу-тотықсыздану реакциялары табиғаттың өзіне және адамдарға, оның өмір сүру ортасын уландыру арқылыорасан зиян келтіреді, мысалы, тоғайдағы өот, отынды жағудағы азоттың тотығуы, улы заттардың бөлінуі, процестің қайтымсыз жүруі сияқтылар.


Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру


Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерекше жағдайлары

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ертінді ортасына байланысты жүруі


Тотығу-тотықсыздану реакциялары деп электрондардың бір бөлшектерден екіншісіне ауысуымен байланысты жүретін реакцияларды айтады, яғни әрекеттесуші молекулалар құрамына кіретін элемент атомдырының тотығу дәрежесінің өзгеруі.
Тотығу дәрежелері. Тотығу дәрежелерінің өзгеруі электрон алмасу кезіндегі немесе электрондардың электртерістілігі жоғары атомдар жағына ығысуынан болады. Жай және күрделі заттардағы элементтердің тотығу дәрежелері нөлдік, теріс және оң болады да, сандық мәндері тұтас және бөлшек шама болуы мүмкін. Тотығу дәрежесі элемент символының жоғары жағына жазылады.
Алғаш рет тотығу-тотықсыздану реакцияларын зат құрылысының электрондық теориясы арқылы түсіндірген орыс ғалымы Л.В.Писаржевсий болды. Тотығу-тотықсыздану реакциялары қазіргі заман теориясының негізгі қағидалары мынандай ұғымдарға келтірілген: тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу, тотықсыздану.
Электрон беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі- тотықсыздану болады.
Атомдары не иондары электон қосып алатын заттар тотықтырғыш деп – тотықсыздану өнімі деп аталады. Мысалы:

Cuo-2e Cu2+,


2Br 2e Br2o,
Fe2+-1e Fe3+

Тотықсыздандырғыш қанша электрон бергенін және тотықтырғыш қанша электон қабылдағанын білу үшін, тоығу дәрежесінің өзгеру шкаласын қолданған ыңғайлы.


Тотығу (тотығу дәрежесі өседі)

-4 -3 -2 -1 0 +1 +2 +3 +4 +5


Тотықсыздану (тотығу дәрежесі кемиді)

Тотықсыздандырғыштың берген электрон саны, шкала бойынша солдан оңға қарай бөлік санына тең.


Мысалы:S2—S+6,-2 мәнінен +6 –ға дейін сегіз бөлік, яғни
S-2+8 ē S+6
Тотықтырғыштың қосып алған электон саны, шкала бойынша оңнан солға қарай бөлік санына тең.
Мысалы:СІ+7-СІо,+7 мәнінен о-ге дейін 7 бөлік, яғни
СІ+7+7 ē СІо.

Тотығу-тотықсыздану-біртұтас бір –біріне тығыз байланысты процесс.


Бейтарап атомдардың тотығу-тотықсыздану қасиетін оның Д.И.Менделеевтің периодтық жүиесіндегі орнына қарай анықтауға болады. Период бойынша солдан оңға қарай элементтердің тотықсыздандырғыш қасиеті төмендейді, тотықтырғыш қасиеті артады. Топ бойынша жоғарыдан төмен тотықсыздандырғыштық қасиеті өсіп, тотықтырғыштық кемиді.

Тотығу- тотықсыздану реакцияларының типтері


Барлық мүмкін болатын тотығу- тотықсыздану реакциялары үш типке бөліп қарастыруға болады.
1.Атомаралық және молекулааралық тотығу- тотықсыздану реакциялары әр түрлі атомдардың , иондардың, молекулалардың арасында электрон ауысуының нәтижесінде жүреді. Бұл ең жиі кездесетін реакциялар.
Мысалы: қоңыр түсті марганец диоксилдін тұз қышқылының ертіндісіне салғанда, еріп түссізденеді: өткір иісті газ – хлор бөлінеді:
+4 -1 +2 o
MnO2+HCI MnCI2+CI2+H2O

Бұл реакциялардағы коэффиценттнрді табу үшін екі әдісті де пайдаланамыз:


Mn+4+2e Mn2+ MnO2+4H+2e Mn2++2H2O
2CI-- 2e CIo2
бөлінген Mn2+ иондарын байланыстыру үшін тағы да 2НСІ қажет.Енді реакция теңдеуін келесідей жазамыз
MnO2+4HCI MnCI2+CI2+2H2O

2.Молекула ішіндегі тотығу- тотықсыздану реакциялары екі түрлі атомның бірінен-біріне электрон бұлтының ауысуынан болады. Көбіне мұндай реакциялар күрделі заттардың ыдырауына сай келеді. Мәселен, Бертолле тұзының ыдырауы:


KCIО3 KCI+O2

Баяу қыздырған бұл тұз өзгеріске ұшыраған оттекті және калий хлоридін түзеді. Тотықтырғыш тотықсыздандырғыштың алдындағы коэффицент бірдей болғандықтан теңестіру коэффицентін табарда атомдардың арақатынасын молекуладағыдай етіп алады СІ:О=1:3


С І+5+6е СІ- 6 2 -тотықтырғыш


:3
-2-6е 3/2О2 6 2 -тотықсыздандырғыш

2KCIО3 2KCI+3O2


3.Өзіндік тотығу-тотықсыздану немесе диспропорциациялану реакциялары бір ғана атом түрінің тотығып, әрі тотықсызданудан шығады. Мұндай реакция жүру үшін дисоциацияланатын атомның тотығу дәрежесі аралық күйде болуы керек,сонда ғана ол өзі тотығып әрі тотықсыздана алады.
Мысалы, жасыл түсті KMnO4 судағы ертіндісін қыздырғанда одан күлгін түсті KMnO4 түзіледі, әрі қоңырқай түсті KMnO4 тұнба түседі.Сонымен қатар бастапқы бейтарап орта күшті негізді ортаға айналғандықтан индикатормен анықтауға болады.
+6 -2 +7 +4 -2
K2MnO4+H2O KMnO4+MnO2+KOH

2 Mn+6-1e Mn+7 2 MnO42—1e MnO41-


1 Mn6+-1e Mn4+ 1 MnO42 +2H2O+2e MnO24++4OH

Екі коэффиценттің бір молекуланың алдына қойылатынын ескеріп, оларды өзара қосып ортақ коэффицент табамыз.


3K2MnO4+2H2O 2KMnO4+MnO2+4KOH
Бақылау сұрақтары:
1. Молекула ішіндегі тотығу- тотықсыздану.
2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру
4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерекше жағдайлары
5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ертінді ортасына байланысты жүруі


Лекция-8. Тотығу- тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру. Тотығу–тотықсыздану реакцияларының ертінді ортасына байланысты жүруі. Электрондық баланс әдісі. Иондық –электрондық әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет